Педагогикалық кеңестің №3 хаттамасы » Соцжол орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогикалық кеңестің №3 хаттамасы
04
январь
2023

Педагогикалық кеңестің №3 хаттамасы

«Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Педагогикалық кеңестің №3  хаттамасы
04.01.2023 жыл
Қатысқандар: 30
Қатыспағандар: жоқ
Күн тәртібінде:
1.Екінші педагогикалық кеңестің шешімінің орындалуын талдау.
2.І жарты жылдықтағы  оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы.
3.І жарты жылдықтағы педагог психологтың жұмысының қорытындысы.
Бірінші  мәселе бойынша екінші педагогикалық кеңестің шешімі бойынша шыққан қаулылар орындалды.
Екінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Туебаева Айнұр сөз алды. 
2022- 2023 оқу жылының ІІ тоқсанды 96 оқушымен бастап, 95 оқушымен аяқтадық, оның  37 ұл, 58  қыз.   Келген оқушылар жоқ, 1 оқушы кетті.
ІІ тоқсанда 2-11 сынытар бойынша   білім сапасы 63,2%. Бастауыш сыныптардың білім сапасы 62 % құрап отыр. Бастауыш 2- 4 сыныпта 30 оқушы 10 үздік, 11 екпінді оқушы бар. 
І және ІІ тоқсан қорытындысынң салыстырмалы талдауы.
2022-2023 оқу жылында І -ші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша пәндердің  білім сапасына салыстырмалы талдау есебі.
1-сынып 60%66,6%6,6+
2-сынып 50%66,7%
71,4%
16,7+
3сынып71%0,4+
4сынып 63%60%3-
5сынып66%66,6%0,6
6-сынып60%60%
7-сынып62%57%5-
8-сынып57%50%7-
9-сынып50%50%
10-сынып66%50%16-
11-сынып 85,7%86%1,7

62,5%61,2%63,1%









ІІ тоқсан бойынша пәндердің білім сапасының қорытындысы.
Қазақ тілі                                  67,4%
Қазақ әдебиеті                         82,5%
Орыс тілі                                   61%
Ағылшын тілі                          65%
Математика                              67,5%
Геометрия                                69,5%
Физика                                      67%
Химия                                      72,5%
Биология                                   76%
География                                 75%
Информатика                          69%
Қазақстан тарихы                   68%
Дүниежүзі тарихы                  68%
 2 мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Затбаева Айгүл сөз алды.Отбасылық тәрбиеге байланысты ата –аналармен жоспарға сай кездесулер, жиналыстар өткізілді. «Отбасы – мектеп» жобасы негізінде   жұмыс жүргізіледі. "Әке-ер,ана-жігер бір үйде екі кемеңгер" деген халық даналығын қолдана отырып," Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы", "Отан отбасынан басталады" тақырыптарында іс-шаралар өткізілді.
Мектебімізде БҰҰ бала құқықтары туралы Конвенцияны басшылыққа ала отырып, отбасындағы ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынас сипатын анықтау мақсатында сауалнама жүргізіп, нәтижесі қорытындыланды. Ата-аналар жиналысында «Ата-ана міндеттері мен құқықтары»,«Тұрмыстық зорлық- зомбылық профилактикасы» тақырыптарында баяндама оқылып талқыланды. Әр тоқсан аяғында болатын демалыс уақытында ата-аналар өмір қауіпсіздігі және жол ережелерімен таныстырылды.Ата-ана өз баласының өмір қауіпсіздік және көшеде жүру тәртібіне  мән беруін, балаларды ауылдан тыс жерлерге шығармауы (аудан,қала) ескертілді.
Ата-аналарға сабаққа қатысуға «Ашық есік күні » белгіленді және кесте құрылды,сол кестеге сәйкес ата-аналар сабаққа қатысып бағалау парақтарын толтырды. 
Ата –ананың бала алдыдағы құқықтық міндетері мен жауапкершілік қағидаларын туралы пікір –сайыс,«Отбасылық дәстүрлері – шаңырақ тірегі» , «Отбасы – аялы алақан мекені»  тақырыпта іс – шара ұйымдастырылды.
«Отбасым-алтын қазынам» тақырыбында сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. 10-11-сынып оқушылары арасында «Отбасы өнегесі» тақырыбында челлендж, «Менің бақытты жанұям» тақырыбында эссе байқауы, «Мен отбасыммен мақтанамын» атты сурет байқауы, ата-аналармен оқушылардың қатысуымен флэшмоб ұйымдастырылды.
Оқушылардың кәсіптік бағдар негізінде қыркүйек айынан бері әр түрлі саладағы маман иегерлерімен кездесулер ұйымдастырлуда. Метеп бітіріп, әр түрлі жоғары оқу орнында оқып жатқан студенттермен «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында сыр сұхбат өткізілді.Экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту аясында « Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің символы» , «Жасыл дәріхана», «Туған ауылдың экологиясы», «Электр қауіпсіздігі», «Дәрілік өсімдіктер», «Қоршаған ортаны қорғау және алдын алу жолдары», «Қоршаған ортаның ластануы және оның адам денсаулығына әсері», «Табиғатты қорғау- қасиетті іс», «Тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату», «Біз өмір сүріп жатқан ауыл-экологиялық мәселелер» Көгалдандыру және абаттандыру бойынша . "Жасыл ел" қозғалысы шеңберінде жасыл желектерді отырғызылды.«Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай білде талап қыл!»  «Мен таңдаған мамандық»
Қыркүйек айында мектепішілік  жоспар жасалынды. Сынып жетекшілер  экология бағыты бойынша  әр айға іс-шараларын жоспарлап, ай сайын өткізіп отырды.   Экологиялық тәрбие бағытында  «Жас эколог» үйірмесі жұмыс жасайды.   
   «Жас эколог»  үйірмесінің мүшелері мектеп ауласында гүлдерді күтіп, баптауға ат салысады. Спорт алаңының шетіне жас көшеттер отырғызды. Мектепте  1-11 сыныптар арасында экологиялық тәрбиеге байланысты мынандай іс шаралар өткізілді. 1-сыныпта «Табиғат -ана не туралы айтып береді?», 3- сыныпта  «Су – тіршілік көзі», 4-сыныпта «Табиғатты сақтау-өмірді сақтау»,5-сыныпта «Табиғат қателікті кешірмейді» 6- сыныпта «Жасыл дәріхана», «Табиғат -туған үйіміз», 7-сыныпта «Экология және адам», 8-сыныпта «Планетаның биологиялық әр түрлілігі», «Табиғат кешенді қорғау», 9-сыныпта «Зиянды заттар және оның адамға әсері», «Табиғатты қорғау әр аламның міндеті», 10-сыныпта «Табиғи апаттардың болдырмаудың жолдары»,11-сыныпта  «Табиғат және біз» тақырыптарында тәрбие сағаттары  өткізіліп, видиороликтер жасалынып, интернет желілеріне салынып отырылды. 
Интеллектуалды мәдениетті дамыту мақсатында мектептің қабілетті оқушыларымен арнайы жұмыс жоспары құрылып,  жұмыс жасайды. Мектеп шәкірттері оқушы зияткерлігін анықтайтын ұшқыр ой алаңы «Әділет» дебат клубының мүшелері   интеллектуалды байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленді. 
Эстетикалық тәрбие беру мақсатында   сынып оқушыларына тақырыптық тәрбие сағаттары өткізіліп, мектеп формасының сақталуы,оқушылардың талғаммен киінуі басты назарда ұсталынады.1-11-сыныптарда «Кел, жаңа жыл, жаңа жыл !» атты  тәрбие  сағаттары   өткізілді . Аудан әкімінің шыршасына мектептегі тұрмысы төмен,көпбалалы отбасынан 4-сынып оқушысы Нұрыш Мадинаға қыстық куртка,спорттық киім,бас киім мен мектеп сумкасы,тәттілер және ойыншық берілді.Мектепте шаруа қожалықтарының демеушілігімен үйде оқитын 1 оқушыға,тұрмысы төмен 3 оқушыға сыйлықтар мен тәттілер берілді. 
Сынып оқушыларына жаңа жыл мерекесі  сынып бөлмесінде   ұйымдастырылды. Оқушыларды әсемдікке баулу, оларға эстетикалық тәрбие беру, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, қолөнерге баулуда   жұмсақ ойыншық жасау техникасы үйретіліп, қабырға газеті шығарылды.«Қонақ күте білеміз бе?», «Әдеп ережесі», «Үлкенге құрмет,кішіге міндет», «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» тақырыптарында тәрбие сағаттары, «Тапқыр достар» интеллектуалдық ойыны өткізілді. «Бабадан қалған ұлы мұра», Даңқ мұражайына біркүндік саяхатқа барды.
 Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері «Әкем,шешем және мен-біз спаорттық отбасы» тақырыбында отбасылық сайыс және оқушылар арасында эстафеталық ойындар өткізді. 
2.1. І жарты жылдықтағы  оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы қанағаттанарлық деп танылсын.
Үшінші мәселе бойынша мектеп психологы Қазыбаева Баян І жартыжылдық бойынша психологтың жұмысымен таныстырып өтті. Мектептегі психологиялық қызметінің негізгі бағыттары:
  • Психологиялық диагностика
  • Психологиялық түзету-дамыту
  • Психологиялық алдын-алу
  • Психологиялық кеңес беру
  • Психологиялық ағарту
Бұл психологиялық қызметтің І –ші жарты жылдық бойында сараптамалық жұмыстың нәтижесі:
Қараша-желтоқсан айлары бойынша диагностикалық жұмыстар саны -16. Оқушылармен жүргізілген диагностикалық жұмыстар-7, ата-аналармен-1, мұғалімдермен-1.
Ағартушылық жұмыстар саны -6. Оқушылармен-4, ата-аналармен-1, мұғалімдермен-1. 
Жеке кеңес алғандар саны-9. Оқушылармен-6, ата-аналармен-3, мұғалімдермен-0.
Топтық кеңес алғандар-25. Оқушылармен-12, ата-аналармен-7, мұғалімдермен-6.
Түзету –дамытушылық жұмыстар саны-6. Жеке-2. Топтық-4.
1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөнінде анықтама.
       Мектебімізде 2022-2023 оқу жылында 1сыныбында 6оқушы бар. Оның ішінде қыз бала-4. Ұл бала-2. 
Оқушылар мектеп жарғысындағы оқушының міндеттері мен ережелерін үнемі сақтап отырады.  Күн тәртібінің орындалуы, мектеп формасының сақталуы, күнделікті толтыруы жақсы жағдайда. 1 сыныбының жетекшісі: Үсембекова Жанат. Жоғары санатты зерттеуші маман. Бұл сыныптың да сынып жетекшілерімен  қарым-қатынасы жақсы деңгейде, оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен келеді. Сынып жетекшілер оқушылармен  жеке, топпен, жалпылама жұмыс жасайды.  
        Сынып жетекші сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуіне жағдай жасауда, оқушылар денсаулығын сақтау мақсатында күнде ертеңгілік жаттығу, сабақ барысында кемінде екі рет сергіту жаттығулары жүргізіледі. Ата-ана тарапынан үйдегі оқытуға  қадағалу бар.     
        Мектеп психологының жұмыс жоспары бойынша  14 қараша бірінші сыныптардың бейімделуін бақылау жүргізілді. Оқушылардың мектепке бейімделуі қалыпты жағдайда деген қорытынды жасалды.
Қараша  айында 1 сынып оқушыларынан  «Баспалдақ әдістемесі», «Социаметрия» әдістері  алынды.  Мақсаты: Баланың өзін-өзі бағалау деңгейін және достары арасында  орынын  анықтау. Қатысты: 6 оқушы.  
Мектебімізде 5сыныбында 9 оқушы, оның ішінде  4- ұл, 5-қыз оқиды. Мектеп жарғысындағы оқушының міндеттері мен ережелерін үнемі сақтап отырады.  Күн тәртібінің орындалуы, мектеп формасының сақталуы, мектепішілік шараларға қатысуы жақсы.
                5 сыныбының орта буынға бейімделуі жақсы. Анықтау мақсатында оқушылардың оқу әрекетінің мотивациясына арналған сауалнама алынды.
Сауалнама нәтижесінде сынып оқушылардың көбі жақсы көңіл күймен келетіндіктерін айтты. Оқушылардың пәнге деген көзқарастарын анықтауда Жомарт,Бағдаулет, Ернар ағылшын пәнінен оқуда аздап қиналатындықтарын көрсеткен. Жомарт математика сабағынан да қиындық тудыратындығы анықталды. 
Оқушылардың барлық мұғалімдер мен және сынып жетекшілермен қарым- қатынасы өте жақсы.   Оқушылардың есте сақтау қабілетін анықтау барысында 5  сыныбы бойынша есту арқылы есте сақтау-  25% , көру арқылы есте сақтау-  55%, көріп –қайталау арқылы есте сақтау- 75% нәтиже көрсетті.
  Сынып оқушыларымен «Мен өмірді сүйемін», «Мен және менің әлеуметтік рөлім» , «Өз мінез құлқынды қалай тәрбиелейсің?» атты тақырыптар да психологиялық тренингтер  өтілді .Онда оқушылар өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай нені білу керек екендігін білді. 5- сыныптың бастауыш сыныптан қандай айырмашылықтары бар екендігі туралы ойларын ортаға салды. 
    Оқушыларға мейірімділік, көңіл-күй, пәнге деген қызығушылық (көрнекіліктер),  мұғалімнің көңіл аударуы қажет.  Оқушыларымыздың мінез-құлқына келетін болсақ , мұғалім зейінін көбірек қажет ететін оқушылар бар. Олар: Айтқан Жомарт (өте еліктегіш ), Тілеукен Ернар (ұшқалақ тынымсыз).  Жалпы 5-сыныптың бейімделуі қалыпты жағдайда өтуде.
17.11.22 күні  5 сынып оқушыларынан  сауалнама алынды. Қатысқаны:9. МақсатыОқушылардың оқу мотивациясын анықтау. Сынып арасындағы оқушылардың қарым- қатынасын байқау. Оқушылардың сынып жетекшісімен, пән мұғалімдермен қарым-қатынасын анықтау.Сауалнама нәтижесінде сынып оқушылардың көбі жақсы көңіл күймен келетіндіктерін айтты. 
 Жеке жұмыс істеуді қажет ететін бір оқушы Тілеукен Ернар.Өте ұшқалақ, өз ойын ашық айта алады қу.Артық сөз көп айтады. Бойында бір қорқыныш бар. Ренжігіш тұстары да байқалды. Өзін жалғыз сезінеді. 
Коррекциялық жұмыс: сынып ұлдарымен, қыздармен жекелей кеңес өткізілді. Ермен жеке жұмыс жүргізілуде. Үйірмелерге қатысуға бағыт беру.
Ерте жүктіліктің алдың алу  мақсатында 7-11 сынып қыздары арасында дәріс сабақ өтті.Қыздарға ерте жүктіліктің зияны жөнінде. Адам денсаулығы мен болашағына   тигізер зардабы жөнінде мектеп медбрат дәріс оқыды. 
 Дәріс барысында қыздарға презентация көрсетілді. Етеккір жөнінде ақпарат берілді. Дәріс соңында мектеп психологы құпия түрде сауалнама алды. Мектеп психологы қыздардан  сауалнама алды. Сауалнама нәтижесі төмендегідей.
Ерте жүктілікке қыздардың барлығы теріс көзқараста екендігін көрсеткен. 8 оқушы ерте жүкті болудың себебі махаббатқа деген беріктілік деп түсінгені байқалды.  3 оқушы ата-ананың мейірімі мен көңіл бөлуінің жоқтығынан деген көзқараста екендігі анықталды.  
Дәріс қорытындысы бойынша: 7-11 қыздары ақпарат көздерімен таныс, бастапқыдан қарағанда ерте жүктіліктің қаншалықты зиян екендігі анық түсіне біледі. Қыздарға ата-ана қамқорлығы мен мейірім жетіспейтіндігі жөнінде ата-аналарды  хабардар ету.
Мектебімізде І жартыжылдық бойында алынған сауалнамалар саны-10. 
( оқу мотивациясын анықтау, социометрия, қызығушылық картасы, ерте жүктіліктің алдын алу, интернетке тәуелділікті анықтау, агрессивті мінезді анықтау,  тәуекел топты анықтау, мұғалімдер және ата-аналардан сауалнамалар алынды).
Қаулы:
3.1. І жарты жылдықтағы  педагог психологтың жұмысының қорытындысы қанағаттанарлық деп танылсын.
                           Төрағасы:                                  Бурымтаев Г.Н.
                          Хатшы:                                     Молдағали   Г.М.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив