Мектеп психологінің құқтарымен міндеттері
Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-25) тармақшасына сәйкес әзірленді және орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің (бұдан әрі - психологиялық қызмет) жұмыс істеу тәртібін айқындайды. 2. Психологиялық қызмет білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу іс-әрекетінің