«Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп» КММ Мектеп психолыгының 2023-2024 оқу жылында І жарты жылдық бойынша атқарылған жұмыстарының есебі » Соцжол орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп» КММ Мектеп психолыгының 2023-2024 оқу жылында І жарты жылдық бойынша атқарылған жұмыстарының есебі
09
январь
2024

«Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп» КММ Мектеп психолыгының 2023-2024 оқу жылында І жарты жылдық бойынша атқарылған жұмыстарының есебі

Мектептегі психологиялық қызметінің негізгі бағыттары:

  • Психологиялық диагностика
  • Психологиялық түзету-дамыту
  • Психологиялық алдын-алу
  • Психологиялық кеңес беру
  • Психологиялық ағарту

Бұл психологиялық қызметтің І –ші жарты жылдық бойында сараптамалық жұмыстың нәтижесі:

Қараша-желтоқсан айлары бойынша диагностикалық жұмыстар саны -16. Оқушылармен жүргізілген диагностикалық жұмыстар-7, ата-аналармен-1, мұғалімдермен-1.

Ағартушылық жұмыстар саны -6. Оқушылармен-4, ата-аналармен-1, мұғалімдермен-1. 

Жеке кеңес алғандар саны-9. Оқушылармен-9, ата-аналармен-4, мұғалімдермен-2.

Топтық кеңес алғандар-25. Оқушылармен-12, ата-аналармен-6, мұғалімдермен-5.

Түзету –дамытушылық жұмыстар саны-6. Жеке-3. Топтық-3.


1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөнінде анықтама.

       Мектебімізде 2023-2024 оқу жылында 1сыныбында 5 оқушы бар. Оның ішінде қыз бала-0. Ұл бала-5. 

Оқушылар мектеп жарғысындағы оқушының міндеттері мен ережелерін үнемі сақтап отырады.   Күн тәртібінің орындалуы, мектеп формасының сақталуы, күнделікті толтыруы жақсы жағдайда. 1 сыныбының жетекшісі: Джетбисбаева Алия.Білімі жоғары педагог сарапшы маман. Бұл сыныптың да сынып жетекшілерімен  қарым-қатынасы жақсы деңгейде, оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен келеді. Сынып жетекшілер оқушылармен  жеке, топпен, жалпылама жұмыс жасайды.  

        Сынып жетекші сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуіне жағдай жасауда, оқушылар денсаулығын сақтау мақсатында күнде ертеңгілік жаттығу, сабақ барысында кемінде екі рет сергіту жаттығулары жүргізіледі. Ата-ана тарапынан үйдегі оқытуға   қадағалу орташа.     

        Мектеп психологының жұмыс жоспары бойынша 14 қараша бірінші сыныптардың бейімделуін бақылау жүргізілді. Оқушылардың мектепке бейімделуі қалыпты жағдайда деген қорытынды жасалды.


Қараша  айында 1 сынып оқушыларынан  «Баспалдақ әдістемесі», «Социаметрия» әдістері  алынды.  Мақсаты: Баланың өзін-өзі бағалау деңгейін және достары арасында  орынын  анықтау. Қатысты: 5 оқушы.  

Сынып

Жоғары 

Орташа 

Төмен 

1  

1

2

2



 


Қорытынды: Сынып оқушыларының мінездері ауыспалы соған байланысты бір-бірімен қарым-қатынастары да ауыспалы. Оқушылардың өздерің бағалауы жақсы, екі оқушы төмен.

Сыныптың қарым-қатынасы орташа деңгейде. Коррекциялық жұмыс: Сыныппен тренинг өткізу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға арналған әдістермен жұмыс.

14.11.23 күні 1 сынып оқушыларынан Керн-Йерасек тестті алынды. Мақсаты: Оқушының оқуға дайындығын анықтау.

Аты-жөні

Дайындығы

Қорытынды

1

Бекқали Елжан 

орташа

Нормаға сай

2

Құрманғали Елжан

орташа

Нормаға сай

3

 Нұрыш Нұрбек

орташа

Нормаға сай

4

Нұржігітұлы Айсұлтан

орташа

Нормаға сай емес

5

Тілеукен Сержан

орташа

Нормаға сай емес







Қорытынды: Оқушының оқуға дайындығын зерттеу барысында -2 оқушы орташа деңгейді, және 3 оқушы жақсы  деңгейді көрсетті. Оқушының оқуға дайындығын нормаға сай 3 сай емес 2 оқушы . Мектепке бейімділігі қалыпты жағдайда емес 2 оқушымен жеке жұмыс жасалады.

«Оқушылардың зейіні мен оқу мотивациясын» анықтау мақсатында арнайы тапсырмалар алынды. Тапсырмалар арқылы оқушылардың зейіннің тұрақтылығы, мектеп пен сыныптастары арасындағы бейімделуі мен беделі анықталды. Сыныптың оқу мотивациясы төмендегідей.

Сынып

Жоғары 

Орташа 

Төмен 

1  

0

3

2





Сыныптың қарым-қатынасы жақсы. Жазу, оқу, сызу, сөздік қорлары жалпы сыныптың орташа деңгейде сынып жетекшінің тәжірбиелігінің арқасында қалыптасып келеді. Мектепке бейімделуі қалыпты.  Коррекциялық жұмыс: Сыныппен тренинг өткізу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға арналған әдістермен жұмыс.

16.11.23 күні 1 сынып оқушыларымен оқушылардың мектепке бейімделуін анықтау.  Оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасын бақылау мақсатында  «Кел танысайық» тренингі өтті. Барлық оқушылар белсенді қатысты. Өздерінің сүйікті істері, достары, мектепте оқығандары ұнайтындарын айтты.

Сондай- ақ   тренинг барысында  баланың өзін-өзі бағалау деңгейін және достары арасында   орыны  анықталды.Сынып оқушылары тату, кейде мінездеріне байланысты өзгеріп отырады. Өз ойларын еркін анық кейде жеткізе алмайды. 

3.11.23 күні 2  сынып оқушыларымен  «Мен және отбасым» тақырыбында сурет салып алынды.Мақсаты: Оқушылардың отбасындағы рөлі мен қарым-қатынасын анықтау.Қатысқан оқушылар саны- 6.

12.12.23 күні  3сынып оқушыларымен оқушылардың  өзін-өзі бағалауын анықтау.  Сынып арасындағы қарым-қатынасын бақылау. Мінез ерекшеліктеріне мән беру  мақсатында тренинг өтті. Қатысқан оқушылар саны-5. Тренинг барысында оқушыларға психологтың қызметі, қандай көмек көрсетілетіндігі айтылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Оқушылардың өздерін қаншалықты бағалайтындықтарын танымдық қабілеттерін анықтау анықтау мақсатында жазбаша жұмыс берілді. Оқушылар өз беттерінше орындады  жазды.Жаттығу қорытындысы бойынша оқушылардың көбінің танымдық қабілеттері орташа екені байқалды. Сонымен қатар отбасының қарым қатынасын анықтау мақсатта Отбасы суреті салғызылды. 

    Оқушылардың есте сақтау, криативті ойлауын дамыту мақсатында «Сызықтарды екі қолмен жалғастыр» жаттығуы берілді. Оқушылар екі қолмен жазғанда басында аздап қиналды. Біра-ақ тапсырма балаларға өте ұнады.  Оқушылардың көңіл күйлерін көтеру үшін тренинг соңында «Айдаһар» ойының ойнады. Қорытынды: Тренинг барысында, жаттығуларды орындағанда ерекше бақылау мен арнайы жұмысты қажет ететін оқушылар анықталды. Олар: Батырхан Жалғас баяу, бейімделуі ұзақ). Аталған балалармен алдағы уақытта тренингтер өткізіліп, психологиялық түзету жұмыстары жүргізіледі.

08.12.23 күні 4 сынып оқушыларымен социаметрия әдісі алындыҚатысқан оқушылар саны-8 Мақсаты: Оқушылардың оқу мотивациясын анықтау. Сынып арасындағы оқушылардың қарым-қатынасын байқау. Оқушылардың сынып жетекшісімен, пән мұғалімдермен қарым-қатынасын анықтау.

Сынып оқушылары бір-бірімен ара қатынастары жақсы. Мұғалімдермен қарым-қатынасы жақсы. Жалпы сыныптың сөздік қоры жақсы дамыған. Қиялдары, есте сақтау қабілеттері жақсы. 

Қиындық тудыратын пәндері: Екі оқушыға ағылшын,орыс т, матем.  екі оқушыға-математика пәні.

Ұнататын пәндері: музыка, қазақ тілі, әдебиет, сурет, дене тәрбиесі. Сынып оқушылары бос уақыттарында кітапханаға барады. Үш оқушы Нұрәли, Жарқын және Мирас күреске қатысады.

Қорытынды. Жалпы сыныптың оқу мотивациясы мен бір-біріне деген қарым-қатынастары жақсы.  Мектепішілік сайыстарға, мерекелік іс-шараларға белсенді қатысады. Оқушылар сынып жетекшесімен жақсы қарым-қатынаста.

Бақылауды қажет ететін 1 оқушы Мирас. Сөздік қоры аз, тұйық өте жуас мінезі бар. Бейімделуі орташа. Шектелген ортада ғана ашылады. 

Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама.  Желтоқсан 2023 ж.

Мектебімізде 5сыныбында 9 оқушы, оның ішінде  4- ұл, 5-қыз оқиды. Мектеп жарғысындағы оқушының міндеттері мен ережелерін үнемі сақтап отырады.  Күн тәртібінің орындалуы, мектеп формасының сақталуы, мектепішілік шараларға қатысуы жақсы.

                5 сыныбының орта буынға бейімделуі жақсы. Анықтау мақсатында оқушылардың оқу әрекетінің мотивациясына арналған сауалнама алынды.

Сауалнама нәтижесінде сынып оқушылардың көбі жақсы көңіл күймен келетіндіктерін айтты. Оқушылардың пәнге деген көзқарастарын анықтаудаАйман Шолпан,Әлихан Ақпейіл ағылшын, орыс тілі  пәндерінен оқуда аздап қиналатындықтарын көрсеткен. Ақпейіл математика сабағынан да қиындық тудыратындығы анықталды. 

Оқушылардың барлық мұғалімдер мен және сынып жетекшілермен қарым- қатынасы өте жақсы.  Оқушылардың есте сақтау қабілетін анықтау барысында 5  сыныбы бойынша есту арқылы есте сақтау-  25% , көру арқылы есте сақтау-  55%, көріп –қайталау арқылы есте сақтау- 75% нәтиже көрсетті.

   Сынып оқушыларымен «Мен өмірді сүйемін», «Мен және менің әлеуметтік рөлім» , «Өз мінез құлқынды қалай тәрбиелейсің?» атты тақырыптар да психологиялық тренингтер  өтілді .Онда оқушылар өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай нені білу керек екендігін білді. 5- сыныптың бастауыш сыныптан қандай айырмашылықтары бар екендігі туралы ойларын ортаға салды. 

    Оқушыларға мейірімділік, көңіл-күй, пәнге деген қызығушылық (көрнекіліктер),  мұғалімнің көңіл аударуы қажет.  Оқушыларымыздың мінез-құлқына келетін болсақ , мұғалім зейінін көбірек қажет ететін оқушылар бар. Олар: Айтқан Айман,Шолпан (өте жуас), Құрманғали Әлихан (ұшқалақ тынымсыз).  Жалпы 5-сыныптың бейімделуі қалыпты жағдайда өтуде.

17.11.23 күні  5 сынып оқушыларынан  сауалнама алынды. Қатысқаны:9. МақсатыОқушылардың оқу мотивациясын анықтау. Сынып арасындағы оқушылардың қарым- қатынасын байқау. Оқушылардың сынып жетекшісімен, пән мұғалімдермен қарым-қатынасын анықтау.Сауалнама нәтижесінде сынып оқушылардың көбі жақсы көңіл күймен келетіндіктерін айтты. 

 Жеке жұмыс істеуді қажет ететін бір оқушы Құрманғали Әлихан.Өте ұшқалақ, өз ойын ашық айта алады .Артық сөз көп айтады. Бойында бір қорқыныш бар. Ренжігіш тұстары да байқалды. Өзін жалғыз сезінеді. 

Коррекциялық жұмыс: сынып ұлдарымен, қыздармен жекелей кеңес өткізілді. Жеке жұмыс жүргізілуде. Үйірмелерге қатысуға бағыт беру.

08.12 күні 7 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Мақсаты: Оқушылардың оқуға деген көзқарасын білу, жан жақты зерттеу. Сынып арасындағы оқушылардың қарым- қатынасын байқау. Оқушылардың сынып жетекшісімен, пән мұғалімдермен қарым-қатынасын анықтау.7 сынып оқушылары бір-бірімен өте тату. Мұғалімдермен қарым-қатынасы жақсы. Сабаққа ынталары жақсы. Сынып жетекшімен ара қатынастары жақсы.  Оқушылардың 3.11-10.11 күндер аралығында 5-11 сыныптар арасында оқушылардың оқу мотивациясын анықтау мақсатында сауалнамалар алынды.17.11.23 күні 8 сынып оқушыларымен «Мен өмірде қандай жетістікке жете аламын?» тақырыбында тренинг сабақ өтті. Қатысқан оқушылар саны: 16 Мақсаты: Балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, адамгершілік қасиетін жоғарлату. Өмірде өз орындарын дұрыс табуға көмектесу.

22.11.23 күні 11 сынып оқушыларынан тест алынды. Қатысқан оқушылар саны:3. Мақсаты: 11 сынып оқушылардың қандай пәнге деген қызығушылықтарын анықтау. ҰБТ-да таңдаған пәндерін білу.Барлық оқушылар толық жауап берді. 22.11 күні 11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында болашақ түлектердің таңдау пәндері, ата-ана тарапынан қолдау көрсету сынды психологиялық кеңес ұсынылды. «Мамандық таңдауда ата-ананың рөлі» тақырыбында ата-аналардан сауалнама да алынды.

7.12.23 күні 7-11 сынып оқушыларынан зорлық зомбылықты анықтау мақсатында тест алынды, тест нәтежиесі ауданға жіберілді.   Оқушылардың интернетке тәуелділігін анықтау және Буллинг, Кибербулинг туралы видео ролик көрсетіліп психологиялық кеңестер беріліп  түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Қандай әлеуметтік желілерді қолданатының білу. Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылар инстраграм, ватцап желілеріне кіретінін жазған. Күніне қанша уақыт отырасың 1-2 сағат интернетті қолданады.

Не үшін қолданасың сауалына оқушылар достарымен сөйлес, ән тыңдау, ойын ойнау, ютубта отыру деп жауап берді. 1 оқушы ойын ойнайды. 1 оқушы қажетті ақпарат алуға және достарымен сөйлесуге, екі оқушы музыка тыңдайды.

6. Сабақта инернетті қолдана ма? Сондай-ақ оқушылардың 100 пайызы сабақ үстінде интернетті мүлдем қолданбайтындығын көрсетті. Оқушылардың әлеуметтік желіліге күніне 1-2 рет қолданатындығы анықталды.

Қорытынды: Сынып оқушыларың интернетті, әлеуметтік желіні қолдану біледі, интернетке деген тәуелділік жоқ екендігі байқалды.

2022 жылдың 4 қазан күні сынып жетекшілерінен сауалнама алынды.  Мақсаты: Сыныптағы проблемалық ахуалды, беделді, тұйық оқушыларды анықтау. Сауалнама көмегімен жеке оқушыларды  зерттеу. Сауалнама 7 сұрақтан құралған. Жалпы сынып жетекшілер саны 11. 

Сауалнама нәтижесінде келесілер анықталды. Жалпы мектепішілік сыныптың сынып жетекшілермен қарым-қатынасы: «Жоғары» - 6, «Орташа»-11, «Төмен»-2. Жалпы мектепте -тұйық оқушы, өз ойын ашық айта алмайтын ұялшақ оқушылар саны-9. (Айткан Айман мен Шолпан,Ұзақ Ақпейіл, Нұржігітқызы Айша, Батырхан  ЖалғасМолдажан Айзере, Бахытнұрұлы Мақсат, Айтқан СымбатМолдажан  Орынбасар).    

Ұстаздардың тіл табыса алмайтын оқушылар жоқ.  Агрессивті мінез-құлықты оқушылар саны-2. ( Нұрахмет Н, Нұрахмет М.) Қорытынды: Оқушылардың оқу мотивациясы мен ұстаздармен қарым-қатынасын анықтау мақсатында   сауалнамалар алынып, психологиялық диагностика жүргізілеіп, анықталған оқушылармен психологиялық түзету жұмыстары жүргізіледі.

28.11 күні мұғалімдер арасында  «Ұжымды біріктіру. Эмоциялық көңіл күйлерің көтеру» мақсатында тренинг өткізілді.Сонымен қатар мектепшілік есепте 3 оқушымен Тәуекел топ оқушылармен жоспар бойынша жеке жұмыстар  сынып жетекшілермен бірлесіп  жүргізіліп бақыланып отырады. Ата- аналарды қолдау орталығымен бірлесе ата аналар жиналысында тренинг жаттығу жұмыстары жүргізілуде. Оқушыларға апта сайын дәріс сабақтар өткізіліп тұрады. Ата-аналарға жиналыс өткізіліп презентациямен, жалпы бағдарлама туралы ақпарат берілді. Бағдарлама соңында оқушылардан сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды.

22.11.23 күні қызбалалардың қауіпсіздігі мен сауаттылығын арттыру. Ерте жүктіліктің алдың алу  мақсатында 7-11 сынып қыздары арасында дәріс сабақ өтті. Қыздарға ерте жүктіліктің зияны жөнінде. Адам денсаулығы мен болашағына   тигізер зардабы жөнінде қыздар ұйым жетекшімен бірлесе жан- жақты түсіндіру жұмысы жүргізіліп видеоролик слайдтар көрсетілді . 

 Дәріс барысында қыздарға презентация көрсетілді. Етеккір жөнінде ақпарат берілді. Мектеп психологы қыздардаға кеңес беріп жан- жақты түсіндіру жұмыс жүргізілді. 

Дәріс қорытындысы бойынша: 7-11 қыздары ақпарат көздерімен таныс, бастапқыдан қарағанда ерте жүктіліктің қаншалықты зиян екендігі анық түсіне біледі. Қыздарға ата-ана қамқорлығы мен мейірім жетіспейтіндігі жөнінде ата-аналарды  хабардар ету. 

19.12 күні МАД тобының оқушыларымен жұмыс жүргізілді. Мақсаты оқушылардың бейімділігін, есте сақтау, сөздік қорларын, зейін аударуын анықтау. 

20.12 күні мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста  І-ші жарты жылдық бойынша мектеп психологының жүргізілген жұмыстардымен ата-аналарға есеп берілді. Қысқы демалыста балалардың қауіпсіздігі, әлеуметтік желі мен интернетті оқушылар тиімді пайдаласын деген ата-аналарға кеңестер ұсынылды.Ай сайын жағымсыз сайтқа кірген оқушыларды анықтау мақсатта арнайы тексеріліп ауданға мәлімет беріліп отырмыз тексеру нәтежиесінде мектеп оқушылары анықталған жоқ.  


Мектеп психологы: Б.Т.Қазыбаева

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив