Педагогикалық кеңестің №1 хаттамасы » Соцжол орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогикалық кеңестің №1 хаттамасы
31
август
2022

Педагогикалық кеңестің №1 хаттамасы

«Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Педагогикалық кеңестің №1  хаттамасы
31.08.2022 жыл
Қатысқандар: 30
Қатыспағандар: жоқ
Күн тәртібі:
1.2021-2022 оқу жылының оқу-тәрбие жоспарындағы жұмыстардың қорытындысы.
2.2022-2023 оқу жылының оқу-тәрбие жоспарын талдап бекіту.
3.Аттестациялық комиссия мүшелерін бекіту,аттестация ережелерімен таныстыру.
4.10-11-сынып  оқушыларын бағдарлы сыныптарға бөлу,бағдарлы сыныптардағы тереңдете білім беруді жүзеге асыру,сағаттарын бөлу жағдайы.
5. Дене шынықтыру пәніне спортзалдың жоқтығына байланысты өтілетін сабақ жоспарларына өзгерістер енгізу.Мектеп лигасының жұмыс жоспарын бекіту.
1-ші  мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бурымтаев Галымжан сөз алды.Мұғалімдердің сапалық құрамы .Жыл бойында  28 мұғалім болды,олардың 26 жоғары білімді ,арнаулы орта білімді -2, Педагог-модератор ,педагог сапаршы,педагог зерттеуші,жалпы санатты.Зейнеткер мұғалім Халықов Сейілхан еңбек шартымен жұмысқа алынды.Мұғалімдердің 70% тәжірибелі мұғалімдер. 2021-2022 оқу жылында жалпы сыныптар бойынша 62,8 аяқтадық.Үздіктер-22,екпінділер-37 оқушы болды.ҰБТ қорытындысы бойынша  75% білім сапасын көрсетті. 11-сынып бітірген 7 оқушы мемлекеттік грант иегерлері атанды.Жыл көлемінде 6,7,8-сынып оқушыларының білімдері басты назарда болды. Тест,бақылау ,диктант жұмыстары алынды.Сыныптар бойынша білім сапасының көрсеткіші. 
2-сынып 62,5%
3-сынып  63,6 %
4-сынып 66,7 %
5-сынып 66,7%
6-сынып 62,5%
7-сынып 57%
8-сынып 50 %
9-сынып 71,4%
10-сынып 71,4%
11-сынып 62,8%
Ортақ балл 63%
2021-2022 оқу жылында пән бойынша білім сапасы төмендегіндей болды.
Қазақ тілі-72% ,жылдық 70%.
Қазақ әдебиеті-82%, жылдық 82%. 
Орыс тілі мен әдебиеті -66%,жылдық 66%. 
Ағылшын тілі-67%,жылдық 69%.
Алгебра-71%,жылдық 71%.
Геометрия-69%,жылдық 63%.
Информатика-82%,жылдық 70%.
География-80%,жылдық 75%.
 Биология-78%,жылдық 76%.
 Физика-80%,жылдық 70%.
Химия-70%,жылдық 70%.
 дүниежүзі тарихы- 70%,жылдық 70%.
қазақстан тарихы-70»,жылдық 72%.
Қаңтар айында бастауыш сынып оқушыларын  тексерді.Оқушылардан диктанттар және математика сабағынан бақылау жұмыстары алынды.
1-сыныптан 1 оқушы оқу және жазу талаптарына сай емес.
2-сыныпта үлгермейтін оқушылар жоқ.Барлығы оқида жаза да алады.
3-сыныпта 2 оқушы жазуға және оқу талаптарына сай емес.
4-сыныпта 1 оқушының жазу жазуда көп қате жіберілетіндігі анықталды.
 Былтырғы оқу жылында төмен көрсеткіш көрсеткен сыныптар және пәндер жаңа оқу жылына құрылған тексеруге қойылды.
Аудандық пән олимпиадасыныан 10-сынып оқушысы Саудабай Айжұлдыз 2 орын алды
11-сынып оқушысы Сәлім Ұлтуар 3 орын алды.
11-сынып оқушысы Батырхан Айғаным биология пәнінен 2 орын алды.
6-сынып оқушысы Акбүркітова Ажар ағылшын тілінен 3 орын алды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 6-сынып оқушысы Құрманғали Бекжан 1  орын алды.
Тәрбие саласы бойынша жазғы лагерьлер өз жұмыстарын жоспар бойынша тыңғылықты орындады.2-11 сыныптар арасында Жолда абай бол балақай атты апталық өтті.
Тіл мерекесіне орай онкүндік өткізілді.Барлық сыныптарда іс-шаралар болды. Тәуелсіздіктің 30жылдығына орай қараша айының 20-нан желтоқсан айының 20-на дейін айлық жоспар құрылып іс-шаралар ұйымдастырылды. Біз тәуелсіз елдің ұландары   атты флешмоб ұйымдастырылды.Тарих пәнінің мұғалімдер интеллектуалдық ойын өткізді.Еңбек пәнінің мұғалімі Еркінбеков Талғат 2-11 сыныптар арасында сурет көрмесін ұйымдастырды.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеі спорттық жарыстар ұйымдастырды.
Құқықтық тәрбие сағаттары сыныптарда айына 1 реттен өткізілді.
1-желтоқсан СПИД-ке қарсы күрес күні СПИД-адамзат қасіреті айлығы өткізілді.Ата-аналарға БУЛЛИНГ және Кибербуллинг туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,тәрбие сағаттары өткізілді. 2021-2022 оқу жылында да барлық жұмыстар жоспар бойынша орындалды. 
Қаулы: 
  1. 2021-2022 оқу жылының оқу-тәрбие жоспарындағы жұмыстардың қорытындысы қанағаттанарлық деп танылсын.
2-ші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бурымтаев Галымжан сөз алды. 2022-2023 оқу жылының оқу-тәрбие жоспарын талдап бекіту.2015-2022 жылдарға арналған Тәрбиенің тұжырымдамалық негізін іске асыру негізінде ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы ҚР білім беру ұйымдарында тәрбие құжаттарын реттейтін нормативтік құқықтық құжаттар жинағын басшылыққа ала отырып жоспар құрылып бекітілді.2021-2022  оқу жылындағы білім сапасы төмен пәндерді және сыныптарды мектепішілік бақылауға алына отырып,жоспар құрылды. Оқу-тәрбие жоспары 472 бұйрық негізінде құрылып,бекітілді.
Мектепте 5 бірлестік бойынша әрбір пәннен мұғалімдер жұмыстар жасайды.
Бірлестік жетекшілері де тағайындалған.
"Лингвист" тіл пәндері бірлестігінің жетекшісі Қыстықбекова Айнұр.
"Өнер" бірлестігінің жетекшісі Еркінбеков Талғат.
"Зерде" бастауыш пән бірлестігі Букеева Гульнара.
"ИМФ" бірлестігінің жетекшісі Сайдахметова Камшат.
"Атамекен" бірестігінің жетекшісі Қапалова Жадыра.
Қаулы: 
2.2022-2023 оқу жылының оқу-тәрбие жоспарын талдап,бекіту жұмыстары қанағаттанарлық деп танылсын.
3-ші  мәселе бойынша директордың уақытша міндетін атқару Бурымтаев Галымжан сөз алды.Аттестациялық комиссия мүшелерін бекіту,аттестация ережелерімен таныстыру.Қазіргі кезде мұғалімдердің аттестациядан өтуі үшін эссе жазу міндеттелді.Мұғалім аттестациядан өтетін болса ең алдымен комиссия мүшелеріне портфолияларын алып келіп тексерту қажет.Портфолия өткеннен кейін мұғалімді тест тапсыруға жібереді.
Педогог- модераторға мектепішілік және аудандық жетістіктер болу керек.
Педагог-сарапшы алу үшін аудандық және республикалық жетістіктер болу керек. 
Педагог-зерттеуші болу үшін республикалық жетістіктермен қоса авторлық бағадарламалар болу керек.
Мұғілімдер аттестациядан 3-5 жыл аралығында өтіп тұрулары қажет.Аттестациядан өтетін мұғалімдердің жұмыстарын саралап,өтініштерін қарап,мұғалімдердің санатының қай дәреге сай екенін анықтайтын комиссия мүшелері.
Сөйлеушілер :
Бастауыш сынып мұғалімі Жетпісбаева Алия.Комиссия мүшелерінің орнында қалғаны дұрыс деп ойлаймын.Аттестациядан өтетін мұғалімдердің жұмыстарын саралап лайықтыларын жібереді деген ойдамын.
Қаулы:
3.1.Аттестация комиссия мүшелері:
1.Бурымтаев Галымжан-комиссия төрағасы.
2.Халықова Гулбану-мүшесі.
3.Үсембекова Жанат-мүшесі.
4.Затбаева Айгүл-мүшесі.
5.Туебаева Айнұр-хатшысы.
3.2. Бекітілген комиссия мүшелері аттестациядан өтетін мұғалімдердің жұмыстарын саралап,құжаттарын реттесін.
4-ші мәселе бойынша мектеп психологы Қазыбаева Баян сөз алды.
10-11-сынып  оқушыларын бағдарлы сыныптарға бөлу,бағдарлы сыныптардағы тереңдете білім беруді жүзеге асыру,сағаттарын бөлу жағдайын айтып өтті.Диагностика негізінде анықтама жасалды.Кәсіби бағдарды анықтау үшін алынған диагностикалық сауалнама негізінде оқушылар жаратылыстану-математикалық бағытқа жақын екендіктері анықталды.11-сыныпта 8 оқушы барлығы ҰБТ тапсыруға барады.Кәсіптік бағдарды анықтап сол үшін жұмыстар жүргізуге арнайы курстар берілді.
Сөйлеушілер:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қыстықбекова Айнұр. 
Мектеп психологы жасаған анықтамадан оқушылардың бағдарын,бейімін естідік.Қазіргі таңда оқушылардың білімді жетік меңгерулері де керек деп ойлаймын.
Қаулы:
 4.1.10-сынып оқушылары анықталған бағдар бойынша жаратылыстану-математикалық бағытта оқытылсын. 
5-ші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бурымтаев Галымжан дене шынықтыру пәнінен спортзалдың болмауына байланысты өтілетін сабақ жоспарларына өзгерістер енгізілетіні туралы айтып өтті. Дене шынықтыру пәніне спортзал жоқтығына байланысты өзгерістер енгізілді.Атап айтсақ ауа-райы қолайсыз күндері сабақты сыныптың ішінде өтуге тура келеді.Әсіресе қыс мезгілінде . Осындай жағдайларда сынып ішінде оқушылар тоғызқұмалақ,шахмат,шашки ойнайтын болады.Сонымен қатар үйірмелерге қосымша сабақтар кестесі құрылып бекітілді.Үйірмеге сыныптарды кесте бойынша шақырып уақында өтілуі қажет.
  Сөйлеушілер :
Абуталипов Бағдат дене шынықтыру пәнінің мұғалімі .Спортзалдың жоқтығы қиындап біраз әбігерге салды.Әсіресе оқушыларға қиын-ақ. Спорттың қай түрін алсақта денсаулыққа пайдалы.Тоғызқұмалақ оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытады.Салауатты өмір салтын ұстануға спортзалдың болғанынының да пайдасы тиер еді.
Қаулы: 
3.1. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттық іс-шаралар жандандырылсын.
3.2 Үйірме жұмыстарының жүргізілуін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары басшылыққа алып,қадағаласын.
                                   Төрағасы:                                  Бурымтаев Г.Н.
                                     Хатшы:                                   Молдағали   Г.М.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив