Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты » Соцжол орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты
13
октябрь
2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты

«Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» 

мемлекеттік мекемесінің «Ә.Бөкейхан атындағы орта мектеп»коммуналдық 

мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 13 қазандағы №111/1-н-қ бұйрығымен бекітілген



«Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» 

мемлекеттік мекемесінің «Ә.Бөкейхан атындағы орта мектеп»коммуналдық  

мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары


1-тарау. Жалпы ережелер


1.Мектептің осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармағына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді.


2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты - «Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін айқындау болып табылады.


3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:

1)Мектеп қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты іс-қимылды қалыптастыру;

2)Мектеп қызметкерлерінің белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтауға бағытталған іс-қимылдары мен шешімдерін нақты айқындау;

3)Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеу;


4.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі қағидалары:

1)заңдылық;

2)адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды басымдыққа алу;

3)жариялылық пен айқындық;

4)мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;

5)сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;

6)сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;

7)сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;

8)Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.


2-тарау. Мектеп қызметкерлерінің іс-әрекет қағидалары


5.Мектеп қызметкері жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру барысында:

1)жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуге және қорғауға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерге олардың жолданымдарын, хабарларын, пікірлері мен сұрау салуларын қарауға және олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға;

2)адал, әділ және қарапайым болуға, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қарым-қатынаста жалпы қабылданған моралдық-әдептік нормаларды сақтауға, сыпайылық пен әдептілік танытуға;

3)жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге;

4)Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі этносаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, сондай-ақ Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

5)өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға негіз бермеуге, сын үшін қудалауға жол бермеуге, кемшіліктерді жою және қызметін жетілдіру мақсатында сындарлы сынды пайдалануға;

6)шындыққа сәйкес келмейтін немесе тексерілмеген мәліметтерді таратпауға;

7)жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге;

8)өзінің лауазымдық өкілеттерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді жеке, соның ішінде мүліктік және мүліктік емес пайда алу мақсатында пайдаланбауға.

6.Мекеме басшысы өз құзыреті шегінде атқарушылық және өзге де шешімдерді әзірлеу мен қабылдау барысында:

1)қол астындағы қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін нақты айқындауға;

2)еңбек жүктемесін жұмыс тәжірбиесі мен атқаратын лауазымын ескере отырып, қол астындағы қызметкерлер арасында біркелкі бөлуге;

3)қол астындағы қызметкерлердің жұмыс нәтижелерін бағалау кезінде, сондай-ақ оларды көтермелеу немесе тәртіптік жазалау шараларын қолдану барысында әділдік пен объективтілік танытуға;

4)қол астындағы қызметкерлерге негізсіз айыптауға, дөрекілікке, адамның қадір-қасиетін қорлауға, әдепсіздікке және теріс мінез-құлыққа жол бермеуге;

5)қол астындағы қызметкерге лауазымдық міндеттеріне кірмейтін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, сондай-ақ орындалуы мүмкін емес өкімдер мен тапсырмалар бермеуге;

6)қол астындағы қызметкердің қызметтік міндеттеріне қатысы жоқ немесе жеке сипаттағы тапсырмаларды орындауға тартуға жол бермеуге;  

7)Қол астындағы қызметкердің міндеттеріне қатысы жоқ немесе жеке сипаттағы тапсырмаларды орындауға жол берілуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға;

8)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол астындағы қызметкерлер тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алуды және жолын кесуді қамтамасыз етуге;

9)Мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеуге және оны реттеу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға.

7.Мекеме қызметкері нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу кезінде:

1)Азаматтардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етуге;

2)Мектепке жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлерге олардың негізгі міндеттері, тыйым салулар мен шектеулер туралы толық түсінік беру;

3)Кадрларды іріктеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтау;

4)Мектеп қызметкерлерінің жеке деректері туралы ақпаратты жария етуге жол бермеу;

5)Жұмысқа орналасуға кандидаттардан еңбек шартын жасауға қатысы жоқ құжаттарды талап етпеу;

6)Мектеп қызметкерлеріне қатысты объективті және жан-жақты қызметтік тексерулер жүргізу.


3-тарау. Өзге де шектеулер, тыйымдар және талаптар


8.Мекеме қызметкері өз құзыреті шеңберінде міндетті:

1)Қазақстан Республикасының Президентінің саясатына адал болуға және оны жүйелі түрде іске асыруға;

2)Заңдылық қағидатын басшылыққа алуға, Қазақстан Республикасының Коституциясының, заңдарының және басқа нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа және бөлім туралы заңнаманы қатаң сақтауға;

3)Еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға, берілген өкілеттіліктерге адал және бейтарап болуға, сондай-ақ өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауға;

4)Мемлекеттік меншікті мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етуге, оны ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға;

5)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етуге және оларды болдырмауға;

6)Кадр бөлімінің қызметкері өзінің лауазымдық өкілеттерін орындау кезінде алынған кез келген ақпаратты, оның ішінде үшінші тұлғаларға қатысты қызметтік, коммерциялық, мемлекеттік құпияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, автоматтандырылған ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты жария етпеуге;

7)Мүдделер қақтығысын болдырмау және оны шешу жөнінде шаралар қабылдауға;

8)Туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы белгілі болған бойда тікелей басшыны немесе бөлім басшылығын жазбаша хабардар етуге;

9)Егер мүдделер қақтығысы туындаса, лауазымдық міндеттерді орындауды тоқтатуға;

10)Мекеменің оң имиджін сақтау үшін мінез-құлықтық әдеп нормаларын сақтау, лауазымдық міндеттерді орындау, мемлекеттік қызметтер көрсету және ішкі өзара іс-қимыл жасау кезінде дұрыс іс-қимыл көрсетуге.

9.Мекеме қызметкеріне мынадай әрекеттерге тыйым салынады:

1)Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сыбайлас жемқорлыққа ұштасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай жасайтын, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын әрекеттерді жасауға;

2)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызметті жүзеге асыруға;

3)Басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға итермелеу немесе көндіруге;

4)Басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне заңсыз араласуға;

5)Мекеменің қалыпты жұмысын бұзатын немесе лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтіретін қызметке қатысуға;

6)Жеке немесе заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметіне қатысты мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын үшінші тұлғаларға беру немесе өз мемлекеттік функцияларын оларға тапсыруға;

7)Келіп түскен немесе қызметтік іс-шаралар кезінде мекемеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтар (протекционизм, отбасылық) беруге;

8)Өзінің жақын туыстарының (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынған балалар, ағай-іні, апа-сіңілі, аталары, әжелері, немерелері), жұбайының және жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттілігін пайдалануға;

9)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес, өзінің жақын туыстарымен (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынған балалар, ағай-іні, апа-сіңлі, аталары, әжелері, немерелері), жұбаймен және жекжаттармен бірлесіп жұмыс істеуге;

10)Егер мүдделер қайшылығы туындаса, лауазымдық міндеттерді орындауға;

11)Мекеме үшінші тұлғалардың істері бойынша өкілі болуға;

12)Өтініштерді қарау және шешімдерді қабылдау кезінде заңды және (немесе) жеке тұлғаларға құқыққа қайшы артықшылықтар беруге;

13)Өзінің лауазымдық жағдайын мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу мақсатында пайдалануға;

14)Біреуге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кәсіпкерлік және кіріс алу қызметтері бойынша кез келген жәрдем көрсетуге;

15)Материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер ұсынған үшінші тұлғалардың пайдасына іс-әрекеттер  (әрекетсіздік) үшін қабылдауға;

16)Өзінің лауазымдық өкілеттерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланып, заңды немесе жеке тұлғалардың мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды, ақша, көрсетілген қызметтер немес өзге де нысандар түрінде сыйақы алу үшін өкілеттілікті пайдалануға;

17)Мекеменің қызметкерлеріне және өзге тұлғаларға олардың лауазымдық өкілеттерін пайдалана отырып мүлікті пайда, игіліктер немесе артықшылықтар алу мақсатында сыйлықтар беруге немесе қызмет көрсетуге;

18)Өзінің қызметін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты қызметтік мақсаттан тыс пайдалануға;

19)«Ойын бизнесі туралы»Қазақстан Республикасының заңында көзделген ұғымдарға жататын ойын мекемелерінде, сондай-ақ оған арналмаған орындарда немесе телекоммуникациялық желілерді, соның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға тыйым салынады.


4-тарау. Қорытынды ережелер


10.Мекеменің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауға міндетті.

11.Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мекеме қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. 

12.Мекеме қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауын бақылау міндеті басшыға жүктеледі.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив