Педагогикалық кеңестің №2 хаттамасы » Соцжол орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогикалық кеңестің №2 хаттамасы
31
октябрь
2022

Педагогикалық кеңестің №2 хаттамасы

«Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Педагогикалық кеңестің №2  хаттамасы
31.10.2022 жыл
Қатысқандар: 30
Қатыспағандар: жоқ
Күн тәртібінде:
1.Бірінші педагогикалық кеңестің шешімінің орындалуын талдау.
2.1 тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы.
3.1-тоқсан бойынша ЖББ жұмысының қорытындысы.
1.Бірінші педагогикалық кеңестің шешімінің орындалуын талдау.Бірінші педагогикалық кеңесте қаралған 5 мәселе бойынша барлық айтылған ескертулер өз ретімен орындалды.Оқу-тәрбие жоспары өз деңгейінде орындалуда.10-11-сынып оқушыларының таңдау пәндері нақтыланыс,сол пәндер бойынша тереңдете дайындалып жатыр.
Қаулы :
1.1. Бірінші педагогикалық кеңестің шешімінің орындалуы қанағаттанарлық деп танылсын.
Екінші мәселе бойынша 1 тоқсанның қорытындысын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бурымтаев Галымжан сөз алды. 2022- 2023 оқу жылының І тоқсанды 96 оқушымен бастап, 99 оқушымен аяқтадық, оның 60 ұл, 39 қыз. 4 оқушы келіп, 1 оқушы кетті.І тоқсанда 2-11 сынытар бойынша  білім сапасы 62,5%. Бастауыш сыныптардың білім сапасы 62.5% құрап отыр.Бастауыш 2- 4 сыныпта 30 оқушы 7 үздік, 8 екпінді оқушы бар. 
2 -сыныпта 6 оқушы бар оның біреуі үйден жеңілдетілген арнайы бағдарламамен оқиды.Үйден оқитын оқушыны қосып есептегенде білім сапасы төмен түсіп отыр, үйден оқитын оқушыны қоспағанда 62% құрайды 
5-9 сыныптар бойынша білім сапасы 59,3% құрап отыр. Білім сапасы 50%  көрсеткіш көрсеткен 9 сынып . Сыныпта 12 оқушы1 үздік, 5 екпінді. Жалпы сыныптың білім сапасы төмен көрсеткіш көрсеткенімен сыныптың   пәндер бойынша білім сапасы жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр.  
Осы   сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдернің алған  ТЖБ, БЖБ талдаулары тексерілді . Нәтижесінде оқушылардың үлгерімі әр пәнде әр түрлі көрсеткіш көрсетіп отыр. І тоқсан бойынша  сыныптардағы білім сапасының қорытындысы
2-сынып 60%
3-сынып 71%
4-сынып 63%
5-сынып  67%
6-сынып 60 %
7-сынып 62%
8-сынып 57%
9-сынып 50 %
10-сынып 66%
11-сынып 86%
І тоқсан бойынша  8.9.10,11сынып оқушылары химия пәнінен төмендегідей білім сапасын көрсетті. 
 8-сынып 67%
 9-сынып 58%,
 10-сынып 67%,
11-сынып 71%.
Математика пәнінен төмендегідей білім сапасын көрсетті. 
5-сынып 89%, 
 6-сынып 70%,
 8-сынып 71%, 
9-сынып 58%. 
Білім сапасын төмен көрсеткен 9-сынып 58%. Білім алушылардың жиынтық бағалау мен тоқсандық бағалаудағы көрсеткіштігінің төмендігі білім сапасының төмендеуіне әсер етіп отыр. Себебі оқушылардың есте сақтау қабілетінің төмендігі әсер етуде. Алдағы уақытта бұл кедергіні шешу барысында ата ана жауапкершілігін арттыру көзделіп отыр.
Ағылшын тілі пәні бойынша І тоқсан қорытындысы. Ең төмен көрсеткен 9-сынып болды.
2-сынып 60%
3-сынып 86%
4-сынып 63%
5-сынып  67%
6-сынып 60 %
7-сынып 69%
8-сынып 67%
9-сынып 50 %
10-сынып 72%
11-сынып 71% 
 Білім сапасын төмен көрсеткен 9-сынып 58%.  Білім алушылардың  тоқсан бойынша мына тақырыптарда  Электролиттік диссоциация тұрғысынан тұздар, қышқылдар, негіздер және Иондардың қасиеттері бойынша иондық теңдеулер жазуда қиындықтар болды. БЖБ,ТЖБ тапсырмаларында төмен көрсеткіш көрсетіп отыр. Оқушылардың ойлау, талдау, іздену қабілеттерін арттыру мақсатында жұмыстарды күшейту керектігін басты назарда аламыз.
1 тоқсанның қорытындысы туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Затбаева Айгүл Молдашовна сөз алды. 1 қыркүйек Білім күнін және «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік жәнеотаншылдық» тақырыбында Білім күніне арналған бірыңғай ашық сынып сағаттары өткізілсе, 1-сынып оқушыларына  «Кел,балалар, оқылық!» тақырыбында салтанатты жиын ұйымдастырылды.  Сонымен қатар қыркүйек айында кітапханашы Боранбаева Бакытгуль «Елімнің еркіндігі-Ата Заңым» атты кітап көрмесін ұйымдастырып,сынып жетекшілер «Айбары асқақ-Ата Заң» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттарын өткізді. «Өзін-өзі басқару» ұйымдарының жетекшілерінің ұйымдастыруымен«Жас Ұлан» ұйымы   және Мектеп Парламенті;«Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының қызметін ұйымдастыру мақсатта «Жас қыран» (1-4-сыныптар), «Жасұлан» (5-10-сыныптар), «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының қызметін ұйымдастырылып жұмыстар жоспар негізінде жүргізілді. Өзін-өзі басқару «Мұрагер» жастар ұйымының алғашқы отырысы өткізіліп, мектеп президентіне үміткерлер анықталды. Оған 9-сынып оқушылары Рахымбай Нұрсұлтан, Қайыпбай Дәулеткелді, Ұзақ Ернұр сайлауалды бағдарламаларын жасап, оқушылар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізілді. Сайлау нәтижесінде басым дауыс жинаған Рахымбай Нұрсұлтан  мектеп президенті болып сайланды. 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні  мерекесіне арналған «Тіл –татулық тірегі» тақырыбында апталық жоспары негізінде  сынып сағаттары өткізілді.Педұйымдастырушы Затбаева К  салтанатты жиын өткізді. «А.Байтұрсынов және қазақ қоғамы» тақырыбында  8-11 сыныптармен «Адалдық сағаттары»  өткізілді. « Үш тілде білім беру қажеттілігі» дамыту мақсатта педагог ұйымдастырушы К.Затбаева дебат өтті. ДТІЖО А.Затбаева мен әлеуметтік педагог Н Ахмедиевпен бірлесе отырып «ҚР-дағы құқық бұзушылық профилактикасының 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарын және Тәртіп бұзушылықтың алдын алу кеңесінің жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлімімен бірлесе отырып,тәрбиесі, «қиын» оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспарын және құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің мүшелерінқұрып бекітті.
Қазан айында Құқық бұзушылықтың алдын- алу мақсатта Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өткізілді. 
Сонымен қатар,қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және есепте тұрған оқушылардың үйірмелер мен спорттық секцияларға қатысуын қадағалау, қызығушылығын ояту мақсатта спорттық шаралар ұйымдастырылып  үнемі өткізілуде. Мектеп оқушыларын сыныптан тыс үйірмелерге қамтып, бос уақыттарын тиімді пайдалану  барысында  волейбол, футбол, шебер қолдар, «Ойна,домбыра!», «Шахмат-шашки»   үйірмелері, «Полицияның жас көмекшілері», «Жас Сарбаз», «Әділет» дебат клубтары жұмыс  жүргізіп  отырады. Үйірме,клубтарға  1-11 сынып   оқушылары түгел  қамтылып  отыр. Қазақстан Республикасының Рәміздеріне 30 жыл толуына орай жоспар құрылып жоспарға сай 10- сынып жетекшісі Г.Халықова сыныбымен «Тәуелсіздік-кез келген азамат үшін ең қастерлі құндылық» тақырыбында тәрбие  сағатын өткізді. Қазан айында «Психологиялық  денсаулық»   апталық болып өтті.Апталықта мектеп психологы мен мектеп дәрігері А.Бейсебаевпен кездесу ұйымдастырылды.Өмір сүру қауіпсіздігіне бағыттау, өмірді бағалауға деген қарым-қатынасқа байланысты «Мен өмірді сүйемін», «Өмір қымбатсың» тақырыбында  тренингтерұйымдастырылып өткізілді және  сынып жетекшілермен бірлесе отырып жеке және топтық психологиялық кеңестер берілді.Мектебімізде жайсыз отбасынан шыққан оқушылар,аудандық ішкі істер бөлімінде тіркеуде тұрған, мектепішілік есепте тұрған оқушылар жоқ. Жылдық жоспарды негізге ала отырып,күндізгі және түнгі рейдтер үнемі жүргізілуде.Жылдық жоспар негізінде мобильдік жұмысшы тобы құрылып, бекітілген жоспар арқылы жұмыстар іске асырылды. Жайсыз отбасыларды анықтау мақсатында ауыл үйлерін аралап, әлеуметтік жағдайларымен танысу мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Рейдтердің қорытындысы бойынша жайсыз отбасынан шыққан балалар анықталған жоқ. Өзін-өзі қол жұмсаудың алдын алу мақсатында іс-шаралар жоспары құрылып сауалнамалар, тренингтер және жеке кеңес беру жұмыстары жүргізілуде. Мектеп дәлізінде орналасқан  «Сенім жәшігі» үздіксіз жұмыс істейді. Келіп түскен хаттар мен хабарламалар өз жауаптарын табуда. Сонымен бірге «Жол ережесі баршаға заң» жоспары бекітіліп жоспарға сай 5-8 сыныптармен апталықтар ұйымдастырылды.  «Құқықтық сауаттылық – заман  талабы»тақырыбында қараша айында 5 сынып жетекшісі Г.Молдағали  үлгілі  сынып сағатын өткізді. Тарих пән мұғалімдері С.Байтұлақова мен Э. Байсованың ұйымдастыруымен  жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп жоспарға сай, құқық апталығы болып өтті.Апталыққа 5-11 сынып жетекшілері тәрбие сағаттарын өткізді. 
Сөйлеушілер:
Химия пәнінің   мұғалімі-Затбаева Камшат.Білім сапасын төмен көрсеткен сыныптар мен пәндер бойынша жаңаша бір әдіс-тәсілдер ойластырып осы сыныптардың білім сапасын көтергеніміз дұрыс болады деген ойдамын.Оқушылардың пәндерге қызығып оқуларына жағдай жасауымыз керек.6,8,9-сыныптарды басты назарда ұстауымыз керек деген ойдамын.
Қаулы:
1. Пән мұғалімдерінің    жоғарыда анықталған  білім сапасы төмен көрсеткен 6,8,9-сынып оқушыларының білім сапасын көтерудегі   жұмыс әдістемесінің  тиімді жолдары  басты назарда ұсталсын.Негізгі пәндерді тексеру жұмысы мектепішілік бақылауға алынсын.
2. Пән мұғалімі, сынып жетекші  мен ата -ана арасындағы оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою мақсатындағы  жұмыс жүйелі жүргізілсін.
Үшінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Ахмедиев Нұрбақыт сөз алды.
2022-2023 оқу жылында  әдістемелік   нұсқау хатын басшылыққа  ала отырып әлеуметтік педагогтың   жылдық жоспары  № 472 бұйрықты басшылыққа ала отырып  бекітілді.  
Мектептің әлеуметтік төлқұжаты 2022-2023 оқу жылында Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектепте  жалпы оқушы саны-91.
Көп балалы жанұя саны 8 оқушы саны 20.
Аз қамтылған жанұядағы бала саны 13. 
Жетім балалар саны 0.
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасында тұратын -6 оқушы
Ажырасқан отбасында тұратын-4оқушы
Өгей әке ,шешемен тұратын-1 оқушы
Үйден оқитын оқушы саны-2оқушы
Толық емес отбасында тұратын -7 оқушы
Әлеуметтік педагогтың жұмысының бір бөлігі, өз құзырлығының шеңбері бойынша көмек қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау, оларға тиісті педагогикалық, психологиялық, материалдық көмек көрсету және консультациялар беру. Оқу жылының басында барлық сыныптардың әлеуметтік төлқұжаты жасалынып, жиналған мәлімет сараптамадан өткізілді. Тамыз-қыркүйек айында оқушылардың құжаттары тексеріліп, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар саны, көп балалы отбасының балалары анықталып, әлеуметтік құжаттары толтырылды.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мектеп жасындағы барлық балаларды орта біліммен қамту проблемаларына жұртшылықтың және тұрғындардың назарын аударту, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға және асыраушысынан айрылуына байланысты толық емес отбасынан шыққан балаларға жаңа оқу жылында қолдау көрсету мақсатында 1 тамыздан бастап жалпы Республика бойынша жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды. Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп бойынша 2022 жылдың 27 тамызында мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен акцияға мектеп ұжымы, ауылдың мешіт қауымы, жеке кәсіпкерлер, жеке шаруа қожалықтар түгелдей қатысып, өз үлестерін қосты. «Нұрлы жол» темір жол басшылығының демеушілігімен аз қамтылған,
 толық емес отбасындағы 3 оқушыға мектеп формасы, спорттық киім, оқу құралдары, сумка 145 700 теңгенің заттары берілді.Осы мекемелердің қатысуымен мектебімізде білім алатын 9 оқушыға демеушілік көрсетілді.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл сайынғы форматқа ауыстырылғанын басшылыққа ала отырып өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі педагог ұйымдастырушы К.Т.Затбаеваның басшылығымен «Қамқорлық» фракциясы 5-10 сыныптар арасында жәрмеңке ұйымдастырды. Жәрмеңкеден  түскен қаржыға 4-сынып оқушысы толық емес отбасындағы Құрманғали Алиханға қыстық аяқ киім керек екендігі анықталып, 15 000 теңгеге аяқ киім, және қолқап алынып берілді.
Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен аз қамтылған, толық емес отбасынан шыққан 4 оқушыға 98 353 теңгеге мектеп формасы және аяқ киіммен қамтамасыз етілді.
ҚР   Үкіметінің   2021.01.01. бастап қолданысқа енген   64 қаулының негізінде Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен атаулы әлеуметтік көмек алатын, аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың отбасыларына атап айтсақ  8 отбасы ,17 оқушыға  37400 тг көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.
Жоспар бойынша өгей ата-ана тәрбиесіндегі оқушыларды және аз қамтылған,үйден оқитын  оқушылардың   үйлерін  сынып жетекшілерімен бірлесе отырып үй тұрмыс жағдайын акт жасалынып зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Қаулы:
3.1.Әлеуметтік педагогтың жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
                        Төрағасы:                                  Бурымтаев Г.Н.
                          Хатшы:                                     Молдағали   Г.М
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив