9- сынып хаттама Сынып жетекшісі –Ибрагимова К.Б. » Соцжол орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9- сынып хаттама Сынып жетекшісі –Ибрагимова К.Б.
26
август
2022

9- сынып хаттама Сынып жетекшісі –Ибрагимова К.Б.

Ата-аналар жиналысының кезектен тыс
хаттамасы № 3
"Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
26 .12.2022 ж
                                  Қатысқандар: 1. Сынып жетекшісі –Ибрагимова К.Б.
                                                          2. 9- сынып оқушыларының   ата-аналары
Күн тәртібінде: 
1.Жаңа жыл  іс-шараларына дайындық барысында әрбір білім алушыға жеке көзқарас қағидаттарын және  балалардың қауіпсіздігі мен амандығын сақтау туралы  
2. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Балалардың оқыс оқиға куәгерлері болмауы үшін  ата-аналардың бақылауы  ережелерімен таныстыру   
ТЫҢДАЛДЫ:
Бірінші мәселе бойынша  сынып жетекшісі –К.Б.Ибрагимова 
Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында:
- іс-шара өткізуге аниматорлар, мерекелік агенттіктер, жеке студияларды тартуға;
-жаңа жыл ммерекесін сән - салтанатты өткізуге;
- салтанатты дастархан ұйымдастыруға;
-әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерге сыйлықтарға ақшалай қаражат жинауға жол бермеуге;
-жаңа жыл мерекесін мейрамханаларда , кафелерде және басқа көңіл көтеретін орындарда  өткізуге ТЫЙЫМ  САЛЫНАТЫНДЫғын атап өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сынып жетекші  адам өмірінің қауіпсіздігі туралы   айтып түсіндірді. Қысқы демалыс  күндері бақытсыздыққа ұшырамауы үшін балалардың да, ересектердің де қауіпсіз мінез-құлық шараларын сақтауға ерекше назар аудару қажеттігі айтылды. Демалыс кезіндегі ережелер 
  •  ЖЖЕ ережелерін сақтаңыз 
  • Өрт қауіпсіздігі және электр құралдарын пайдалану ережелерін сақтаңыз 
  •  Қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін сақтаңыз 
  • Көшеде жеке қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз 
  • Жануарларды ұстау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз 
  • Өткір, тесетін және кесетін, жанғыш және жарылғыш заттарды мүлдем қолдануға, үйде ұстауға болмайтындығы айтылып, ата-ана тікелей жауапты екені ескертілді.
Жаңа жылдық мерекелерде бақытсыздыққа түспеуі үшін осы қарапайым ережелерді есте сақтаңыз:
Тыйым салынады:
  • Жаңа жылдық іс-шаралар кезінде балаларды қараусыз қалдыру.
  • Пиротехникалық бұйымдарды қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады:
  • Өрт қауіпсіздігінің осы қарапайым ережелерін орындаңыз және қысқы демалыс күндеріндегі балалардың мінез-құлқын қатаң бақылаңыз! 
  • Өрт шыққан жағдайда құтқару қызметіне 112 , 01 телефонына қоңырау     
     шалуға болады 
Ата-аналарға арналған нұсқаулық: "балалардың пиротехникалық құралдарды пайдалануына тыйым салу туралы"
Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – ересектеріміздің басты міндеті. Қысқы демалыстың басталуымен балаларымызды жолдарда, су айдындарында, ойын алаңдарында, аулаларда үлкен қауіп күтіп тұр. Бұған ауа-райы, балалардың қызығушылығы, бос уақыттың болуы және ең бастысы ересектердің тиісті бақылауының болмауы ықпал етеді. Ең алдымен, балаңыздың бос уақыты мәселесін шешіңіз. Балаңыздың қайда және кіммен бірге екендігі туралы үнемі хабардар болыңыз және ол сіздің қайда екеніңізді әрқашан білсін. Балаңыздың тұратын жерін бақылаңыз.Жыл сайын, жаңа жылдық мерекелерде балалар мен ересектер, адамдар түрлі пиротехникалық бұйымдарды бақылаусыз пайдаланудың салдарынан ауыр жарақат алады: бұл  шартылдақтар, отшашулар және басқалар. Жаңа жыл қарсаңында және жаппай жаңа жылдық іс-шаралар кезінде, сондай-ақ ересектердің қарауынсыз балалардың жеке ойындары кезінде орын алады.Отшашулардың негізгі бөлігі-75% - шетелден, Қытайдан елге әкелінеді. Бұл ретте пиротехникалық құрылғылардың басым бөлігі қауіпсіздік талаптарына жауап бермейді. Пиротехниканы "қолдан" сатып алмаңыз. Бұл өртке, күйікке немесе жарақатқа айналуы мүмкін!Заманауи пиротехника балалар мен жасөспірімдерде үлкен қызығушылық тудырады. Құрметті ата-аналар, өз балаларымен пиротехниканы өз бетінше сатып алуға және оны ересектердің бақылауынсыз пайдалануға тыйым салу туралы түсіндіру әңгімелерін жүргізік.18 жасқа дейінгі балаларға  фейерверктерді, шартылдақтарды пайдалануға қатаң тыйым салынады!
Құрметті ата-аналар! Қазіргі әлемдегі қауіпсіздіктің ең жақсы ережесі-жол бермеу, қауіп төндірмеу!
Мектеп оқушыларының кешкі сағат 20.00 –ден кейін көшеге шықпауға, ойнамауға, мал бағуға, тойларға, дүкендерге жалғыз бармау туралы ескерту жасап, оқушы мен ата-аналары қол қойды. 
СӨЙЛЕДІ:
Ата-ана  Туебаева Айнур қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану өткір міндеттердің бірі. Сондықтан біз ата -аналар балаларымыздың бос уақытын тиімді пайдаландыруды басты назарда ұстауымыз керек. Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану арқылы оқушылардың тұлғалық өсуі мен өзіндік жетілуін ашуда жаңа мүмкіндіктер береді. Балаларымыздың   жаңа жыл  іс-шараларына дайындық барысында, қысқы   демалыс кезіндегі өмір сүру қауіпсіздігі және бос уақытын дұрыс пайдалану керектігі туралы сынып жетекші тарапынан заңдарға негізделген түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, толық нұсқаулық алдық. Ендігі кезекте ата-аналарға оқушылардың өмір сүру қауіпсіздігін сақтау жауапкершілігі жүктелді.
Ата -ана Сейткулова Толқын
Оқушыларға талап қою, құрметтеу, оқушының жеке тұлғалық сапаларын ескеру, баланы қызықтыру оның оқу жұмысын белсенді етіп, кемшіліктерін түзетуге ықпал етуде ата-анар біздер де ықпалды  жұмыс  жүргізуіміз керек деп айта отырып, әрбір ата-ана оқшыларының жауапкершілігін қадағалайтындықтарын айтып өтті.
ҚАУЛЫ:
1. Оқушылардың сапалы білім,саналы тәрбие алудағы ата-ананың жауапкершілігі жандандырылсын

2. Жаңа жыл  іс-шараларына дайындық барысында, қысқы  демалыс кезіңдегі 

31-желтоқсан 8 -қаңтар аралығында ата-аналар  өмір қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықпен таныстырылды, балалардың өмір сүру қауіпсіздігі тікелей ата-анаға міндеттелсін .


 Жиналыс хатшысы                     К.Б.Ибрагимова
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив