Алматы облысы Панфилов ауданы "Ә.Бөкейхан атындағы орта мектеп" КММ » Соцжол орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы облысы Панфилов ауданы "Ә.Бөкейхан атындағы орта мектеп" КММ
07
ноябрь
2019

Алматы облысы Панфилов ауданы "Ә.Бөкейхан атындағы орта мектеп" КММ

«Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп» КММ
2019-2020 оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің
ХАТТАМАСЫ №1

Өткізілген күні: 28.08.2019 ж.
Мектеп директоры: С.Иркитбаев
ДТІЖО – А.Затбаева
Қамқоршылық кеңес төрағасы –А.Боранбаев және мүшелері
Ата-аналар комитетінің төрағасы- Б.Ибраймолдаев
Әлеуметтік педагог- Н.Ахмедиев
Жалпы қатысқаны -15

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

1. Жаңа оқу жылына дайындық
2. «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» Ережесіне сай киім киюді ата-анаға түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
3. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы бойынша тиісті жауапкершілік қарастырылғандығын ескерту,балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын –алу.

Жиналысты мектеп директоры Иркитбаев Сейдахмет Нұрқайдарұлы ашып, жиналысқа қатысушыларды күн тәртібі бойынша қаралатын мәселелермен таныстырды.
Бірінші мәселе бойынша сөз алды: Мектеп директоры С.Иркитбаев жаңа оқу жылына дайындық бойынша- ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, мектепке физика кабинеті ашылып, толық құрал-жабдықтармен қамтылды.Мектептегі күзгі-қысқы жылыту жүйелеріне тексеріс жүргізіп, дайындық актісі берілді. 2019-2020 оқу жылында мектебімізде 103 оқушы білім алуда. Оның ішінде - оқушы аз қамтамасыз етілген отбасынан. Бірінші кезекте аз қамтамасыз етілген , көп балалы отбасыларының балалары, жетім балаларды оқулықпен түгел қамтамасыз етілді. Мектеп кітапханасында дана оқулық анықталды. Барлық сыныптар 100 % оқулықпен қамтамасыз етілді. 2019 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өткізілетін «Мектепке жол» акциясы бойынша мектеп директоры С.Н Иркитбаев 9 сынып оқушысы М:Құрманғалиға мектеп формасын алып берді. «Мектепке жол » акциясы бойынша мектеп ұжымы көп балалы отбасылары мен аз қамтылған отбасыларына көмек көрсетті.
Екінші мәселе бойынша сөз алды: ДТІЖО А.Затбаева 2018-2019 оқу жылында ата-аналар комитеттері мен Қамқоршылық кеңестерімен бірлесіп жұмыс атқару қажет екендігін айтып өтті. Себебі қала мектептерінде дәстүрлі емес діни ағымдарға тартылған оқушы қыздар мектеп формасын сақтамай жүргендігі анықталған. Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға тигізетін зияны жөнінде, діни білім мен діни сананың төмендігі салдарынан белгілі бір адамдар тобының діни экстремистік ұйымдардың пайда болып, қоғамға зиянын тигізуге себеп болуда. Егер де сіз немесе сіздің туған-туыстарыңыз деструктивті культтерінің әсеріне ұшыраған болса, онда сенім телефоны арқылы орталық мамандардың кеңесіне жүгіне алатындығы жөнінде ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жөнінде айтып өтті.
3 мәселе бойынша құқық пәні мұғалімі Ғ.Бұрымтаев сөз алды: Ата-аналарға қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстермен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ата-аналарға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде «Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдерінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы бойынша тиісті жауапкершілік қарастырылғандығын ескертті. Сонымен қатар қазіргі уақытта мектеп жасындағы балалардың көпшілігі бос уақыттарын ғаламторға, ұялы телефондарындағы әртүрлі бағдарламаларға қараумен өткізетіндігін, кейбір кездегі ғаламторға жағымсыз жаңалықтардың, бейнекөріністердің әсерінен баланың көзқарасы, психологиясы өзгеріп, ұрлық-зорлық әрекеті мен құқық бұзушылық фактілері орын алып жатады. Сондықтан әлеуметтік желілер арқылы жағымсыз көп ақпараттардың тез тарайтынын, балаларының ұялы телефонында тыйым салынған сайттарға кіріп-шығу, қолдану уақыттарына назар аудару керек екендігі айтылды.
Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен қауіпсіздік шараларын жетілдіру. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және оны болдырмау бағытында сынып жетекшімен тығыз байланыста болу, ата-анасыз (заңды өкілсіз) шықпауын, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіндегі 442-1, 442-2 баптарында көрсетілген талаптарды орындап, түнгі сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін ойын-сауық орындарына бармауын, үйден тыс жерде жалғыз жүрмеуін қадағалауды, жалпы балаларды күнделікті қадағалау керектігі айтылды.


Шешім:
1. «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» Ережесіне сай киім киюді ата-аналарға міндеттелсін.
2. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және оны болдырмау бағытында іс-шараларын жүргізе отырып, ата – аналар мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер тарапынан жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу, бақылауды күшейту.




Отырыс төрағасы С.Н.Иркитбаев

Хатшы

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив