2021-2022 оқу жылына арналған психологтың жоспарлы түрде жасалған жұмыстарының жылдық есебі » Соцжол орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылына арналған психологтың жоспарлы түрде жасалған жұмыстарының жылдық есебі
06
сентябрь
2021

2021-2022 оқу жылына арналған психологтың жоспарлы түрде жасалған жұмыстарының жылдық есебі

Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектебінің 

2021-2022 оқу жылына арналған

психологтың жоспарлы түрде жасалған

 жұмыстарының

жылдық есебі






                                                              Педагог-психолог:Б.Т.Қазыбаева














Мектептегі психологиялық қызметінің негізгі бағыттары:

  • Психологиялық диагностика
  • Психологиялық түзету-дамыту
  • Психологиялық алдын-алу
  • Психологиялық кеңес беру
  • Психологиялық ағарту

Бұл психологиялық қызметтің диагностика бағыты бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

        2021-2022 оқу жылының қыркүйек айында 1 сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейін анықтау үшін Керн-Йерасек тесті алынды. Онда   оқушылар  «Ер адам суретін салу», «Сөздер көшірмелері», «Нүктелер көшірмесі» және Отбасы суретін салды. 

Менің отбасым» суретті тестінің қорытындысы бойынша бірінші сынып оқушыларының отбасындағы жағдайлары жақсы, эгоцентризмі және мазасыздану деңгейі жақсы екендігін анықталды. Балалардың тест қорытындысы бойынша төмен көрсеткіш көрсеткен 1 оқушымен түзету-дамыту жұмыс өткізу қажет екені байқалады.

«Баспалдақ әдістемесі»бойынша  баланың өзін-өзі бағалау деңгейін жоғары оқушылар қатары көп екендігі анықталды.



Қараша айында 1 сынып оқушыларымен балалардың таным процесін зерттеу әдістері арқылы оқушылардың қабылдау ерекшеліктері, есте сақтау, байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттері анықталды. Қатысқандар саны-5 оқушы.

Мектептің оқу- тәрбие жұмыс жоспары бойынша  5-12 желтоқсан аралығында бірінші сыныптардың бейімделуін бақылау әкімшілік тарапынан жүргізілді. 1  сынып   оқушыларының мектепке бейімделуі қалыпты жағдайда деген қорытынды жасалды.

   1 сынып оқушыларының ата-аналарынан бала мен қарым-қатынасы, баласының сабағына көңіл бөлуі туралы сауалнама жүргізілді. Нәтижесі: баламен қарым-қатынасы жақсы-100%, сабағына көңіл бөлуі: жоғары - 80%, орташа 20% және қыркүйек айында алынған сауалнамада «Балаңыз мектепке қаншалықты дайын?» деген сұраққа ата-аналар жауап жазды. Нәтижесі:


     Қыркүйек айында 1-11 сыныптар арасында сынып лидерін анықтау мақсатында социометрия әдісі жүргізілді. Зерттеуге 103 оқушы қатысты. Әр сыныптан сынып лидерлері анықталды.

     Қараша айында оқушылардың оқуға деген көзқарасын анықтау мақсатында 5-7 сыныптар арасында сауалнама алынды. Сауалнамасының нәтижесі бойынша балалардың оқу мотивациясы екі деңгейде де көрініс бергенін анықтады. Сауалнамаға 32 оқушы қатысты. Қорытындылап айтқанда жоғары деңгейде - 25, орта деңгейде –  7 оқушының көрсеткіштері сай болды. Сонымен қатар 5-11 сыныптар арасында темпераменті анықтау мақсатында тест алынды. Нәтижесінде:

А.   Холерик 15 оқушы,

Б.    Сангвиник 20 оқушы,

В.   Флегматик 18 оқушы,

Г.    Меланхолик 13 оқушы.



Желтоқсан айында адаптация деңгейін анықтау мақсатында жоғарғы, орта, кіші топтармен жеке жұмыстар жүргізілді. 5 сынып оқушыларынан мектептегі беймазалылықтың нысанын анықтау мақсатында желтоқсан айында Филипстің «Мектептегі беймазалылық» тесті жүргізілді.Тестке 9 оқушы қатысты. Желтоқсан айында адаптация деңгейін анықтау мақсатында 5 сынып орта буын, 10 сынып жоғарғы буын, 1 сынып кіші буынға бейімделуі қалай жүріп жатқанын анықтау мақсатында сабақтарға қатыстым. 

 5 сынып оқушыларымен «Ұжымды ұйымдастыру?», «Мен өмірді сүйемін» , «Мінез құлықтарды зерттеу» атты тақырыптар да психологиялық тренингтер  өтілді .Онда оқушылар өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай нені білу керек екендігін білді. 5- сыныптың бастауыш сыныптан қандай айырмашылықтары бар екендігі туралы ойларын ортаға салды.   Ата-аналармен  «Баланың бас ұстазы- ата-ана» атты жиналыс өтті. Онда ата-аналарға балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты қандай өзгерістер болатындығы жөнінде кеңестер берілді. 5-сыныптың бейімделуі қалыпты жағдайда өтуде.

        Ұсыныс: 1. Оқушылармен психологиялық жаттығулар мен тренингті одан әрі жандандыру;

                2.  Әлібек,Бейбарыс осы оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу. 6 сынып оқушыларымен «Достық» атты тренинг өтті. Мақсаты: Оқушылардың қарым - қатынасын нығайту. Сынып ішінде ауызбіршілікті сақтауға шақыру болды. 

4- сынып оқушыларын орта буынға бейімдеудегі алдын- алу мақсатында сауалнамалар алынды.


сынып

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

100%

100%

66%

100%

100%

93 %

66 %

53 %

100%

100%

 «Оқушылардың оқу пәндеріне деген көзқарасы» атты сауалнаманың нәтижесі төмендегідей көрсеткіш көрсетті.    

Пән аттары

Жақсы көретін пәндері

Сүйіп оқитын пәндері

Қиналатын пәндері


Қазақ тілі мен әдебиет

60%


 26%

4                 

%       

40  %

26 %

20%

Математика

40%

46%

46%

Дүние тану

12%

46%

%

Өзін-өзі тану

6%

%

6%

Орыс тілі

6%

%       

20%

Бейнелеу

12%

6%


Дене шынықтыру

6%

  26%

Еңбек

12%

%

6%

     Мектепте психологиялық алдын-алу жұмысы өте қажет, себебі ол балаға өзін-өзі тануға, өзін-өзі бағалауға көмектеседі. Психологиялық тренинг сабақтардан кейін және басқада қосымша жұмыстардан өткен оқушылар былай деп жауап береді:

  • Мен өзімнің ішкі әлемімді білдім.
  • Ойлау және қабылдауды қалай түсіну керектігін білдім
  • Өз сыныптастарыма басқа көзқараспен қарадым
  • Қандай да бір қиыншылық жағдайда да өзімді қалайша ұстауға болатынын білдім.

      Мотивациялық қалыптастыру жұмысы одан әрі жүргізіледі, себебі психологиялық және эмоциялық жағынан жайлы сезінуі осыған байланысты, көбіне бұл мұғаліммен тәуелді. Берілген сауалнамадан оқушылар сынып жетекшілеріне мынадай жауаптар береді: 

                   - ақ көңіл, ақжарқын болу

                   -  шын көңілімен сөйлесуге                   

                       - жиі күлуге

                      -  сөйлесіп, сыпайы болуға

                        - мұғалім сені тыңдамағанда ренжисің

       Мектеп ата-аналарына анкета және тесттер беріліп, ата-аналар жиналысында өз ойларын ортаға салады, бірақ өкінішке орай жиналысқа ата-аналар сынып жиналыстарына аз келеді. Бастауыш және ортаңғы буын сыныптары арасында «Достық» атты ойын өткізіледі. Сонымен қатар ата-аналарға  балаларының көңіл –күйіне көбірек көңіл бөлу ерекше айтылады. Оқушылардың өзі-өзіне қол жұмсау мәселесі жөнінде ата-аналармен жиналыстар ашып қазіргі кезде болып жатқан жағдайларды толықжеткізе отырыпжан- жақты түсіндіру жұмысы ДТІЖО бірлесе жүргізіліп жаднамалар таратылды. Нәтижесінде   алаңдататын жауаптар болған жоқ. Сонымен қатар «Өмір –күрес, жеңе біл !», «Өскелең ұрпақ арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» атты тақырыптарда тренинг сынып сағаттар өтілді. Оқушылардың мазасыздық деңгейін анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша оқушыларды қорқыныштың, күйзелістің жоқ екені анықталды.   

   Дарындылықты анықтауда бірнеше жақта қарастырылды. Интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалык дарындылық және спорттық дарындылық. Ғылыми жұмыс қорғауға баратын оқушылармен психологиялық жағынан сендер жұмыстарыңды жақсы қорғап шығасыңдар, барлығы дұрыс болады,  өздеріңмен қорғауға шыққан өзге мектеп оқушыларымен танысасыңдар, өздеріңі жаңа біліммен қатар достар табуларың мүмкін деген жадынамамен ақпараттандырылды. 

  Бастауыш сыныптарда психогеометриялық тест алынып, оқушылардың психологиялық қасиеттері анықталды. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттері де зертттелді. 

   Үлгермеуші оқушылардың ең алдымен үлгермеушілік себептерін анықтап алып оқушымен жеке әңгімелер өткізілді. Оқушылардың сабақтарына қатынасып, оларға қандай көмек қажет екені анықталды. Осы мақсатта оқушылармен сауалнама, тест алынып, оқушылардың қаншалықты деңгейде қабілеті бар екендігі анықталып, нәтижесі мұғалімдерге ескертіліп отырды. .Өкінішке орай кейбір ата-аналар балаларына көңіл аударуды ұмытып кетеді. 

     11 сынып оқушыларымен оқу жылының басынан жеке жұмыс жоспары бойынша жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың типтік ерекшеліктеріне байланысты қандай кәсіпке бейімділігі бар екенін анықтау мақсатында сауалнама алынды. Тестке қатынасқан оқушылар саны- 8 оқушы. Тестің нәтижесінде оқушылардың типтеріне байланысты 5- ші пәндері және болашақта қандай мамандық иесі болатындығы анықталды.    

Қаңтар айында 5-11 сыныптар арасында дөңгелек үстелдер, сауалнама, тренинг, тест, әңгіме әдістері өткізді. Мәселен «Өмір сен қымбатсың маған» атты 8-11 сыныптар арасында тренингтер өткізілді. Мақсаты: Өмірге деген құштарлықтарын ояту. Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу. 5-6 сыныптар арасында жоспарға сәйкес «Өз мінез-құлқынды қалай тәрбиелейсің» атты тренинг өтті. Мақсаты: Оқушыларға мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту. Мінезді жетістіктер мен міндеттерді ажырата білу. Жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Ақпан айында «Мен қандай адаммын?» 5-6 сыныптар арасында тренинг өтті. 9-11 сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығын анықтауға арналған  Е.А. Климовтың  әдістемесі алынды.  Мақсаты: Оқушының кәсіби бағыттылығын анықтауға арналған тест. Осы тест арқылы оқушы өзінің қабілетін, қызығушылығын, мамандықты дұрыс таңдай білуін анықтайды.

Е.А.Климов әдістемесі

Оқушының аты-жөні

Табиғат

Техника.

Белгі жүйе

Көрк образ

Адам


9-сынып








3-42%


1-14%

2-28%

2-28%










Қорытынды: Сынып оқушыларының басымы «Адам-табиғат» таңдаған 42%. Осы типтің өкілдері еңбектің объектілері ағзалар,өсімдіктер,жануарлар және биологиялық процестер болып саналады. Мұнда аграном, зоотехник, ветеринар, бақ күтуші, орманшы сияқты мамандықтар кіреді.  Климов әдістемесінде «Белгілер жүйесін» 14%, «Көркем образ» 14% таңдаған. Бұл мамандықтар түрі: аудармашы, програмист, бухгалтер, экономист, корректор, іс-жүргізуші, сараптамашы.

Мұндай жұмыстар үшін кестелерге, формула, сызба, карталарға деген қызығушылықтары болғаны жөн. «Адам-адам» 28%  еңбектің объектісі топтар, ұжымдар болып табылады. Мамандықтар қызмет көрсету сферасы, медицина, педагогика, юриспрденция және бейімінің айқындылығы орта деңгейде екенін байқатты.  Кәсіптік бағдар беру  9 сынып оқушыларының арасында әр оқушының бейімділігін мінез-құлқының психологиялық типтерін, жекеленген мамандықтың салаларына бейімділіктерін, таңдаған мамандықтарының сәйкестіктерін, мамандық таңдауға көмектесу,  тренинг сабақтар, анықтау мақсатында   «Д.Голландтың тұлғаның типтерін анықтау тестісі»,

Қорытынды: Голландтың кәсіби-тұлғалық типті анықтау нәтижесі 9 және 11  сынып оқушыларының басымы «Іскер типті» таңдаған 28%. Осы типтің өкілдері басымдылықты, өзін айналасын мойындағанын, жетекшілік жасағанды жақсы көреді. Басшылық, билік,  жақсы қабілеттерді меңгерген. Әртіс, журналист, телеоператор, меңгеруші, директор, дипломат қызмет түрлерін қалайды. Әлеуметтік типті таңдаған 42% Жанындағыларға ақыл айтқыш, жаны ашып, аяушылық білдіріп тұрады. Ұнататын қызмет салалары : Психология, медицина, педагогика.

Наурыз-мамыр айларында  «Дау-дамайды болдырмайық» 8-11 сыныптар арасында тренинг сабақтар өтті. Ағартушылық бағыты бойынша «Ата-аналар және олардың қарым-қатынасы» атты ата-аналар жиналысы өтті.  9-11 сынып оқушылары арасында мектеп жасындағы қыз балалардың жүкті болудың алдын-алу мақсатында қыз балалармен жыныстық тәрбие берудің және оқушылардың жүкті болып қалудың алдын алу тәрбиелік жұмыстар өтілді: «Қыздың жолы жіңішке» трениг сабақ, «Қазақтың ұлттық психологиясындағы қыз бала тәрбиесі» ата-аналармен дөңгелек стол өтілді. 

Сонымен қатар жыл бойы мектебімізде психологиялық бағыттар бойынша үлгерімі төмен, дарынды оқушылармен жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп отырады. 9 сыныптар мен 11 сыныптар арасында ҰБТ мен ОЖСБ-ға дайындыққа көмек көрсетудің бірнеше әдістері айтылып тренингтер өткізілді.  «Стрессті қалай жеңуге болады?», «Сен және сенің болашағын», «Дүниетаным, өмірлік жоспар және кәсіби таңдау» атты дөңгелек үстелдер мен тренинг сабақтары өтті. 

Сонымен қатар мектебімізде 10 қаңтар-10 ақпан және 5 мамыр-5 маусым аралықтарында «Мен өмірді таңдаймын» 23 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Қауіпсізд интернет» атты апталықтар өтті. Апталықтардың мақсаты кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу және оқушылардың өмірге деген құштарлықтарын ояту, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу. Ақпараттық науқанды өткізуде арнайы жоспар құрылып мектебімізде түрлі іс-шаралар жүргізілді. Ата-аналар жиналысы өткізіліп арнайы жадынамалар таратылды. Оқушылармен тренинг, сурет сайыстары, дебат пікір-талас ойындары ұйымдастырылып, кітап көрмелері де көрсетілді. 15 мамыр күні мектепішілік ата-аналар жиналысы өтіп. Онда ата-аналарға өткен апталық туралы мәліметтер беріліп, жазғы демалыста оқушылардың қауіпсіздігін қадағалау ескертіліп, қолхаттар алынды. 


Мектеп психологы: Б.Т.Қазыбаева

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив