Әлеуметтік педогог Ахмедиев Нұрбақыт жарты жылдық жұмысының есебі » Соцжол орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әлеуметтік педогог Ахмедиев Нұрбақыт жарты жылдық жұмысының есебі
27
август
2022

Әлеуметтік педогог Ахмедиев Нұрбақыт жарты жылдық жұмысының есебі

Әлеуметтік педагогтың 2022-2023 оқу жылында атқарған жарты жылдық жұмысының есебі
2022-2023 оқу жылында   әдістемелік  нұсқау хатын басшылыққа  ала отырып әлеуметтік педагогтың   жылдық жоспары  № 472 бұйрықты басшылыққа ала отырып  бекітілді.   
Мақсаты: әлеуметтік педагогтың жыл бойы атқарған лауазымдық қызметіне сараптама жасау, ата-аналармен жүргізілген психологиялық-педагогикалық жұмыстың қорытындысын шығару, салыстырмалы көрсеткішін анықтау және жаңа оқу жылының жоспарына енгізетін ұсыныстар жасау. 
Жұмыс объектісі - оқушылар, олардың ата-аналары және отбасылары. 
Оқу жылының басында барлық сыныптардың сынып жетекшілерімен бірлесе отырып сыныптардың әлеуметтік паспорты жасалынды .   
Мектептің әлеуметтік төлқұжаты 2022-2023 оқу жылында Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектепте  жалпы оқушы саны 1-11 сыныптар  91. 
Көп балалы жанұя саны 8 оқушы саны 20.
Аз қамтылған жанұядағы бала саны 13. 
Жетім балалар саны 0.
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасында тұратын -6 оқушы
Ажырасқан отбасында тұратын-4оқушы
Өгей әке ,шешемен тұратын-1 оқушы
Үйден оқитын оқушы саны-2оқушы
Толық емес отбасында тұратын -7 оқушы
Әлеуметтік педагогтың жұмысының бір бөлігі, өз құзырлығының шеңбері бойынша көмек қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау, оларға тиісті педагогикалық, психологиялық, материалдық көмек көрсету және консультациялар беру. Оқу жылының басында барлық сыныптардың әлеуметтік төлқұжаты жасалынып, жиналған мәлімет сараптамадан өткізілді. Тамыз-қыркүйек айында оқушылардың құжаттары тексеріліп, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар саны, көп балалы отбасының балалары анықталып, әлеуметтік құжаттары толтырылды.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мектеп жасындағы барлық балаларды орта біліммен қамту проблемаларына жұртшылықтың және тұрғындардың назарын аударту, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға және асыраушысынан айрылуына байланысты толық емес отбасынан шыққан балаларға жаңа оқу жылында қолдау көрсету мақсатында 1 тамыздан бастап жалпы Республика бойынша жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды. Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп бойынша 2022 жылдың 27 тамызында мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен акцияға мектеп ұжымы, ауылдың мешіт қауымы, жеке кәсіпкерлер, жеке шаруа қожалықтар түгелдей қатысып, өз үлестерін қосты. «Нұрлы жол» темір жол басшылығының демеушілігімен аз қамтылған, толық емес отбасындағы 3 оқушыға мектеп формасы, спорттық киім, оқу құралдары, сумка 145 700 теңгенің заттары берілді. Осы мекемелердің қатысуымен мектебімізде білім алатын 9 оқушыға демеушілік көрсетілді.«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл сайынғы форматқа ауыстырылғанын басшылыққа ала отырып өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі педагог ұйымдастырушы К.Т.Затбаеваның басшылығымен «Қамқорлық» фракциясы 5-10 сыныптар арасында жәрмеңке ұйымдастырды. Жәрмеңкеден   түскен қаржыға 4-сынып оқушысы толық емес отбасындағы Құрманғали Алиханға қыстық аяқ киім керек екендігі анықталып, 15 000 теңгеге аяқ киім, және қолқап алынып берілді.Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен аз қамтылған, толық емес отбасынан шыққан 4 оқушыға 98 353 теңгеге мектеп формасы және аяқ киіммен қамтамасыз етілді.ҚР   Үкіметінің   2021.01.01. бастап қолданысқа енген   64 қаулының негізінде Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен атаулы әлеуметтік көмек алатын, аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың отбасыларына атап айтсақ  8 отбасы ,17 оқушыға  37400 тг көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.         Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  республика көлемінде «Адам құқығы -бала құқығы» он күндігі болып өтті. Он күндік аясында Қоңырөлең округінің учаскелік полиция капитаны Абдолла Қуаныш, ДТІЖО, мектеп психологтары, мектеп медбикесі және әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен 7-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.    Жоспар бойынша өгей ата-ана тәрбиесіндегі оқушыларды және аз қамтылған,үйден оқитын   оқушылардың  үйлерін  сынып жетекшілерімен бірлесе отырып үй тұрмыс жағдайын акт жасалынып зерделеу жұмыстары жүргізілді.ДЖК-ның шешімімен ауданымызда өткен аудан әкімінің шыршасына 4 сынып оқушысы толық емес отбасындағы Құрманғали Әлихан қатысып, аудан әкімінің жаңа жылдық сыйлықтарына, қыстық куртка және бас киімге ие болды.    Әлеуметтік педагог                       Н.Ахмедиев
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив