2023-2024 оқу жылындағы НОБД (ҰҰБДҚ) –ның толтырылуы » Соцжол орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » 2023-2024 оқу жылындағы НОБД (ҰҰБДҚ) –ның толтырылуы
27
май
2024

2023-2024 оқу жылындағы НОБД (ҰҰБДҚ) –ның толтырылуы

«Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп» отдела образования Кербулакского района

АНЫҚТАМА

2023-2024 оқу жылындағы НОБД (ҰҰБДҚ) –ның ТОЛТЫРЫЛУЫ

Тіркеу мәліметтері

Білім беру ұйымдарының түрлері - білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы МОН РК 2013 жылғы 22 ақпандағы №50 Бұйрығына сәйкес толтырылған. Білім беру ұйымының БСН - Бизнес-сәйкестендіру нөмірін (12 сан). Ұйымның территориялық тиістілігі - қалалық жер немесе ауылдық жер деп таңдау. Ұйымдастыру-құқықтық түрі - білім беру ұйымының Жарғысына сәйкес таңдау, пошта индексі, елді мекеннің құрамдас бөлігінің түрі, елді мекеннің құрамдас бөлігінің атауы - көшенің/шағын ауданның толық атауын толтыру. Үй № - ғимарат нөмірін көрсету.

«Материалдық-техникалық қор»

Бөлімше «Ғимарат туралы мәлімет» Ғимараттар саны, бірлік - ұйымдағы барлық ғимараттар санын көрсету. Ғимараттар туралы мәліметтер - техникалық паспортқа сәйкес таңдау және көрсету. Оқушы орнының тапшылығы - есеп айырысу мәліметтерін көрсету. Инклюзивтік білім беруге арналған шарттардың бар болу - шарттардың бар болған жағдайда «иә», болмаған жағдайда «жоқ» көрсету. Турникеттің болуы туралы көрсету.

«Кітапхана/Оқулықтар»

Кітапхана, бірлік - кітапханалар санын көрсету. Кітапхана ауданы, ш.м. - білім беру ұйымының техникалық паспортына сәйкес кітапхана ауданын көрсету. Оқу залдарының саны, бірлік - оқу залдарының санын көрсету. Оқу залдарында отыратын орындар саны - оқу залдарыныдағы отыратын орындар санын көрсету. ОӘӘ қажеттілігі - қажетті оқыту әдістемелік әдебиеттің толық атауын толтыру. Оқырмандар саны - есепті жылдағы оқырмандар санын көрсету. Кітап беру саны, бірлік - есепті жылдағы кітап беру санын көрсету. Келіп кетушілер саны, адам - есепті жылдағы келіп кетушілер санын көрсету. Кітаптар саны, дана - кітаптардың барлық санын көрсету, оның ішінде оқулықтар, көркем әдебиеттер, брошюралар және журналдар. Жеке оның ішінде оқулықтар және кітаптар (көркем әдебиеттер, брошюралар және журналдар). Электрондық оқулықтардың саны, дана - электрондық оқулықтардың санын көрсету. Қазақ тіліндегі кітаптар саны, дана - қазақ тіліндегі кітаптар санын көрсету. Ағымдағы жылда келіп түскен оқулықтарды ескере отырып оқушылардың қаматамасыздандырылуы - лайықтысын таңдау және толтыру.

«Компьютерлеу»

Компьютерлердің бар болуы - болған жағдайда-«иә», болмаған жағдайда- «жоқ» таңдау. Компьютерлердің саны - компьютерлер санын көрсету (барлығы, оқу үдерісінде қолданылады, оқытушыларға арналған, оқытушылар/ мұғалімдер қолданатын, ғаламторға шығу мүмкіндігі бар). Түсу көздері бойынша компьютерлердің саны, бірлік - есепті жылда қаржыландыру түрі бойынша сатып алынған компьютерлер санын көрсету.

Кабинеттер/Сыныптар/Дәрісханалар»

Сынып бөлмелері, оқу кабинеттері мен зертханаларды қоса алғанда, бірлік - сынып бөлмелерінің санын, оқу кабинеттері мен зертханаларды қоса алғанда, білім беру ұйымының техникалық паспортына сәйкес көрсету. Сынып бөлмелерінің ауданы, оқу кабинеттері мен зертханаларды қоса алғанда, ш.м. - сынып бөлмелерінің ауданын, оқу кабинеттері мен зертханаларды қоса алғанда,білім беру ұйымының техникалық паспортына сәйкес көрсету. 5-6-жастағы балаларға арналған ойын бөлмесі, бірлік - бар болған жағдайда, 5-6-жастағы балаларға арналған ойын бөлмесінің санын көрсету. Оқу кабинеттерінің болуы, бірлік - бар кабинеттердің санын көрсету. Лингафондық құрылыммен жабдықталған оқу кабинеттері, бірлік - лингафондық құрылыммен жабдықталған оқу кабинеттерінің санын көрсету. Кабинеттердің бар болуы - бар болған кабинеттерді белгілеу. Оқу шеберханаларының бар болуы - оқу шеберханаларының түрін және ондағы орындар санын көрсету.

«Қосымша мәліметтер»

Бөлімше «Кадрлар туралы қосымша мәліметтер» Инженерлік- педагогикалық жұмыскерлер саны, адам – инженерлік педагогикалық жұмыскерлердің санын штат және кадрларының қажеттілігі бойынша көрсету. Техникалық жұмыскерлердің саны, адам - техникалық жұмыскерлердің санын штат және кадрларының қажеттілігі бойынша көрсету.

«Қызметкерлер»

Апталық жұмыс мөлшері - таңдау (тұтас жұмыс күнде, толымсыз жұмыс күнде). ТжКББҰ 5 жылдан аса өтілі бар - «ия» немесе «жоқ» таңдау. Администрация бастамасы бойынша босатылды - «иә» немесе «жоқ» таңдау.

Бөлім «Контингент»

Топтың коды - топтың атауын толтыру (бір топта оқитын әрбір студенттің топтың атауын бірдей толтыру). Оқу мерзімі - анықтамадан студенттің қанша жыл (курс) оқу керектігін таңдау. Студент (оқу курсы) - студенттің оқу курсын таңдау. Біліктілік берілген сертификатты алды - «иә» немесе «жоқ» таңдау. Құқық қорғау органдарының есебінде тұрады - бұзылыстардың түрін белгілеу (әкімшілік құқық бұзушылық, өлтірушілік, ұрлық, бұзықшылық, есірткіні сақтау, өзге де). Ағымдағы жылда бітіргендерден, қайта қабылданғандар саны - сәйкесті таңдау (негізгі мектепті, орта мектепті, басқа). Негізде қабылданды - сәйкесті таңдау (9 класс, 11 класс. Аттестат түрі - таңдау (үздік аттестат, Алтын белгі, аттестат). Жұмыс берушiлердiң тәуелсiз бағалау қоғамдастығынан өтті - «ия» немесе «жоқ» таңдау. Оқу бітіргеннен кейін сол жылы жұмысқа орналастырылды - «ия» немесе «жоқ» таңдау.

Қорытынды

Білім беру ұйымдарының төлқұжаттарын толтыруға статистикалық есептерді жүргізу және тізбелер құрастырушысымен және ҰББДҚ есептерімен жұмыс істеу, әрбір пайдаланушы білім беру ұйымдарындағы статистикалық көрсеткіштерді республика және аумақ бойынша білуге мүмкіндік туғызады. Бұл аналитикалық зерттеулер, білім берудің әр деңгейі бойынша мониторинг. Жоспарлар және болжамдар жасауға білім мүмкіндік береді. ҰББДҚ – білім беру статистикасын жинау, мәліметтерді бірнеше жылға сақтау, уақыты белгіленбеген есептер құрастыруға арналған бірегей жүйе. Бұдан басқа, ҰББДҚ мәліметтерді айқын көру, күмәнді ақпаратты жоюға мүмкіндік береді. Білім беру ұйымдарының көрсеткіштерді бір уақытта енгізу, білім беру жүйесі статистикасын уақытылы қолдануға мүмкіндік береді.

НОБД (ҰҰБДҚ) –ның толтырылуы бойынша, жоғарыда аталған мәліметтердің барлығы жүзеге асырылды. Өзгерістер дер кезінде толықтырылып отырылды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив