2021-2022 оқу жылы тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі » Соцжол орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылы тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі
06
сентябрь
2021

2021-2022 оқу жылы тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі

2.Рухани-адамгершілік (Діни тәрбие, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет)
Мақсаты: тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен, нормалары мен дәстүрлерімен келісетін рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарын қайта жаңғырту туралы "Рухани жаңғыру" құндылықтары негіздерінің, оның ішінде "Құндылықтарға негізделген білім беру", "Қоғамға қызмет" жобаларын іске асыру арқылы терең түсінігін қалыптастыру.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі бағыты бойынша  оқу жылының басында  «Мектепке жол» қамқорлық акциясы жоғары деңгейде өткізіліп, акция барысында азқамтылған отбасы балаларына және қамқоршылықтағы балаларға киім кешек және оқу құралдарымен көмек көрсетілді. Акцияның негізгі мақсаты – әр түрлі санаттағы отбасы балаларына және жетім балаларға көмек көрсету. Жыл көлемінде жүргізілетін Республикалық « Мектепке жол»  акциясының жоспары құрылып,   бұйрық шығарылып бекітілді. Сынып жетекшілерден ұсынылған әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға мектеп ұжымы және 6 сынып ата - аналары  2 оқушыға қыстық куртка,  мектеп құралдары, дәрі дәрмек алып берілді.Қаңтар айында 1-11сыныптармен Әлеуметтік педагог «Мейірім шуағы» қамқорлық акция ұйымдастырды. Ата-аналар арасында «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі», «Қиын балалардың пайда болу себептері» тағы сол сияқты тақырыптарда жиналыстар, тренингтер, дәрістер өткізіліп отырылды.
 Ұстаздар күніне орай   «Ғалым да ,шахтер да бас иетін»,  ұстаздарды құттықтау. «Ұстаз аты-биік,әрі мәңгілік» тақырыбында ардагер ұстазбен кездесу өткізілді. Мақсаты: ұстаздық жолда еңбек еткен өмірі мен шығармашылығы туралы дәріптеу, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
 ҚР халықтарының тілдер мерекесі «Тіл –тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»  атты  онкүндікте іс шаралар өткізілді.
     9-сынып жетекшісі Халықова Г - «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» тақырыбында жоба қорғатты.
"Ыбырай Алтынсарин-қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогі"тақырыбында таным сағаты өткізілді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасымен тығыз байланыста жұмыс жүргізіледі.   Нәтижесінде 5-7-сыныптар арасында «Туған елің Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты республикалық  байқаудың аймақтық кезеңінен бас жүлдеге иеленіп,аудандық кезеңнен 6-сынып оқушысы Ақбүркітова Ажар облыстық байқауға қатысты. Дарынды оқушы Нурмухамед Арай   "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ұйымдастырылған  "Ұлы Жеңіске 76 жыл" тақырыбында аймақтық мәнерлеп оқу байқауында  жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. 
" Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ұйымдастырылған   "Ұлы Отан соғысы туралы   жазылған кітаптарды насихаттауға бағытталған аудандық буктрейлер байқауында  жүлделі  І орынды иеленді. 
... Фариза, Фаризажан, Фариза қыз атты Республикалық  Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған  әндерден БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР арасындағы өнер байқауы "Көркем сөз" номинациясының  І орын жүлдегері  болды
 «Ынтымағы жарасқан  елміз» апталық жоспары жасалып,   1-мамыр – Халықтар достығы күніне орай сынып сағаттар мен іс-шаралар өткізілді.
Виртуалды экскурсия: Абайдың мемориалдық үй мұражайна танымдық, ақпарат беру сабағы өткізілді. Түркістан – киелі мекен» ,«А.Байтұрсынов – ұлы тұлға» оқушылардың жан дүнмесін танымдылығын рухани байыту.  
«Туған елің Қазақстанды жақсы білесің бе?» деген  тақырыпта аймақтық мектептер арасында сайыс ұйымдастырылған.  өзінің білімімен , ынтасымен , тәрбиесімен Нұрғожа Елнұр   белсенділік танытып . Аудандық сайысқа жолдама алып І орын иеленді. «Мейірімділік»-адамның асыл қасиеті», «Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ә.Бөкейхановтың бес ұстанымы», «Ұлт ұстазы – Ы.Алтынсарин» тақырыптарында сыныптан тыс сабақтар өткізілді.
Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар!» атты мерекелік кеш жоғары деңгейде өткізілді. Мұрагер жастар ұйымының жетекшісі Мұхтар Бақбергеннің басқаруымен ұстаздар күніне орай қабырға газеті шығарылып «Ең үздік тілек» жәшігі ұйымдастырылды.. «Аяулы алтын күз» Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен күзгі балл мерекелік іс-шара өз мәнінде өтті. Күз ханшайымы мен ханзадасы марапатталды «.Адал ұрпақ еріктілер клубының» аудандық слетіне «Адал еңбек» тобы қатысып «Парасат» номинациясына ие болды. Саудабай Айжұлдыздың «Адал және сатылмайтын еңбек » атты тақырыпта салған суреті үздік деп танылды..
3.Ұлттық тәрбие бағыты бойынша
Мақсаты: жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана тілі және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсетуге бағыттау.
«Қазақстан киелі жерлері», «Ұлттық тәрбие ұлағат көзі» тәрбие сағаттары өткізілді. 8-наурыз –халықаралық әйелдер күніне орай   «Сұлулық әлемді құтқарады» атты поэтикалық кеш, «Қыз тәрбиесі – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында медбикемен Туебаева Айнұр кездесу, Қыздар кеңесінің төрайымы Г Кашканова  «Қыз –өмірдің қызғалдағы» Қыз сыны -2022 байқауы Мектеп әкімшілігі педагог-ұйымдастырушы  К Затбаеваның ұйымдастыруымен  22-наурыз – Ұлыстың ұлы күні «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» «Қазағымның дәстүрлері-ай»  атты мерекелік іс-шара өткізді.
Ұлыстың ұлы күні – 22 наурыз мерекесіне арналған «Наурыз аруы – 2022» байқауында Таңжарыққызы Нұрай  ІІІ орын
« Жігіт сұлтаны -2022» байқауында Нұрахмет Мейрамбек бас жүлдеге ие болды. «Ұлылардан қалған сөз» өнеге сабағы, «Имандылық- ізгілік негізі», 22 - қыркүйек Қазақстан халықтарының Тілдер күні «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»,«Жеті атаны білу- парыз» тақырыптарында сыныптан тыс сабақтар ұйымдастырылды.Мұрагер жастар ұйымының ұйысдастыруымен Ата жолы-ақ бата атты бата жаттаудан ұлдар арасында жарыс ұйымдастырылды.  4.Отбасы тәрбиесіМақсаты: ата-аналарға білім беру, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру
 Отбасылық тәрбиеге байланысты ата –аналармен жоспарға сай кездесулер, жиналыстар өткізілді. «Отбасы – мектеп» жобасы негізінде  жұмыс жүргізіледі. "Әке-ер,ана-жігер бір үйде екі кемеңгер" деген халық даналығын қолдана отырып," Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы", "Отан отбасынан басталады" тақырыптарында іс-шаралар өткізілді.
Мектебімізде БҰҰ бала құқықтары туралы Конвенцияны басшылыққа ала отырып, отбасындағы ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынас сипатын анықтау мақсатында сауалнама жүргізіп, нәтижесі қорытындыланды. Ата-аналар жиналысында «Ата-ана міндеттері мен құқықтары»,«Тұрмыстық зорлық- зомбылық профилактикасы» тақырыптарында баяндама оқылып талқыланды. Әр тоқсан аяғында болатын демалыс уақытында ата-аналар өмір қауіпсіздігі және жол ережелерімен таныстырылды.Ата-ана өз баласының өмір қауіпсіздік және көшеде жүру тәртібіне  мән беруін, балаларды ауылдан тыс жерлерге шығармауы (аудан,қала) ескертілді.
Ата-аналарға сабаққа қатысуға «Ашық есік күні » белгіленді және кесте құрылды,сол кестеге сәйкес ата-аналар сабаққа қатысып бағалау парақтарын толтырды. 
Ата –ананың бала алдыдағы құқықтық міндетері мен жауапкершілік қағидаларын туралы пікір –сайыс,«Отбасылық дәстүрлері – шаңырақ тірегі» , «Отбасы – аялы алақан мекені»  тақырыпта іс – шара ұйымдастырылды.Мектеп психологы Б.Қазыбаева мен қыздар ұйымының жетекшісі Г.Кашканова  «Болашаққа қамқорлық» тақырыбында  жоғары сынып қыздары  арасында тренингтер мен  сауалнама өткізді.Тренингке ауылдың фельдшері Ж.Кенжебекова да қатысты. 
Жыл басында аудан көлемінде «Парасатты отбасы» байқауы ұйымдастырылды.Байқауға 1-11-сынып оқушылары отбасыларымен 11 отбасы қатысты. Байқаудың мақсаты: Парасатты құндылықтарын насихаттау, отбасы   мүшелерінің арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық,достық қарым-қатынасты қалыптастыру,парасатты тұлғаны дамыту. Мектепішілік байқау 14-20 қыркүйек аралығында өткізілді.
Байқауға қатысу шарттары:
 — Байқауда азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен азаматтық ұстанымдарына назар аударылады.
 — Байқауға қоғамда белсенді, үлгілі отбасылар қатыса алады.
 — Байқауға абыройлы, парасатты және қоғамдық жұмыстарда белсенді, креативті, жаңашыл, парасатты, қайырымды әрекетімен көзге түскен отбасыларға назар аударылады.
 — Балалары қоғамдық іс-шараларға белсене қатысатын, парасатты, отбасы құндылықтарын қадірлейтін, спорт немесе өнермен шұғылданатын, ата-ана тәрбиесін қоғамдық өмірде көрсете алатын, көптеген әдеби-публицистикалық әдебиеттер оқыған болуы керек.Байқауға қатысатын отбасыларға байқау шарттары түсіндіріліп,видеороликтер сараланды.Нәтижесінде 10-сынып оқушысы Ауезбек Жанелдің өз отбасы туралы түсірген видеоролигі үздік деп танылып, аудандық байқауға жолдама алды.   Т.Еркінбековтың ұйымдастыруымен «Отбасының қоғам алдындағы маңыздылығы мен рөлі» тақырыбында ата – аналармен кездесу өткізілді.«Отбасым – менің қуатым» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды Бастауыш сынып мұғалімдері « «Жанұям қорғаным, ата-анам тірегім!», «Әр отбасы- бір әлем», «Өнегелі отбасы» тақырыптарында суреттер салғызды 5. Бағыты: Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
 Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту
Оқушылардың экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту аясында « Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің символы» , «Жасыл дәріхана», «Туған ауылдың экологиясы», «Электр қауіпсіздігі», «Дәрілік өсімдіктер», «Қоршаған ортаны қорғау және алдын алу жолдары», «Қоршаған ортаның ластануы және оның адам денсаулығына әсері», «Табиғатты қорғау- қасиетті іс», «Тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату», «Біз өмір сүріп жатқан ауыл-экологиялық мәселелер» Көгалдандыру және абаттандыру бойынша . "Жасыл ел" қозғалысы шеңберінде жасыл желектерді отырғызылды..«Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай білде талап қыл!»  «Мен таңдаған мамандық»
Қыркүйек айында мектепішілік  жоспар жасалынды. Сынып жетекшілер  экология бағыты бойынша  әр айға іс-шараларын жоспарлап, ай сайын өткізіп отырды.  Экологиялық тәрбие бағытында  «Жас эколог» үйірмесі жұмыс жасайды.  Қыркүйек айында  «Экологиялық күнтізбе» іс –шараларына қатысты. Тақырыбы «Менің экологиялық бастамам»   7-сынып оқушысы Ұзақ Елнұр, қазан айында «Үйсіз жануарларға көмек» 7-сынып оқушылары Тілеукен Аяна, Қайыпбай Дәулеткелді қатысты. Жетекшісі биология пәні мұғалімі Қапалова Жадыра. 
 «Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы» тақырыбында  8-сынып оқушысы Ертай Біржан қатысты . Жетекшісі химия пәні мұғалімі Затбаева Камшат.  «Өсімдіктерді көбейту жолдары» тақырыбында 7-сынып оқушысы Нұрғожа Мұхамед қатысты. Жетекшісі Ибрагимова Қ. 
    «Жас эколог»  үйірмесінің мүшелері мектеп ауласында гүлдерді күтіп, баптауға ат салысады. Спорт алаңының шетіне жас көшеттер отырғызды. Мектепте  1-11 сыныптар арасында экологиялық тәрбиеге байланысты мынандай іс шаралар өткізілді. 1-сыныпта «Табиғат -ана не туралы айтып береді?», 3- сыныпта  «Су – тіршілік көзі», 4-сыныпта «Табиғатты сақтау-өмірді сақтау»,5-сыныпта «Табиғат қателікті кешірмейді» 6- сыныпта «Жасыл дәріхана», «Табиғат -туған үйіміз», 7-сыныпта «Экология және адам», 8-сыныпта «Планетаның биологиялық әр түрлілігі», «Табиғат кешенді қорғау», 9-сыныпта «Зиянды заттар және оның адамға әсері», «Табиғатты қорғау әр аламның міндеті», 10-сыныпта «Табиғи апаттардың болдырмаудың жолдары»,11-сыныпта  «Табиғат және біз» тақырыптарында тәрбие сағаттары  өткізіліп, видиороликтер жасалынып, интернет желілеріне салынып отырылды. 

 
 
6.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Интеллектуалды мәдениетті дамыту мақсатында мектептің қабілетті оқушыларымен арнайы жұмыс жоспары құрылып,  жұмыс жасайды. Мектеп шәкірттері оқушы зияткерлігін анықтайтын ұшқыр ой алаңы «Әділет» дебат клубының мүшелері   интеллектуалды байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленді. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін көшбасшылық қасиетін және дарындылығын, сондай -ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру мақсатында қазан айында «Электронды темекі зияны»   аудандық“ Салауатты өмір салтын сақтаймыз”  тақырыбында Ертай Біржан жоба қорғап жүлделі 3 -орынға ие болды. Өнер мен шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында оқушыларды мектепшілік іс –шараларға қатыстыру барысында көптеген жетістіктерге жетті . Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 91 жылдығына орай «Мұқағали оқулары» байқауында Таңжарыққызы Нұрай ІІІ орын. «Білім тарландары» интеллектуалдық ойынында  Рахымбай Сабина, Таңжарыққызы Нұрай  ІІ орын алды. «Жаңа Қазақстандағы жаңа мамандықтар» 9-11сынып оқушылармен Мектеп психологы мен сынып жетекшілер дөңгелек стол өткізді.   Ел Тәуелсіздігінің  30 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған аймақтық мәнерлеп оқу сайысында  Абиева Арай бас жүлдені жеңіп алып, аудандық сайысқа қатысуға жолдама алды.Сондай-ақ Ертай Біржан "Балдауден-2021" сауықтыру лагеріне барып жүлдемен оралды.
7.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;
Эстетикалық тәрбие беру мақсатында   сынып оқушыларына тақырыптық тәрбие сағаттары өткізіліп, мектеп формасының сақталуы,оқушылардың талғаммен киінуі басты назарда ұсталынады.
1-11-сыныптарда «Кел, жаңа жыл, жаңа жыл !» атты  тәрбие  сағаттары   өткізілді . Аудан әкімінің шыршасына мектептегі тұрмысы төмен,көпбалалы отбасынан 4-сынып оқушысы Нұрыш Мадинаға қыстық куртка,спорттық киім,бас киім мен мектеп сумкасы,тәттілер және ойыншық берілді.Мектепте шаруа қожалықтарының демеушілігімен үйде оқитын 1 оқушыға,тұрмысы төмен 3 оқушыға сыйлықтар мен тәттілер берілді. Сынып оқушыларына жаңа жыл мерекесі  сынып бөлмесінде   ұйымдастырылды. Оқушыларды әсемдікке баулу, оларға эстетикалық тәрбие беру, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, қолөнерге баулуда   жұмсақ ойыншық жасау техникасы үйретіліп, қабырға газеті шығарылды.
«Қонақ күте білеміз бе?», «Әдеп ережесі», «Үлкенге құрмет,кішіге міндет», «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» тақырыптарында тәрбие сағаттары, «Тапқыр достар» интеллектуалдық ойыны өткізілді. «Бабадан қалған ұлы мұра», Даңқ мұражайына біркүндік саяхатқа барды.
 
 
8. Салауатты өмір салты
Салауатты өмір салты, дене дамуы және экологиялық денсаулық сақтау дағдылары қалыптастыруға арналған наркобекет жұмыс жоспары құрылып, бекітледі. Жасөспірімдерді ішімдікке және есірткіге қарсы алдын-алу жұмыстары бойынша  «Темекі шегу, алкоголизм, нашақорлық, токсикоманияның жас организмге зияны», тақырыбында әңгіме, «Темекіге қарсы күрес» күні ашық микрофон, 1-желтоқсан СПИД-ке қарсы күрес күні «СПИД-адамзат қасіреті» айлық өткізіледі.   
Салауатты өмір салтын насихаттау барысында   оқушылар көптеген іс –шараларға қатысты 
« Тұңғыш Президент күніне орай» ұйымдастырылған теннис жарысында Рахымбай Сабина бас жүлдеге ие болды. 
      Әз – Наурыз мерекесіне орай, аудандық мектептер арасында өткен        сайыста жеңіл атлетикадан ІІ орын иеленді
"Салауатты өмір салтын сақтаймыз! атты байқауға  сынып оқушысы Ертай Біржан  өз жобасымен қатысып, жүлделі  ІІІ  дәрежелі дипломымен марапатталды.
Тәрбие жұмысына SWOT талдау
S 
1Бағыты: жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
 Мақсаты: Отанға ұтымды және эмоционалды қарым-қатынасы, мемлекет пен қоғамның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұратын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын заңдарын меңгеру және сақтау қажеттілігі бар патриот пен азаматты қалыптастыру.
1 қыркүйек күні    2-11 сыныптарда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  «Тәуелсіздік жетістіктері» атты Білім күніне арналған бірыңғай ашық сынып сағаттары өткізілсе, 1-сынып оқушыларына  «Кел,балалар, оқылық!» тақырыбында салтанатты жиын ұйымдастырылды.  
«Жас қыран» (1-4-сыныптар), «Жасұлан» (5-10-сыныптар), «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының қызметін ұйымдастырылып жұмыстар жоспар негізінде жүргізілді.
20 қараша айы мен 20 желтоқсан аралығында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына жоспар құрылып жоспарға сай мынандай жұмыстар атқарылды. 1-4 сыныптар «Зерде» бірлестігі «Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. Мұрагер» жастар ұйымы 9-11 сынып оқушыларымен «Біз тәуелсіз елдің ұландары» флешмоб ұйымдастырды.
Оқу жылының басындағы педагогикалық кеңесте құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің құрамы бекітіліп, іс-шара жоспары жасалған.Әр айдың соңғы аптасында құқықтық кеңестің отырысында кезекті мәселелер қаралып отырады.Айына бір рет сыныптарда құқықтық сабақтар өткізіледі.
Мектеп оқушыларын сыныптан тыс үйірмелерге қамтып, бос уақыттарын тиімді пайдалану   барысында  волейбол, футбол, шебер қолдар, «Ойна,домбыра!», «Шахмат-шашки»   үйірмелері, «Полицияның жас көмекшілері», «Жас Сарбаз», «Әділет» дебат клубтары жұмыс  жүргізіп  отырады.
2.Рухани-адамгершілік тәрбие
 «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасымен тығыз байланыста жұмыс жүргізіледі.
Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар!» атты мерекелік кеш жоғары деңгейде өткізілді.
3.Ұлттық тәрбие 
«Қазақстан киелі жерлері», «Ұлттық тәрбие ұлағат көзі» тәрбие сағаттары өткізілді. 8-наурыз –халықаралық әйелдер күніне орай   «Сұлулық әлемді құтқарады» атты поэтикалық кеш, «Қыз тәрбиесі – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында медбикемен Туебаева Айнұр кездесу, Қыздар кеңесінің төрайымы Г Кашканова  «Қыз –өмірдің қызғалдағы» Қыз сыны -2022 байқауы Мектеп әкімшілігі педагог-ұйымдастырушы  К Затбаеваның ұйымдастыруымен  22-наурыз – Ұлыстың ұлы күні «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» «Қазағымның дәстүрлері-ай»  атты мерекелік іс-шара өткізді.
4.Отбасы тәрбиесі
 Отбасылық тәрбиеге байланысты ата –аналармен жоспарға сай кездесулер, жиналыстар өткізілді. «Отбасы – мектеп» жобасы негізінде  жұмыс жүргізіледі. "Әке-ер,ана-жігер бір үйде екі кемеңгер" деген халық даналығын қолдана отырып," Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы", "Отан отбасынан басталады" тақырыптарында іс-шаралар өткізілді.
Аудан көлемінде «Парасатты отбасы» байқауы ұйымдастырылды.Байқауға 1-11-сынып оқушылары отбасыларымен 11 отбасы қатысты. Нәтижесінде 10-сынып оқушысы Ауезбек Жанелдің өз отбасы туралы түсірген видеоролигі үздік деп танылып, аудандық байқауға жолдама алды.
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
 Қыркүйек айында мектепішілік  жоспар жасалынды. Сынып жетекшілер  экология бағыты бойынша  әр айға іс-шараларын жоспарлап, ай сайын өткізіп отырды.   Экологиялық тәрбие бағытында  «Жас эколог» үйірмесі жұмыс жасайды. «Табиғат және біз» тақырыптарында тәрбие сағаттары  өткізіліп, видиороликтер жасалынып, интернет желілеріне салынып отырылды.
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;
Оқушыларды әсемдікке баулу, оларға эстетикалық тәрбие беру, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, қолөнерге баулуда   жұмсақ ойыншық жасау техникасы үйретіліп, қабырға газеті шығарылды.
«Қонақ күте білеміз бе?», «Әдеп ережесі», «Үлкенге құрмет,кішіге міндет», «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» тақырыптарында тәрбие сағаттары, «Тапқыр достар» интеллектуалдық ойыны өткізілді. «Бабадан қалған ұлы мұра», Даңқ мұражайына біркүндік саяхатқа барды.
7. Зияткерлік тәрбие
Интеллектуалды мәдениетті дамыту мақсатында мектептің қабілетті оқушыларымен арнайы жұмыс жоспары құрылып,  жұмыс жасайды. Мектеп шәкірттері оқушы зияткерлігін анықтайтын ұшқыр ой алаңы «Әділет» дебат клубының мүшелері   интеллектуалды байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленді.
8. Дене тәрбиесі
Салауатты өмір салты, дене дамуы және экологиялық денсаулық сақтау дағдылары қалыптастыруға арналған наркобекет жұмыс жоспары құрылып, бекітледі. Жасөспірімдерді ішімдікке және есірткіге қарсы алдын-алу жұмыстары бойынша  «Темекі шегу, алкоголизм, нашақорлық, токсикоманияның жас организмге зияны», тақырыбында әңгіме, «Темекіге қарсы күрес» күні ашық микрофон, 1 желтоқсан СПИД-ке қарсы күрес күні «СПИД-адамзат қасіреті» айлық өткізіледі
 
 
W 
2021-2022 оқу жылына белгіленген   жобалар ішінде «Театр сабақтары», «Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет» сынды жобалар өз мәнінде іске аспады
Ата-аналармен жүргізілген жұмыстар
1.Ата-аналардың жауапкершілігі төмендігінен мектепішілік,аудандық іс-шаралардың өтілуіне кедергі келтіреді
Аудандық, облыстық байқаулар мен жарыстарға белсенділіктері төмен.
Жастар ұйымы мүшелерінің қоғамдық шараларға толыққанды араласпауы\спорт,денсаулық/
Мектепте қоғам қайраткерлері, лауазымды тұлғалармен кездесулер ұйымдастыру іс-шаралары өз мәнінде емес.
Қиын оқушылармен жұмыс жоспарланған жұмыс негізінде өз деңгейінде емес.
O
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 5-7-сыныптар арасында «Туған елің Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты республикалық балалар оқуларының байқаудың аймақтық кезеңінен бас жүлдеге иеленіп,аудандық кезеңнен 6-сынып оқушысы Ақбүркітова Ажар облыстық байқауға қатысты. 9-сынып оқушылары Арай Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым   министрлігі  Қапшағай қаласы "Балдәурен" Республикалық оқу -сауықтыру орталығында өз мектебіндегі дебат қозғалысына қатысып белсенді мүше екенін дәлелдеп 2022 жыл "Discussion club" жас спикерлер мен дебатерлардың кездесуі"атты 2-ауысымның бағдарламасы барысында өткізілген "Құқық,Тарих, Дінтану" білгірлері зияткерлік ойынында  жүлделі  ІІ  орынға ие болды.  
2022 жыл "Discussion club" жас спикерлер мен дебатерлардың кездесуі"атты 2-ауысымның бағдарламасы барысында белсенді қатысқаны үшін ауысым премьер-министрі   ретінде  марапатталды
Ертай Біржан Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі  "Балдәурен" оқу -сауықтыру лагерінде  демалған кезінде патриоттық тәрбие беру байқауына қатысқаны үшін сертификат  және "PATRIOT"  төсбелгісін алды.
  Нурмухамед Арай  "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ұйымдастырылған  "Ұлы Жеңіске 76 жыл" тақырыбында аймақтық мәнерлеп оқу байқауында  жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. 
" Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ұйымдастырылған   "Ұлы Отан соғысы туралы   жазылған кітаптарды насихаттауға бағытталған аудандық буктрейлер байқауында  жүлделі  І орынды иеленді. 
... Фариза, Фаризажан, Фариза қыз атты Республикалық  Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған  әндерден БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР арасындағы өнер байқауы "Көркем сөз" номинациясының  І орын жүлдегері  болды.
Тәуелсіздігінің  30 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған аймақтық мәнерлеп оқу сайысында  Абиева Арай бас жүлдені жеңіп алып, аудандық сайысқа қатысуға жолдама алды.Сондай-ақ Ертай Біржан "Балдауден-2021" сауықтыру лагеріне барып жүлдемен оралды.
Аудандық волейболдан өткізілген 5-6-сыныптар арасында ұйымдастырылған турнирдан 5-6-сынып ұлдар командасы жүлделі ІІ орынға ие болды. Қоңырөлең округіндегі  аймақтық ұлттық ойындар жарысында Асық атудан 3-орын, ләңгі тебу сайысынан 2-орын, Бес тас ойынан 2 орынға ие болды. Аудандық футбол ойыны жарысынан 8-9-сыныптар арасында өткізілген жарыста жүлделі 3 орынға ие болды.Аудандық мұғалімдер арасында өткізілген спорттық ойындар жарысында мұғалімдер  теннистен 2 орын, тоғызқұмалақтан 3 орын, шахмат-дойбы ойындарынан 3 орынға ие болды.Облыстық волейбол турнирына аудандық қыздар құрама командасының мүшесі Жақсылықбай Балауса қатысып, 2 орынға ие болды. Ұшқыр ой алаңы дебат клубының мүшелері аудандық,аймақтық додаларға қатысып, 10-сынып оқушысы  Саудабай Айжұлдыз үздік спикер номинаиясына ие болды.Аудандық «Сынып жетекші-2022» байқауына қатысып, «Ізденімпаз ұстаз» номинациясына ие болды.
T 
2021-2022 оқу жылына белгіленген   жобалар ішінде «Театр сабақтары», «Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет» сынды жобаларды іске асыру мақсатында ақысыз үйірмелер ұйымдастыру.
Ата-аналармен жүргізілген жұмыстарды жандандыру
1.Ата-аналардың жауапкершілігін нығайту;
2. Мектепішілік,аудандық іс-шараларға қатысу белсенділіктерін арттыру;
3. Ата-аналарға «Ашық есік» күнін жиі ұйымдастыру «Әже», «Әке» мектебін жандандыру
4.Оқушыларды аудандық, облыстық байқаулар мен жарыстарға белсенді қатысуға жұмылдыру;
5.Жастар ұйымы мүшелерінің қоғамдық іс-шараларға  уақтылы,жоспар негізінде қатысуын қадағалау
6.Мектепте қоғам қайраткерлері, лауазымды тұлғалармен кездесулерді өз мәнінде өткізуді сынып жетекшілер мен ұйымдардың жоспарына енгізу.
7.Қиын оқушылармен жұмысты басты назарға қою.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив