Жарты жылдық есеп 2022-2023 оқу жылы » Соцжол орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жарты жылдық есеп 2022-2023 оқу жылы
23
декабрь
2022

Жарты жылдық есеп 2022-2023 оқу жылы















Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектебі 2022-2023 оқу  жылындағы  мектеп психологының жарты жылдық атқарылған жұмыстардың SWOT талдауы
















Психологиялық қызметтің мақсаты:білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік – психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

1)білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін – өзі тәрбиелеу және өзін – өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;

2)білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;

3)білім алушыларды психологиялық – педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тәсілді қамтамасыз ету;

4)психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

5)психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

6)білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтау;

7)психологиялық проблемаларды шешуде және оқу – тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата – аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;

8)білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық – педагогикалық құзыреттілігін көтеру.

Психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыты және мазмұны

 Психологиялық қызмет психодиагностикалық, 

консультациялық, 

ағартушылық – профилактикалық, 

түзету – дамытушылық және әлеуметтік – диспетчерлік бағытта жүзеге асырылады.

  1. Психодиагностикалық бағыттар:

1) білім алушылардың психикалық дамуын анықтау мақсатында оларды психологиялық диагностикалау; 

2) білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру;

3) білім алушылардың қабілеттілігі, қызығушылығы мен икемділігін психологиялық диагностикалау;

4) психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындау.

2. Консультациялық бағыттар:

1) білім алушыларға, ата – аналар мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру; 2) білім алушыларға, ата – аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін – өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым – қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу; 3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету; 4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру.

3. Ағартушылық – профилактикалық бағыттар:

1) білім алушылар мен педагогтердің өзін – өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету; 2) білім алушылар бейімсіздігінің алдын алу; 3) білім алушылардың әлеуметтік мінез – құлқының алдын алу; 4) педагогтерді аттестаттауды әлеуметтік – психологиялық сүйемелдеу; 5) әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестің жұмысына ықпал ету.

4. Түзету – дамытушылық бағыттар:

1) жеке тұлғалық өсуге арналған тренинтер өткізу; 2) білім алушылар мен педагогтердің тұлғалық, интеллектуалдық, эмоционалды – жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру; 3) жанжалдық тұлғааралық қатынастарды түзетуді жоспарлау.

5. Әлеуметтік – диспетчерлік бағыттар:

1) педагог – психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға, т.б.) аралас  - мамандармен жұмыс жүргізу; 2) әлеуметтік – медициналық – психологиялық қызметтер туралы банкін қалыптастыру; 3) аралас – мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара әрекет нәтижелерінің мониторингін жүргізу.

Күтілетін нәтиже: жеке тұлғалардың шығармашылық қабілетін дамиды, қызығушылығы  артады,  мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар  қажетті психологиялық көмек алады;

Осы оқу жылында жоғарыдағы  мақсат міндеттерге  жету жолында  жоспарланған іс -шаралар  атқарылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығы бекітілген психологиялық қызметтің жұмыс жоспарын басшылыққа алына отырып, ғаламтор желілерінің қосымша материалдарын  қолдана отырып жоспарлар жасалып мекеме басшылығымен бекітілді. 







Психодиагностика


Күшті

1-сынып оқушыларымен «Әріптер мен сандар», «Дұрысын тап», «нүктелерді көшір»,» Үйшік» графикалық тестер алынды МАД тобы тәрбиеленушілерімен әңгімелесу тесті, «Суретте неше жабайы, неше үй жануарлары бар?», «Артығын тап диагностикалық жұмыстары жүргізілді. 

  4-сынып оқушыларынан темпераментті анықтау сауалнама, «Менің көңіл-күйім», «социомертрия» әдісі, «менің сүйікті пәнім» гр. тест алдым.                               

5-8 сыныптар арасында  «Социометрия»  әдісі алынып, мониторинг жүргізілді», Кәсіби бағыттарын анықтау үшін 9- сынып оқушыларымен «Мамандықтар әлемі» тақырыбында тренинг-жаттығулары жүргізіліп, тест  алынды. 11- сынып оқушыларымен тренинг-жаттығуларымен, іскерлік ойындар өтілді. Педагогикалық ұжыммен жас мамандармен шебер сыныптармен, пікір алмасу жүргізілді.

Суицидтік мінез-құлықты анықтау барысында «Саған әлімжеттік  көрсетіле ме?», «Әлеуметтік желіге неше уақыттыңды бөлесің?»  тақырыбында анонимдік сауалнамалар алынды.

Әлсіз


Ата-аналардың аз қатысуы.


мүмкіншілігі

оқушыларды өз бетінше ізденіп, өзін-өзі дамыту мүмкіндігі. Сынып жетекші мен ата-ананың арасындағы психологиялық ахуалды жақсарту мүмкіндігі. Ата-ана тарапынан қолдау көрсету мүмкіндігі.

Қауіпті

Сауалнама нәтижесіндегі , кейбір нәтежиелердің сәйкес келмей немқұрайлық орын алуы

 Дамыту- түзету   











Күшті

мектепте үлгерімі төмен, мүмкіндігі шектеулі балаларымен жоспар бойынша баланың ой санасын дамыту жұмыстар жасалынды. Кездесулер, тренинг, кеңес беру, дөңгелек    үстелдер ұйымдастырылды

Әлсіз


Жекелей жұмыс жүргізу кезіндегі балалардың келмеуі

мүмкіншілігі

ата-ананың қолдау мүмкіншілігі

Қауіпті

психологиялық білімнің жеткіліксіздігі

Ағарту және сақтандыру


Күшті

Ата-аналар мен оқушылармен, педагогикалық ұжыммен,    жасөспірімдер арасындағы зорлық - зомбылық  және суицидтің алдын алу  бойынша видеоролик, көрсетіліп, әңгімелесу, кеңес беру,баяндама, пікір алысуіскерлік ойындар, жаттығулар,  рухани ізгілік сабақтарын  ұйымдастырдым.

1-11 сыныптарында тәрбие сағаттар, «Интернет деген не?» тақырыбында 5-6 сыныптарда бейне баяндармен слайдтар көрсетіліп, олардың зияны туралы ақпараттар берілді. 8 сыныптар арасында «Әлеуметтік    желінің түрлері» тақырыбында пікірталас өткізілді. «Интернетсіз өмір» ата-аналар мен 9 сынып оқушылары арсында пікірталас өтті. «Жасөспірімдік шақ және жыныстық жетілу» тақырыбында  8 сынып ұлдарымен  аудандық балалар бөлімінің психологі  Мамытова Айгүлмен бірге тренинг-жаттығулары жүргізіп,     ашық әңгіме өткіздік.  4 сынып оқушылары арасында «Смартфонның зияны» бейнебаян көрсетіп талдау жасады балалардың сұрақтарына жауап берді. Смартфонның денсаулыққа зияны яғни құлақ, көз ауруына шалдығатыны жайлы тереңірек мағұлмат  берді.    «Өмірге ИӘ деп айт» акциясын ұйымдастырып өттік.

Мектеп бойынша  іс-шаралардың , түсіндіру жұмыстарының жоғары деңгейде жүргізілуі.


Әлсіз


Сауалнамаларға шынайы әрі нақты жауап бермеуі

мүмкіншілігі

әңгімелесу мен пікір таласуда ойларын ашық айтпау мүмкіншілігі


Қауіпті

Ата-ананың осы тақырып аясында әңгіме жүргізбейтіндігі

Психология-лық кеңес беру


Күшті

Ата-аналарға қажетті психологиялық қолдау көрсетілді. Жаднамалар таратылды. Қажетті ақпараттармен таныстырылды


Әлсіз

Үлестірмелі материал-дың жеткіліксіздігі.  АКТ-нің қол жетімсіздігі

Мүмкіншілігі

Оқушылар мен ата-аналардың өз бетімен іздену мүмкіндігі

Қауіпті

Ата-ана тарапынан толықтай түсінік жұмысының жүргізілмейтіндігі

Әлеуметтік –диспетчерлік  қызмет


Күшті

Дамуында  ауытқуы бар балаларды дәрігер мамандардың кеңесіне жіберу


Әлсіз

Ата-аналардың түсініспеушілік танытуы


Мүмкіншілігі

Арнайы мамандардың жетіспеушілігі

Арнайы бағдарламалардың  қол жетімсіздігі

Қауіпті

Ауытқуы бар балалардың  жылдан жылға көбейюі. Екпе егу кезіндегі кездесетін қиындықтар



 Оқушыларға шығармашылық тапсырмаларды көбірек беру. Үлгерімі төмен  оқушымен жеке жұмыс жүргізу.Дарынды және  талантты  оқушыларды   анықтап, олардың    қабілеттерінің дамуына жағдай жасау.Оқушыларды ғылыми жоба жұмыстарына көбірек қамту.Тәжірибе алмасып отыру керек.  

О. Оқушылардың АКТ мен жұмыс жасауға құлшынысы. Мектеп тренері  және курста бірге болған әріптестерімен кез-келген уақытта байланысқа шығуы, пікір алмасу мүмкіндігі. 

Пән мұғалімдері сабақтарына күнделікті қалыптастырушы бағалауды дұрыс қолдануда, сабақтарын өмірмен, қоршаған ортамен байланыстырып өтуде. Сын тұрғысынан шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады. Оқушылар өз ойларын ашық айтуға, басқалардың ойын тыңдауға үйренеді. 

Осы дағдыларды негізге ала отырып:

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары оянды.

Ойлау қабілеттерін арттыру барысында сөздік қоры дамыды.

Өздігінен ойларын еркін жеткізе білуге үйренді.

Өз ойын еркін айтуына  мүмкіндік берілді.

Ойын дамыта өзгертеді.

Шығармашылық жұмыстағы еркіндікке мүмкіндік .

Кез келген мәселені өзінше шешеді.

Баға беруге, таңдау жасайды.

Оқығанын өмірмен байланыстыруына, өмірде қолдана алуына мүмкіндік беріледі.                                                                                                                                   

Аты-жөні, тегі (толық)

Мектеп аты

Туған жылы 

күні

Білімі

Бітірген оқу орны (толық), жылы

Мамандығы







оқыту тілі

Пед өтілі

Санаты

Курстан өтуі

Пед жүктемесі


1

Қазыбаева Баян Толендыевна

.Бөкейхан атындағы ом"

05.09.1980

жоғары

Жетісу  мемлекеттік университеті

1997-2001ж

Педагог-психолог

қазақ

18.9

Педагог- сарапшы

2021.


1


Т Мұғалімдердер, ата- аналар мен оқушылардың оқу тәрбие саласындағы және сабақтын тыс іс-шараларға  қызығушылығын арттыру. Оқушылардың белсенділігін арттыру.

  • Мұғалімнің көмегінсіз өз беттеріммен шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру 
  • Сабақ жоспарларына қол жетімді мақсат қою, уақытты тиімді 
  • Дарынды және үлгерімі  төмен оқушылармен жұмысты жандандыру
  • Ақпаратттық техналогияларды сабаққа  тиімді  қолдану 
  • Интернет желісін тиімді пайдалану 



         Педагог-психолог: Б.Т.Қазыбаева
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив