10 - 11 сынып оқушыларының ата - аналарына арналған. » Соцжол орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 10 - 11 сынып оқушыларының ата - аналарына арналған.
06
ноябрь
2023

10 - 11 сынып оқушыларының ата - аналарына арналған.

10–11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН


3 САБАҚ

Сен жанбасаң лапылдап...

Балаға өз бейімділігін табуға қалай көмектесуге болады


Сабақ:

* жасөспірімнің мамандық таңдауында ата-ана тап болатын қиындықтарды азайтуға, 

* жасөспірімнің бейімі мен қызығушылығын анықтауға,

* ата-аналар мен жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектеседі. 


Сабақтың мақсаты: ата-аналардың баланың өзін-өзі көрсетуіне дайындығын дамыту.


Міндеттері

  1. Мамандық таңдау кезінде балаға қолдау көрсетуі үшін ата-ананың мықты уәжін қалыптастыру.
  2. Ата-аналардың өз кәсібін іздеу кезеңінде баланы қолдау әдістері мен шарттары туралы тұрақты түсініктерін қалыптастыруға ықпал ету. 
  3. Баланың жеке тұлғасының ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, қабілеттерін анықтау дағдыларын дамыту.


Жалпыадамзаттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:

* Патриотизм. Адамдарға қызмет ету.

* Тәуелсіздік. Уақытша сәтсіздіктерге төзімділік. Еңбекқорлық. Өзіне деген сенімділік.


Сабақ жоспары

1.         Сабақ нысаны (әңгіме, практикалық сабақ)

2.         Сабақ жоспары: 

2.1.      Сабақтың мақсаттары, міндеттері;

2.2.      Жалпыадамзаттық құндылықтар

2.3.      Сабақтың негізгі бағыттары

2.4.      Дәйексөз;

2.5.      «Қабілет» және «Өзін-өзі көрсету» терминдерінің мазмұнын ашу;

2.6.      Ата-аналарға арналған шығармашылық тапсырма.  "Менің балам – ол қандай?» 

2.7.      «Тұлға түрін анықтау» тестін орындау және нәтижелерді түсіндіру;

2.8.      Темперамент түрі мен кәсіби бағытталудың арақатынасы;

2.9.      «Жаңа мамандықтар мен құзыреттердің атласы»;

2.10.    Жоғары сынып оқушысының болашағын анықтауына кедергі болатын «Көрінбейтін тұзақтар». Бейнеролик көру;

2.11.    Қазақ мақал-мәтелдерін талқылау;

2.12.    Ата-аналарға арналған жаднама (үлестірме материал);

2.13.    Мамандық таңдауға арналған қосымша сынақтардан өту үшін сайттың ұсыныстары (қосымша материал);

2.14.    Мамандық таңдауға арналған кітаптарға қысқаша шолу (9 кітап); (қосымша материал)

2.15.    "Арманды мақсатқа айналдыру технологиясы" тренингі, (қосымша материал);

2.16.    Дифференциалды-диагностикалық сауалнама (ДДС), (қосымша материал); 

2.17.    Адам типін анықтау тесті, (қосымша материал);


Сабақтың ұзақтығы – 45 минут


Уақыты

Сабақтың мазмұны

Ресурстар


1-слайд. Сен жанбасаң лапылдап…

2-слайд. 

Сабақ

* жасөспірімнің мамандық таңдауында ата-ана қиындығын азайтуға, 

* жасөспірімнің бейімі мен қызығушылығын анықтауға,

* ата-аналар мен жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға 

көмектеседі. 


Сабақтың мақсаты: ата-аналардың баланың өзін-өзі көрсетуіне дайындығын дамыту.


Міндеттері: 

  1. Мамандық таңдау кезінде балаға қолдау көрсетуі үшін ата-ананың мықты уәжін қалыптастыру.
  2. Ата-аналардың өз кәсібін іздеу кезеңінде баланы қолдау әдістері мен шарттары туралы тұрақты түсініктерін қалыптастыруға ықпал ету. 
  3. Баланың жеке тұлғасының ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, қабілеттерін анықтау дағдыларын дамыту.


Жалпыадамзаттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:

* Патриотизм. Адамдарға қызмет ету.

* Тәуелсіздік. Уақытша сәтсіздіктерге төзімділік. Еңбекқорлық. Өзіне деген сенімділік.



3-слайд. 

Сабақ барысында не туралы айтамыз?

1.         Бейімділік – өзіңді көрсетудің негізі.

2.         Өзіңді көрсетудің кілті - темпераменттің, мүмкіндіктің, мінездің ерекшелігін ашу. 

3.         Балаға өз табиғатына лайық мамандықты анықтауына қалай көмектесуге болады?

4.         Жоғары сынып оқушысының болашағын анықтауына кедергі болатын «Көрінбейтін тұзақтар".

5.         Бойыңдағы бейімділікті дәл табу - бақыт пен өмірлік табыстың негізі. 



4-слайд. 

"Тілалғыш бала" жаттығуы

Сабаққа қатысқан ата-аналарды екі топқа бөлу. Топтарға олардың жас кезінде мамандық таңдағанда кездескен жағдайлар туралы сөйлесіп, ортаға салу ұсынылады.


1-топ ата-аналарды қорғайды. «Мен мамандықты ата-анамның кеңесі бойынша таңдадым және  оған өкінбеймін».


2- топ ата-аналарының кеңесі бойынша мамандық таңдағанына өкінеді. "Мен мамандық алдым, жұмыс істеймін, бірақ әр жұмыс күні мен үшін азап".


Топта талқылау уақыты-5 минут.

әр топтан сөйлейтін спикердің уақыты-2 минут.


5-слайд .

Қалай ойлайсыз: бірінші жағдайда ата-аналардың кеңесі неге дұрыс және пайдалы болды, ал екінші жағдайда неге адам өміріне азап әкелді?



6-слайд.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де - бір кірпіш, дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан!

Абай

Абай «сен де бір кірпіш» деп, нені айтқысы келді?



7-слайд.

Бейімділік — адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Бейімділік әрекеттің бір саласына (сурет, музыка т.б.) әуестенушіліктікөрсетеді. Бейімділікті баланың бойында қандай да бір қабілеттің барлығын білдіретін белгі деуге де болады. Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктер оның келешек қабілетінің көрсеткіші болып табылады.



8-слайд.

Өзіңді көрсету – бойыңдағы қабілетті, дарынды сыртқа шығару. Өзіңді жан-жақты ашу,  мүмкіндігіңді елге көрсету. 



9-слайд.

Ата-аналарға арналған шығармашылық тапсырма

«Менің балам– ол қандай?»

Таза қағазға үш баған сызып, бірінші бағанды «Темпераменті», екінші бағанды «Мүмкіндігі», үшінші бағанды «Мінез-құлқы» деп белгілеңіз. 

Өз балаңыздың қандай екені туралы ойланып, тиісті бағанға жазыңыз. 



10-слайд.

Мектеп бітіруші түлектер арасында ҰБТ бойынша негізгі пәнді таңдағанымен, әлі де қай мамандықты таңдарын білмей жүргені көп болар. Оқушылар мен ата-аналарға көмек ретінде белгілі психофизиолог, психология ғылымдарының докторы Е.А.Климовтың көпке көмегі тиген тәсілін ұсынамыз. 

Баланың қабілет-қарымы, қызығушылығымен қатар, бұл тәсілге де жүгініп көру артық болмас. 

  1. АДАМ-адам 

Қандай мамандықтар кіреді? Адамдармен ұдайы қарым-қатынаста болатын, оқыту, үйрету, қызмет көрсету салаларының мамандықтары. Дәрігер, педагог, бала тәрбиешісі, банк қызметкері, сатушы, халыққа қызмет көрсету (ХҚКО) мен жұмыспен қамту және психологиялық, медициналық орталықтарының қызметкерлері, әсемдік салон мамандары (шаштараз, тырнақ әрлеуші, визажист) т.б.

Кім таңдағаны дұрыс? Бұл мамандықтарды мінезі ашық, кез келген адаммен тез тіл табыса алатын, коммуникативті қабілеті бар, өзгені тыңдай білетін, әрбір адамның жеке қарымына қарай ұсыныс айта алатын, эмоциональды ұстамды, сабырлы, өзгені мақтай білетін оқушылар таңдаса карьерада өседі. 

  1. АДАМ-табиғат 

Қандай мамандықтар кіреді? Ветеринар, биолог, эколог, агроном, технолог, ауыл шаруашылы мамандары т.б. 

Кім таңдағаны дұрыс?

Адамдардан гөрі табиғатты, жан жануарларды жақсы көретін, мейірімді, көпке сырын айта бермейтін, көп ортасында емес, оңаша жүргенде өзін еркін, ыңғайлы сезінетін, әңгімеге шорқақтау оқушылар таңдаса, жетістікке жетеді. Өзгені оқытқан емес, өз бетінше оқып ізденгісі келетін балалар бұл салаларда ғалым дәрежесіне дейін көтеріле алады дейді психолог Е.А. Климов. 

  1. АДАМ-техника 

Қандай мамандықтар кіреді? SMM, копирайтер, инженер-конструктор, механик, ұшқыш, жүргізуші, программист т.б. 

Кім таңдағаны дұрыс?

Уақытының көп бөлігін компьютер алдында өткізетін, есепке жүйрік, адамнан гөрі техникалық құралдар мен аппараттардың тілін жақсы түсінетіндер таңдағаны дұрыс.  

  1. АДАМ-көркем 

Қандай мамандықтар кіреді? Суретші, әртіс, актер, декоратор, әнші, биші, дизайнер, аспаз т.б. 

Кім таңдағаны дұрыс?

Шығармашылыққа, өнерге жақын, әсемдікке әуес, заттарды басқа қырынан көре білетін позитивті, креативті ойлайтын оқушылар таңдаса да аз уақытта-ақ танымал тұлғаға айналуы мүмкін. 

  1. АДАМ-белгі 

Қандай мамандықтар кіреді? Математика, физика пәні мұғалімдері мен оқытушылары, бухгалтер, композитор, архитектор, аудармашы, редактор т.б. 

Кім таңдағаны дұрыс?

Сандар, әріптер, формулалар және ноталардың тілін жылдам түсіне білетін, есте сақтау қабілеті жақсы дамыған оқушылардың бұл салаларда шығар шыңы биік болады. 

Сонымен, сіздің мінез-құлқыңызға қай мамандық сай келеді екен?



11-слайд.

Темперамент түрлерінің сипаттамасы


Айзенк шеңбері

Меланхолик

Флегматик

Холерик

Сангвиник

Кінәмшіл

Енжар

Ызақор

Көпшіл

Мазасыз

Ынталы

Желікпе

Ашық

Ерегеспе

Ойлы

Озбыр

Әңгімешіл

Көңілшек

Бейбіпшіл

Қызба 

Қарапайым

Керітартпа

Бағытталған

Оптимист

Еті тірі

Тұйық

Сенімді

Озық

Уайымсыз

Ұстамды

Қалыпты

Белсенді

Жайлылықты ұнатады


Салмақты 


Бастамашыл



12-слайд.

Сангвиник әлеуметтік құзыреттіліктерді меңгерген. Оның күшті жағы – өзіне елдің назарын аударып, әңгімелесушіні қызықтыра алады. Ол адамдармен қарым-қатынас орнату, оны сақтау мәселесін жетік біледі. (Психолог, кәсіпорын директоры, орта немесе жоғары буын менеджері, мұғалім, іс-шара ұйымдастырушы).

Меланхолик ұсақ-түйектің өзін көре алады. Оның басқа күшті жақтары – ұқыптылық пен жүйелілік. Ол күрделі мәселелерді салқынқандылықпен ақыл таразысына сала алады. Сол себепті нақтылықты қажет ететін салалар үшін олар таптырмайтын маман. Мысалы: бухгалтер болуы мүмкін.

Холерик – мақсаты айқын, белсенді, тәртіпті, бірақ ашуланшақ. Ол қиындықтардан қорықпайды, тез шешім қабылдап, қорытынды жасай алады. Егер олардың бойында сангвиникке тән қасиеттер болса, басшылық лауазымдарға өте жақсы. (Репортер, журналист, дипломат, хирург, кәсіпкер, режиссер, тергеуші, геолог және суретші).

Флегматик жан-жақты құзыретті адам, оған сенуге болады. Ол әкімшілік дағдыларға ие және қысым көрсеткенге көнбейді. Сондай-ақ күнделікті тапсырмаларды орындаған кезде ұқыпты. Флегматикалық тұлғасы бар адам – делдал лауазымы үшін тамаша үміткер. (Дәрігер-терапевт, бас бухгалтер, ғылыми қызметкер, экономист).



13-слайд.

Сахналық көрініс. 

Тыңдаушылардың үшеуі ұл мен оның екі досының немесе құрбысының рөлін ойнайды. 

Көрермендер жағдайды шешудің ықтимал нұсқалары туралы өз пікірлерін айтады.

Жағдай

Ата-аналар ұлын мықты университетке түсуге көндіреді. Ата-анасының Университет басшылары арасында өте ықпалды ықпалды достары бар. Ұлы болса, мүлдем басқа университетке, басқа мамандыққа, ең бастысы, оқуға тамыр-таныссыз түскісі келеді. Өкінішке орай, ол аса білімді емес, өз бетінше оқуға түсу мүмкіндігі аз.

Ата-ананы қолдаушылардың дәйектері

Көпшілік осылай жасайды.

Ата-анамен ренжісудің керегі жоқ.

Достары оны сөз қылмайды, мүмкіндік болса, олар да таныстарын пайдаланады

ЖОО әскери кафедра бар, әскерге барудың қажеті болмайды. 

Білімі төмен болғандықтан көмек бермесе қиын болады. 

Ата-ананы қолдамайтындардың дәйектері

Ұлға бұл мамандық ұнамайды. 

Мүмкін балаға мектепті бітіргенше оқуға тырысу керек шығар?

Ол ержеткен бала, сондықтан өз болашағын ата-анасынсыз өзі шешкені дұрыс. 

Кейінірек баланың тамыр-таныстықпен бітіргенін біреулер біліп қойса, не болады? 

Ұлдың сабақ үлгерімі төмен болса не істейді? Пара берем бе? Өтініш айта ма

Талқылау



14-слайд.

Мамандық таңдау – болашағыңды айқындайтын факторлардың бірі. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, оқушылардың 87% мамандықты ата-аналары немесе мұғалімдерінің ықпалымен таңдайды. Бұл ретте ата-аналардың 75% өз балаларының қандай мамандық таңдағысы келетінін білмейтінін мойындайды.

 Оқушылар мен ата-аналардың 90% еңбек нарығында қандай мамандықтардың көбірек сұранысқа ие екенін білмеуі жағдайды қиындата түседі.

2019 жылы Қазақстанда «Жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы» жасалды, онда 5-10 жылдан кейін қандай мамандықтардың сұранысқа ие болатыны болжаммен берілген. https://www.enbek.kz/atlas

Еңбек нарығындағы жағдай тез өзгеруде және жақын арада қандай мамандықтардың сұранысқа ие болатынын білу өте маңызды. Онда тоғыз сала бойынша 463 мамандық туралы ақпарат бар: тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ өнеркәсібі, IT-технологиялар, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, энергетика, туризм және құрылыс. «Жаңа мамандықтар мен құзіреттер атласы» халықаралық тәжірибеге сүйене отырып экономикадағы өзгерістерге барынша әсер ететін әлемдік алты трендті негізге ала отырып жасалған. Бұл роботтар мен ақылды жүйелерді енуі, цифрландыру мен деректерді қолдану аясының кеңеюі, шикізат қорларының сарқылуы, экологиялық нормаларды қатаңдату, Y және Z буындары өкілдерінің еңбек нарығындағы жаңа талаптарының пайда болуы, халықтың тұтынушылық қалауының өзгеруі.

Сіздер, құрметті ата-аналар, балаларыңыздың жеке тұлғасының темпераменті мен қасиеттерін, оның қандай мамандыққа ие екенін анықтағаннан кейін, Атласқа жүгініп, өзіңізге қажет саланың балаңызға сәйкес келетін, алдағы 5-10 жылда сұранысқа ие болатын мамандықты таңдай аласыз.



15-слайд.

Казахстандағы сұранысқа ие мамандықтар тізімі


9 минут

16-слайд.

Өз жолын таңдауда жоғары сынып оқушысының алдынан шығатын «Кедергілер» туралы Марина Романенко айтып береді. Бейнеролик. Марина Романенко - тәжірибелі психолог, сертификатталған халықаралық деңгейдегі коуч, (ICF), балаларға білім, тәрбие беру және қарым-қатынас жасау саласы бойынша сарапшы. «Кәсіби ата-аналар мектебінің» авторы және жүргізушісі.https://www.youtube.com/watch?v=51WrG0xtPiI



17-слайд.

Жар таңдау мен мамандық таңдауда қателеспеген адамды нағыз бақытты жан деп жатамыз. Демек, жаның қалаған жұмысты жасау - жартылай бақыт деген сөз. Олай болса, мамандық таңдау бақытыңның жартысын іздеу. Өзі ұнататын іспен айналысқан адам өзіне де, әлемге де сүйіспеншілікпен қарайды. Өзі ұнатып істеген жұмыстан бақытын табады. Ата-анаға баласының бақытын көргеннен артық қандай қуаныш бар?! Төмендегі халық даналығы, мақал-мәтелдер соның айқын дәлелі емес пе?! 


Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес.


Көңілсіз бастаған іс көпке бармайды. 


Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді. 


Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, мақалдардың мазмұнын талдау. 

1.         Бір-біріне қатысы жоқ еңбек, жан, махаббат ұғымдары мақал мәтелдерде неге бірігіп кеткен? 

2.         Сіздің жаныңызға қай мақал жақынырақ және түсінікті? 



18-слайд.

Сабақта ата-аналарға арналған жаднама жасаңыз. 

Тренер  төмендегі тізімге өз ұсыныстарын қоса алады:

  • Балаңызға мамандық таңдауға еркіндік беріңіз. 
  • Баламен бірге таңдалған мамандықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылаңыз. 
  • Болашақ мамандық таңдауда тек материалдық емес, моральдық қанағаттану тұрғысын да қарастырыңыз. 
  • Мамандық таңдағанда балаңыздың жеке қасиеттерін ескеріңіз. 
  • Мамандық таңдауда келіспеушіліктер болса, мамандармен кеңесіңіз. 
  • Мамандық таңдауда балаға қысым жасамаңыз, қақтығыс әдетке айналуы мүмкін. 
  • Баланың арманы орындалуы үшін оған қолдау көрсетіңіз.  
  • Егер балаңыз таңдау жасауда қателессе, ұрыспаңыз, қатені түзетуге болады. 
  • Балаңыз қандай да бір мамандыққа қызығушылық танытса, оны әдебиет, үйірме сабақтары, мамандармен кеңесу арқылы қолдаңыз. 
  • Балалар ата-анасының жұмысқа деген көзқарасын қабылдайтынын ұмытпаңыз.



19-слайд.

"Гуманитарлық технологиялар" тестілеу және дамыту орталығы 1996 жылы М. В. Ломоносов атындағы ММУ психология факультеті базасында құрылды. Ғылыми жетекшісі - психология ғылымдарының докторы, профессор А.Г.Шмелев.

Тиімді әдіснамалық қағидаттарға сәйкес білікті мамандар құрастырған тесттердің мамандық таңдауда көмегі зор. 

Мына сайттан https://proforientator.ru/tests/ мамандық таңдауға қатысты көптеген тегін тестер таба аласыз. Сондай-ақ, мамандықтар мен оқу орнын таңдау үшін кеңейтілген диагностика мен сарапшы психологтің кеңесін қамтитын ақылы қызметтер бар. «Ата-аналарға арналған» тестерден өту ұсынылады. Тест қорытындысын алуға болады.  https://proforientator.ru/profline/test/bf6efe998697d3af05bec2e93202a2db

Ата аналарға балаларының тестен өтуін қадағалауға тапсырма беріңіз. 

https://proforientator.ru/profline/test/e79b0f78687316c17d66ff3979f5c21c

Содан кейін нәтижелерді салыстыруға болады. Бұл балаңызды оның қызығушылығын, қалауын қаншалық жақсы білетініңізді көрсетеді. Қандай да бір қауіптің алдын алуға көмегі тиюі мүмкін. 

Мүмкін сізді немесе балаңызды басқа тестер қызықтыратын шығар. Бәлкім сізге дұрыс таңдау жасауға сол тестердің нәтижелері көмектесіп қалар. Егер солай болса, ой-пікірлеріңізді басқа тыңдаушылармен бөлісіңіз. 



20-слайд. Мамандық таңдауға көмек ретінде төмендегі кітаптарды ұсынамыз. (Қосымша материал)


«Ваше предназначение. Практическое руководство для тех, кто хочет реализовать свой потенциал» – Роберт Стивен Каплан

Автор туралы.Роберт Стивен Каплан – Гарвард университетінің профессоры 



«Найти своё призвание. Как открыть свои истинные таланты и наполнить жизнь смыслом» – Кен Робинсон

Автор туралы. Кен Робинсон – адам капиталын дамыту саласы бойынша маман

Аудиокітап

https://www.youtube.com/watch?v=GI4v1zC9nYc


«Между надо и хочу. Найди свой путь и следуй ему» – Эль Луна

Автор туралы. Суретші, дизайнер және жазушы. Бірде мақала жазғаннан кейін, Эль Луна "Бұл мақала менің өмірімді өзгертті" деген мағынада көптеген жауаптар алды. Оның кітабы – «Между надо и хочу» теориясының егжей-тегжейлі экспозициясы.


«Эссенциализм» – Грег Маккеон

Автор туралы. Жазушы және бизнес-тренер (Google-ден бастап Facebook-ке дейінгі алдыңғы қатарлы компаниялардың бәрінде сабақ берген).



«О чём мечтать. Как понять, чего хочешь на самом деле, и как этого добиться» – Барбара Шер


Автор туралы. Автор адамдардың арман, мақсаттары, оған жету жолындағы талпыныс туралы жазады. 


«Твоя вторая жизнь, или Шанс всё изменить» – Рафаэлла Джордано

Автор туралы. Рафаэлла Джордано. Тек жазушы ғана емес, сонымен қатар жаңашыл коуч.



Викулина Н.: Призвание: Как найти себя во взрослой жизни

https://www.marwin.kz/detskaya-i-podrostkovaya-psihologiya/vikulina-n-prizvanie-kak-1408402-1408402.html

Автор туралы. Мамандығы бойынша психолог (Томск мемлекеттік университеті), негізгі мамандығы IT саласы бойынша техникалық жазушы.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив