Балалардың еңбекке саналы көзқарасын қалыптастыру - Соцжол орта мектебі https://sotszhol-panfilov.mektebi.kz/ ru Балалардың еңбекке саналы көзқарасын қалыптастыру - Соцжол орта мектебі DataLife Engine 23 - наурыз Жаңару күні https://sotszhol-panfilov.mektebi.kz/main/302-23-nauryz-zhaaru-kn.html https://sotszhol-panfilov.mektebi.kz/main/302-23-nauryz-zhaaru-kn.html ]]> ]]> admin Sat, 23 Mar 2024 10:16:34 +0600 Экологияны ластамаңыз жас жеткіншек. https://sotszhol-panfilov.mektebi.kz/main/75-jekologijany-lastamayz-zhas-zhetknshek.html https://sotszhol-panfilov.mektebi.kz/main/75-jekologijany-lastamayz-zhas-zhetknshek.html Тақырыбы: Экологияны ластамаңыз жас жеткіншек.
Мақсаты: Туған жерге сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, туған жер табиғатты қорғауға баулу.
 Оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру; мейірбандыққа баулу, экологиялық білімдерін молайту.
 
 Көрнекіліктер: Интерактивті тақта,тыйым сөздер,мақал мәтелдер.
 
 
Тәрбие сағатының жоспары:
1. Ұйымдастыру 3-4 мин
2. Негізгі кезең 35 мин
3. Қорытындылау 5 мин
1.Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбие сағатының жүру барысымен және мақсатымен таныстыру. Оқушыларды сурет арқылытопқа бөлу. 
 
2.Сабақ барысы
Қазіргі кезде экологиялық білім мен тәрбие беру ең негізгі мақсаттардың бірі. Біз балаларға экологиялық білім бере отырып экологиялық сананы, тәрбиені қалыптастыруымыз керек. Жалпы айтқанда экологиялық мәдениетті жасаймыз. Экологиялық мәдениет – қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен экологиялық білімнің қалыптасуына, дамуына, үздіксіз жетіле беруіне ықпал ететін, сана мен тәрбиенің рухани құндылық жиынтығы. Экологиялық білімі мен тәрбиесі аз адамда экологиялық сана болмайды, экологиялық сана төмен адамда қоршаған ортаға деген жанашырлық болмайды. Сондықтан экологиялық тәрбиені бесіктен белі шыққаннан бастап, есі кіргенде санасына қалыптастыру, яғни төменнен жоғары қарай сатылай дамыту керек. 
 «Экология» гректің үй, ғылым деген екі сөзінен тұрады, яғни өзің тұратын үйдің жай – күйін бақылап, біліп, ахуалын жақсартуға бағытталған ілім деген сөз.
 Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс, мекені, алтын ұя, бесігі, құт берекесі. Адам үшін табиғат ең қастерлі ұғым. Өйткені, халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлігі.
 
 Табиғатты қорғау – бәріміздің борышымыз. Өйткені, қазір теңізіміз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлеріміз сортаңданып қалды. Осының бәріне кім кінәлі? Әрине, адам. Бәрі адамдардың рақымсыз істерінен, кешегі табиғаттың уылжыған тамаша кездерінде өмір сүрген ата – бабаларымыздың ескертпелерін орындамағанның кесірінен десек те болады.
 Заттардың толық айырылып, шіріп кетуі:
Қағаз 2-10 жыл
Консерві банкалар 80 жыл
Полиэтилен 200 жыл
Пластмасса 500 жыл
Шыны 1000 жыл
Сайыс шарттары:
 І – айналым: Ғажайып Қазақстан (Сергіту сұрақтар )
 ІІ – айналым: Супер ойын -« Тыйым сөздер:»
 ІІI – айналым: «Сұрақ бізден, жауап сізден»
 ІV – айналым: «Мақал – мәтелдер, нақыл сөздер:»

 Әр топқа 3 сұрақ қойылады, сұрақтарға қай топ көп және дұрыс жауап қайтарады, сол топ жеңімпаз болып саналады.
 
 «А» тобына қойылатын сұрақтар:
 1. Қазақстан жері қандай жер? (Қазақстан жері – кең - байтақ)
 2.  Халқымыздың ұлттық мақтанышы не? (Халқымыздың ұлттық мақтанышы - Туған жер табиғаты)
 3. Бүгінде жер бетінде қандай мәселе өзекті болып тұр? (Экология мәселесі өзекті болып тұр)
 
 «Б» тобына қойылатын сұрақтар
 1. Қазақстан қандай өлке? (Қазақстан – бай өлке)
 2. Адамның дені сау болу үшін не керек? (Қоршаған орта, табиғат таза болу керек)
 3. Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні қай күн? (5 – маусым)
 
 ІІ – айналым: Супер ойын -«Тыйым сөздер:»Екі топ өзара жарысып тыйым сөздер айтады.Мысалы:
  «Бұлақты былғама» , «көкті жұлма», «ағашты сындырма», «аршаны аралама», «суға түкірме», «суды ылайлама», «құмырсқаның илеуін бұзба» , «аққуды атпа», «қүстың ұясын бұзба» және тағы сол сияқты
 
 
IІІ - тур:«Сұрақ бізден, жауап сізден»
Экранда «ұяшықтарды таңдау» арқылы топтар жауап береді.
 Экранда көрсетілген тақырыптардың сұрақтарының әр түрлі құны бар. Егер таңдаған тақырыптың сұрағына дұрыс жауап берілсе, сонша ұпай қосылады, ал жауабы қате болса, сонша ұпай шегеріліп тасталынады. Тақырыптарды таңдау кезекпен жүргізіледі. Ұпайлардың есебін санау комиссиясы жүргізіп отырады. Ол алдын ала сайланып қойылады.
 
 1.Атмосфера құрамына кіретін, жерді зиянды сәулелерден қорғайтын газ. /озон/
 2. Қазақстанның климаты қандай? /континентальді/
 3. Өсімдіктің қоректік заттар алатын және топырақта өсімдікті сақтауға көмектесетін мүшесі. /тамыр/
 4. Өсімдіктердің арасынан «бөтенін» тап: қазжуа, бақбақ, көктерек /көктерек/
 
 ІV – айналым: «Мақал – мәтелдер, нақыл сөздер:»Екі топ өзара жарысады.Мысалы:
 
 
Мақал – мәтелдер, нақыл сөздер: «Судың да сұрауы бар» , «Өзен жағалағанның өзегі талмас» , «Бақ өсіргеннің баңғы жанады», «Тоғайды тұяқ тоздырады» және тағы басқа
3. Қорытынды. 
 
Туған жер табиғатын қорғай отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру біздің міндетіміз,сондықтан осы аулымызды гүлдендіруге, көркейтуге ,табиғатты көркейтуге ,табиғатты қорғауға қатысу керек. 
 Иә, балалар, табиғат Отанымыздың байлығы. Табиғатсыз адам өмір сүре алмайды екен,ендеше жердің ,табиғаттың иесі мына сендер,біз оны қорғауымыз керек. Демек , табиғатты қорғау - өз Отанымызды сақтау деген сөз. 
 ]]>





]]>
admin Mon, 30 Jan 2023 07:00:46 +0600