Әлеуметтік педагог жұмысының есебі - Соцжол орта мектебі https://sotszhol-panfilov.mektebi.kz/ ru Әлеуметтік педагог жұмысының есебі - Соцжол орта мектебі DataLife Engine 2023-2024 оқу жылында жалпы Республикалық «Мектепке жол» акциясы бойынша көмек көрсетілді. https://sotszhol-panfilov.mektebi.kz/aleumettik-pedagog/leumettk-pedagog-zhmysyny-eseb/286-2023-2024-ou-zhylynda-zhalpy-respublikaly-mektepke-zhol-akcijasy-bojynsha-kmek-krsetld.html https://sotszhol-panfilov.mektebi.kz/aleumettik-pedagog/leumettk-pedagog-zhmysyny-eseb/286-2023-2024-ou-zhylynda-zhalpy-respublikaly-mektepke-zhol-akcijasy-bojynsha-kmek-krsetld.html «Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023-2024 оқу жылында жалпы Республикалық «Мектепке жол» акциясы бойынша көрсетілген көмек туралы анықтамасы

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл сайынғы форматқа ауыстырылғанын басшылыққа ала отырып, аудандық білім бөлімінің бұйрығымен танысып, мектепішілік бұйрық шығарылып, «Мектепке жол» акциясының мақсатты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, демеушілерге ұсыныс тасталды. Шілде тамыз айларында  әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларына демеушілік көрсетіліп, жаңа оқу жылына дайындау, балалардың мектепке баруына мүмкіншілік тудыру мақсатында бірыңғай мектеп формасы, оқуға қажетті құрал жабдықтармен қамтамассыз етілді. Мектепте «Мектепке жол» акциясы демеушілердің және   жеке шаруа қожалықтардың, «Қамқоршылық» кеңесінің  қатысуымен өткізілді.  Акцияның негізгі мақсаты – әр түрлі санаттағы отбасы балаларына көмек көрсету. Жылда өткізілетін бұл акция барысында демеушілер өз тарапынан  оқушыларды қажетті заттармен қамтамассыз етті. «Мектепке жол»  платформасы аясында жартылай жетім, аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға көмек көрсетілді. Толық емес отбасындағы 8-сынып оқушысы Еділұлы Ерханға мектеп директоры Г.Н.Бурымтаевтың демеушілігімен мектеп формасы (16000), Бастауыш 1-сыныптың сынып жетекшісі Жетпісбаева Әлия апайымыз, көпбалалы отбасындағы Айтхан Жомартқа мектеп формасы (15000тг) берілді, ауылымыздың мешіт қауымынан көпбалалы отбасындағы Айтхан Сымбатқа оқу құралдары мен сумка (10000тг) берілді. Ауылымыздың азаматы, Германияда әскери борышын өтеп келген Тулақбаев Ербосын ағамыз аз қамтылған отбасындағы Нұрахмет Нұрсұлтан мен Нұрахмет Мейрамбекке сумка мен оқу құралдарын табыс етті (15000). Жалпы акция кезінде 5 оқушыға 56 000 мың теңгеге көмек көрсетілді. Жалпыға бірдей білім беру қорынан мектеп формасына деп аз қамтылған 12 отбасына, 24 оқушыға 40567 теңгеден ақшалай ата-аналардың жеке шоттарына жіберілді. Жалпы ЖББ қорынан 24 оқушыға 973 608 теңгені құрады.

]]>
]]> admin Fri, 22 Dec 2023 14:00:38 +0600
Әлеуметтік педогог Ахмедиев Нұрбақыт жарты жылдық жұмысының есебі https://sotszhol-panfilov.mektebi.kz/main/102-leumettk-pedogog-ahmediev-nrbayt-zharty-zhyldy-zhmysyny-eseb.html https://sotszhol-panfilov.mektebi.kz/main/102-leumettk-pedogog-ahmediev-nrbayt-zharty-zhyldy-zhmysyny-eseb.html Әлеуметтік педагогтың 2022-2023 оқу жылында атқарған жарты жылдық жұмысының есебі
2022-2023 оқу жылында   әдістемелік  нұсқау хатын басшылыққа  ала отырып әлеуметтік педагогтың   жылдық жоспары  № 472 бұйрықты басшылыққа ала отырып  бекітілді.   
Мақсаты: әлеуметтік педагогтың жыл бойы атқарған лауазымдық қызметіне сараптама жасау, ата-аналармен жүргізілген психологиялық-педагогикалық жұмыстың қорытындысын шығару, салыстырмалы көрсеткішін анықтау және жаңа оқу жылының жоспарына енгізетін ұсыныстар жасау. 
Жұмыс объектісі - оқушылар, олардың ата-аналары және отбасылары. 
Оқу жылының басында барлық сыныптардың сынып жетекшілерімен бірлесе отырып сыныптардың әлеуметтік паспорты жасалынды .   
Мектептің әлеуметтік төлқұжаты 2022-2023 оқу жылында Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектепте  жалпы оқушы саны 1-11 сыныптар  91. 
Көп балалы жанұя саны 8 оқушы саны 20.
Аз қамтылған жанұядағы бала саны 13. 
Жетім балалар саны 0.
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасында тұратын -6 оқушы
Ажырасқан отбасында тұратын-4оқушы
Өгей әке ,шешемен тұратын-1 оқушы
Үйден оқитын оқушы саны-2оқушы
Толық емес отбасында тұратын -7 оқушы
Әлеуметтік педагогтың жұмысының бір бөлігі, өз құзырлығының шеңбері бойынша көмек қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау, оларға тиісті педагогикалық, психологиялық, материалдық көмек көрсету және консультациялар беру. Оқу жылының басында барлық сыныптардың әлеуметтік төлқұжаты жасалынып, жиналған мәлімет сараптамадан өткізілді. Тамыз-қыркүйек айында оқушылардың құжаттары тексеріліп, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар саны, көп балалы отбасының балалары анықталып, әлеуметтік құжаттары толтырылды.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мектеп жасындағы барлық балаларды орта біліммен қамту проблемаларына жұртшылықтың және тұрғындардың назарын аударту, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға және асыраушысынан айрылуына байланысты толық емес отбасынан шыққан балаларға жаңа оқу жылында қолдау көрсету мақсатында 1 тамыздан бастап жалпы Республика бойынша жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды. Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп бойынша 2022 жылдың 27 тамызында мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен акцияға мектеп ұжымы, ауылдың мешіт қауымы, жеке кәсіпкерлер, жеке шаруа қожалықтар түгелдей қатысып, өз үлестерін қосты. «Нұрлы жол» темір жол басшылығының демеушілігімен аз қамтылған, толық емес отбасындағы 3 оқушыға мектеп формасы, спорттық киім, оқу құралдары, сумка 145 700 теңгенің заттары берілді. Осы мекемелердің қатысуымен мектебімізде білім алатын 9 оқушыға демеушілік көрсетілді.«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл сайынғы форматқа ауыстырылғанын басшылыққа ала отырып өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі педагог ұйымдастырушы К.Т.Затбаеваның басшылығымен «Қамқорлық» фракциясы 5-10 сыныптар арасында жәрмеңке ұйымдастырды. Жәрмеңкеден   түскен қаржыға 4-сынып оқушысы толық емес отбасындағы Құрманғали Алиханға қыстық аяқ киім керек екендігі анықталып, 15 000 теңгеге аяқ киім, және қолқап алынып берілді.Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен аз қамтылған, толық емес отбасынан шыққан 4 оқушыға 98 353 теңгеге мектеп формасы және аяқ киіммен қамтамасыз етілді.ҚР   Үкіметінің   2021.01.01. бастап қолданысқа енген   64 қаулының негізінде Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен атаулы әлеуметтік көмек алатын, аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың отбасыларына атап айтсақ  8 отбасы ,17 оқушыға  37400 тг көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.         Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  республика көлемінде «Адам құқығы -бала құқығы» он күндігі болып өтті. Он күндік аясында Қоңырөлең округінің учаскелік полиция капитаны Абдолла Қуаныш, ДТІЖО, мектеп психологтары, мектеп медбикесі және әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен 7-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.    Жоспар бойынша өгей ата-ана тәрбиесіндегі оқушыларды және аз қамтылған,үйден оқитын   оқушылардың  үйлерін  сынып жетекшілерімен бірлесе отырып үй тұрмыс жағдайын акт жасалынып зерделеу жұмыстары жүргізілді.ДЖК-ның шешімімен ауданымызда өткен аудан әкімінің шыршасына 4 сынып оқушысы толық емес отбасындағы Құрманғали Әлихан қатысып, аудан әкімінің жаңа жылдық сыйлықтарына, қыстық куртка және бас киімге ие болды.    Әлеуметтік педагог                       Н.Ахмедиев]]>
Әлеуметтік педагогтың 2022-2023 оқу жылында атқарған жарты жылдық жұмысының есебі

admin Sat, 27 Aug 2022 11:49:44 +0600