Педагог-логопед Азамат Бақытұлының 2022-2023 оқу жылының бірінші жарты жылдығындағы атқарған жұмыстарының есебі » Соцжол орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог-логопед Азамат Бақытұлының 2022-2023 оқу жылының бірінші жарты жылдығындағы атқарған жұмыстарының есебі
21
сентябрь
2022

Педагог-логопед Азамат Бақытұлының 2022-2023 оқу жылының бірінші жарты жылдығындағы атқарған жұмыстарының есебі

"Ә. Бөкейхан атындағы орта мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2022 жылғы  мектептегі психологиялық- педагогикалық қолдау қызметінің педагог-логопед маманы жүргізген   жұмысына  талдауы
Мақсаты: Ауызша және жазбаша сөйлеуінде  мүкістігі бар  балаларды анықтау. Ерекше  білім беруді қажет  ететін оқушылардың дыбысты айтуында, фонематикалық  қабылдауы мен  талдауда, сөйлеуді грамматикалық дұрыс құрлымдауда, байланыстырып сөйлеуінде кемістігі бар  жағдайлардың алтын  алу    мен жою бойынша  коррекциялық жұмыс жолдарын ұйымдастыру.
Міндеті:
  • Диагностикалық тексеріс
  • әрбір баланың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету
  • Логикалық ойлауды дамыта отырып,ауызша сөйлеудің дәл және түсінікті түрде айтылу әдістемесін меңгерту
  • Сөйлеу дағдысын қалыптастыра отырып, лексика-грамматикалық тұрғыда  дұрыс қалыптасуын қадағалау
  • Сөйлеу тілінің даму кезеңін бақылауға ала отырып, назардан тыс қалдырмау
  •  Мұғалімдермен ата-аналармен өзара қарым -қатынас  жасау
  • Логопедтік көмекке жүгінетін балаларға тіл кемшілігінде ақауы бар жасөспірімдерге көмек беру;
  •  Сынып жетекшілеріне логопедтік ақпарат беру;
Ұйымдастырушылық  жұмыс:
Барлық оқушыларды дискриминациясыз және кемсітусіз білім алуда тең құқығы мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін икемді жүйе қалыптастыру
Жұмыс орнын жаңа оқу жылына дайындау, жылдық жоспар құру, ата-аналармен жұмыс жоспарын құру, сынып жетекшісімен жұмыс жоспарын құру,сабақ кестесін құру,логопедиялық көмекті қажет ететін  балаларды тіркеу журналына енгізу, оқушылардың жеке даму бағдарламасын құру,педкеңес, семинарларға, мектептің өткізетін іс-шараларына қатысу.
Мектептегі психологиялық- педагогикалық қолдау қызметінің педагог-логопеді "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" ҚР БҒМ 2022 жылғы 31-наурыздағы № 121( бұрынғы -№338 бұйрық) бұйрығын және ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 бұйрығын басшылыққа ала отырып  мектеп логопеді ретінде өз жұмысымды жүргізудемін. Әрбір азаматтың қандай да бір кемсітушіліксіз сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету   мектептегі психологиялық- педагогикалық қолдау қызметінің міндеті болып табылады. Психологиялық -педагогикалық- қолдау кеңесінің мүшелері  :  
 
Мектептің қолдау қызметінің логопедиялық сабақтарына сөйлеу тілі жалпы дамыған 1,2 деңгейдегі балалар  (кейбір жағдайларда 3 деңгейлі балалар да жіберіледі), оның ішінде фонетика-фонематикалық  бұзылыстары, жазбаша сөйлеу тілінде бұзылыстары 
( дисграфия, дислексия) бар, моторлы немесе сенсорлы алалиясы бар және тағы басқа балалар алынған. Ауызша немесе жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстары табысты оқуға кедергі келтіріп, оқу бағдарламасын меңгерудегі қиындықтардың туындауына себепкер болады. Демек,ППҚҚ-нің  педагог-логопеді ретінде  бірінші кезекте сөйлеу тілінің бұзылысы салдарынан  оқу бағдарламасын меңгере алмай отырған немесе  меңгеруде қиындықтары бар оқушыларды тізімге алдым.
ППҚҚ  педагог-логопеді ретінде оқу жылының басында және соңында логопедиялық тексеру жүргізетінімді және сөйлеу тілінің бұзылысы бар білім алушыларға  сөйлеу карталарын толтыру керектігін білемін. (ПЕДАГОГ-ЛОГОПЕД -ЖЕТІСТІКТЕР КАРТАСЫН ТОЛТЫРМАЙДЫ) 
ППҚҚ педагог -логопеді сөйлеу картасын  толтырып болған соң, білім алушының сыныбына сәйкес оқу бағдарламалары  мен оқулықтарын зерделейді. Нәтижесінде бір жартыжылдыққа ЖЕКЕ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН  құрастырады.
Жартыжылдықтан соң оқушының жетістіктері белгіленіп, бақылау динамикасы жасау жоспарлануда   
Жеке дамыту бағдарламасын құрастыруда сөйлеу тілінің 3 компоненті фонетика (дыбыс айту),лексика   (сөздік қоры) және грамматика (байланыстырып сөйлеу тілі) негізге алынады 
ППҚҚ педагог-логопедінің жеке дамыту бағдарламасы келесі бөлімдерден тұрады:
1.Сөйлеу тілінің фонетикалық-фонематикалық құрамын дамыту.Дыбысты қою, дыбыстарды машықтандыру,ұқсас дыбыстардан ажырату, дыбыстық-буындық талдауын дамыту.
2.Сөздік қорын дамыту: Сөздік қорын кеңейту, мектеп бағдарламасын меңгеру үшін барлық пәндер бойынша оқулықтардың мәтіндерінен сөздер алынды. Сөздер тізімі қосымша жасалды.
3.Грамматикалық құрлымын қалыптастыру (өзінің сөйлеуі және түсінуі ) көптік, жіктік жалғауларын, етістіктің шақтарын қолдану дағдыларын дамыту. 
4.Фразалық және байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.Сұрақ қою және сұрақтарға  жауап беру, суреттер бойынша сөйлемдер құрастыру,сюжетті   суреттер бойынша әңгіме құрастыру ,жоспар бойынша әңгіме құрастыру дағдыларын дамыту. 3-4 бөлімдер үшін әліппе, қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерінің оқу бағдарламаларынан оқу мақсаттарын қостым.
5.Оқу және жазу дағдыларын дамыту.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызыметі  мамандарының (педагог-логопед,арнайы педагог,педагог-психолог) негізгі міндеті -білім алушылардың оқу бағдарламаларын табысты меңгеруі үшін жағымды жағдай жасау болып табылады
Педагог-логопед ретінде  тілдік пәндердің оқу бағдарламаларын бейімдеуге жоспар құрып жүйелі жұмыс жүргізудемін.
Логопедтің құжаттарының тізімі
  1. Инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық негіздері
  2. Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы;
  3. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343 Заңы;
  4. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы;
  5. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 26 маусымдағы № 56-VII ҚРЗ;
  6. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы ҚР 2022 жылғы 12 қаңтардағы №4 бұйрығы;
  7. Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы ҚР 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 бұйрығы;
  8. Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы
8)ЕРЕКШЕ ОҚЫТУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІНЕ ҚАРАЙ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІК,ОРТАША МЕРЗІМДІК ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕЗІМДІК НЕГІЗДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ  (Әдістемелікұсынымдар Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  2015жыл)
9) ЕРЕКШЕ   БІЛІМ БЕРУГЕ  ҚАЖЕТТІЛІГІ  БАР  БАЛАЛАРҒА  ЖАЛПЫ  БІЛІМ  БЕРУ МЕКТЕБІНДЕ  ПСИ ХОЛОГИ ЯЛЫ Қ-ПЕДАГОГИКАЛЫ Қ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ( Әдістемелік нұсқаулық Елисеева И.Г. – педагогика ғылымының кандитаты, доцент, арнайы білім беру лабораториясының меңгерушісі  Алматы 2020) және т.б
  1. Мектепішілік бекітілген нормативтік-құқықтық құжаттар
  2. Логопед лауазымдық міндеттері;
  3. Логопед жылдық жұмыс жоспары;
  4. Ең алдымен ПМПК қорытындысы негізінде логопедтің көмегін қажет ететін оқушылар және  оқу бағдарламаларын меңгеруге кедергі жасайтын сөйлеу  тілі бұзылыстары бар 1-2 сынып  оқушылары түзете-дамыту сабақтарына алынды
  5. Логопед жұмыс уақытының циклограммасы;
  6. Логопед сабақ кестесі; Сабақ кестесі (Мектеп директорымен бекітілді)
6)Жылдық және жартыжылдық рефлексиялық есеп.
7)Кабинет паспорты
Педагогикалық-психологиялық қолдау отырысы бойынша 7 оқушы бекітілді. Логопедиялық сабаққа  қатысатын   балалар  тіркелді. Оқушылардың  сөйлеу  карталары   толтырылды.Тіл кемістігіне   байланысты  оқушыларды  топтық   және  жекелей  әдіспен   оқытуға  бөлдім.
Оқушылардың күнделікті сабаққа келуін тіркеу журналы жасалынды.
(Барлық журналдар нөмірленіп , түптеледі.Мектеп директорының қолы қойылып,мөр басылды) 
Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларды анықтау 1мен 15 қыркүйек аралығында 15 мен 30 мамыр аралығында жүргізіледі.Балалар жас ерекшеліктері және сөйлеу тілі   бұзылыстарына сәйкес топтық сабақ немесе жеке сабақтарға бөлінді.
Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалардың тізімі (Мектеп директорымен бекітілді)
Сөйлеу тілінде бұзылыстар түрі,құрылымы мен деңгейі:
Тұтықпа -2
дисграфия -4
дислексия -1
Логопунктта тіркелген балаларды қайта терең тексеру. 
Диагностика нәтижесінде жеке балаларға арналған бағдарлама құрастырылды. (1жартыжылдыққа құрастырылады)
 Жеке балаға арналған бағдарлама негізінде КТЖ жасалды. (1жартыжылдық)
Топтық сабақтардың күнтізбелік -тақырыптық жоспары. (1жартыжылдыққа құрастырылды)
Топтық және жеке сабақтардың жоспарлары 
Балалардың дәптерлері бар.
  1. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі
  2. Педагогикалық диагностика нәтижелері (сөйлеу карасы);
  3. Логопед жеке балаға арналған бағдарламасы;
  4. Негізгі пәндер бойынша жеке оқу бағдарламалары немесе бейімделген жалпы білім беру бағдарламалары;
  5. Логопед топтық немесе жеке сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары;
  6. Логопед сабақ жоспарлары (ҚМЖ);
Педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету жұмысы ұйымдастырылып, жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта ППҚК –дің жұмысы барлығымызға көптеген мүмкіндіктер беріп отыр. 28-қыркүйектен  бастап  түзету-   дамыту сабағына қатыстырылсын деген оқушылармен сабақтарымды бастадым. 
         Балалардың сөйлеу мәнерінің даму деңгейін тексеру
Балалардың сөйлеу мерзімін тексеруді өткіздім.Балалардың сөйлеу қабілеттілігінің тежелеуін бақыладым. Сөзді бейнелеп айту арқылы ойындар, жеке отырыс өткіздім. Дыбыстық айтылудың коррекциясы бойынша және дәптер жүргіздім. Үйлестірілген қимылдарын массаж арқылы дамытудамын. Жұмыстың қорытындысын есепке алу үнемі кезінде жүйелі жүргізілуде.
Фонематикалық есту қабілетін дамыту, есту қабылетін байқау,дыбыстық талдаудың қалыптасуы  бойынша да жұмыс жүргізілуде.
 Тақырыптар бойынша сөздікті жандандыру және кеңейту, анықтау, сөздікті байыту ,оқу кестеге сәйкес.
Сауаттылыққа үйрету:  сөздердің дыбысты-әріптік талдауы;  дыбыстардың нақты айтылуы мен буындарды қосып оқытудың тәсілдерін үйрету; сөйлемнің граматикалық қатарын дамыту - түсінікті, нақты-сөйлеп үйренуге тәрбиелеу, қосып оқуға,сөздердің дыбыстық талдауы, жүйелі буын құрылымын талдау.
 Дидактикалық ойындар мен жаттығулар арқылы жалпы және ұсақ моториканы дамыту. Қолдың саусақтарын жұқа дифференциялық қимылдармен ынталандыру. Саусақтар гимнастикасы, ұсақ заттармен ойын.
Жалпы оқушыларға жеке және топтық сабақтар бойынша жоспарлар құрылып, сол бойынша жұмыстар жүргізілді. баланың өзгелерден сөйлеу тіліндегі ерекшелігіне байланысты түзету дамыту жұмыстары тек бір жақты логопедтің тікелей өзіне байланысты емес, жан-жақты қолдау көрсете отырып дамытуды қажет ететін сала болғандықтан, мен әрдайым баланың ерекшелігімен  түзету дамыту жұмыстарын жүргізуде оқушының ең бірінші кезекте ата-анасымен, сынып жетекшісімен, және де жекелей пән мұғалімдерімен,мектеп психологтары және әлеуметтік педагогпен бірлесе отырып, тығыз байланыста жұмыстар жүргіздім. Әрбір оқушының сабақта, сыныбында, өзінің ортасында, сабаққа қатысуын  бақылап, мұғалімге өз тарапымнан кеңестер және ұсыныстар айттым. 
  1. Ата-аналармен жұмыс
  2. Ата-аналармен жүргізілетін жылдық жұмыс жоспары;
  3. Ата-аналарға кеңес беруді тіркеу журналы;
  4. Өткізілген жұмыстардың хаттамалары.
Бастауыш  сынып  ата –аналарымен жиналыс өткізіп, анкета  жүргізілді. 
Ата-аналар жиналысында сөз сөйлеу: «Логопункттың жұмыстың мақсаты мен міндеті» Педагогикалық білімдерді ата-аналар арасында тарату 
 Ата-аналарға жеке кеңес беру: «Ата-аналармен логопед арасында балалардың сөйлеу,артикуляциондық жаттығуларды дұрыс орындау,артикуляциондық жаттығуларды көрсету,қажет болған кезде коррекциялы ақауларды бойынша ынтымақтастық»
 Жеке – дара дәптерін жүргізу. Жеке – дара жұмысты жоспарлау
 «Қолдың саусақтырының ұсақ маторикамен дамыту арқылы тілдің коррекциясы» тақырыбына семинар сабақтарын жүргізу және ұйымдастыру 
 Қозғалыс – папкаларын дайындау, кеңестер мен мектеп дейінгі тіл дамыту бойынша ата – аналарға сауалнама Ата – аналарға балалардың тілін дұрыс тәрбиелеуге көмектесу.
Ата – ана, мұғалімдерге, арнайы мамандарға, психологтарға. Ата-аналарға әрдайым баланы дамытуға байланысты кеңестер беріп отырдым.
Мектеп мұғалімдерімен жұмыс
  1. Мұғалімдермен жүргізілетін жылдықжұмыс жоспары;
  2. Мұғалімдерге кеңес беруді тіркеу журналы;
  3. Өткізілген жұмыстардың хаттамалары.
Сынып  жетекшілермен   жиналыс өткіздім, яғни,   сыныптарында  тіл мүкістігі  бар   балаларды  анықтадым. Сынып жетекшілерді жаңа әдістемелік әдебиеттермен таныстыру (логопедия бойынша) 
Балалардың тілдік дамуының тексеру талдауын өткізу. Сынып жетекшілерін логопунктқа тіркелген балалардың тілдік сараптамасымен таныстыру Балалардың және сынып жетекшілерінің ақпараттарына еңгізу. (тілдік ақаулардың суреттерін беру) 
 «Балалардың тілдік ақауларының профилактикасы» атты тақырыпқа кеңестер дайындау. «Мектепалды даярлық тобында балалардың дыбыс айтылуының коррекциондық жұмысы» «Балалардың тілдік ақауларының профилактикасы» атты тақырыпқа кеңестер дайындау. «Мектепалды даярлық тобында балалардың дыбыс айтылуының коррекциондық жұмысы» 
  1. Өзін-өзі дамыту
  2. Біліктілікті арттыру курстарының сертификаттары;
  3. Алғыс хаттар;
  4. Мақала, авторлық бағдарлама және т.б.
1.Өз білімімді жетілдіру мақсатында 01.08-12.08.2022 жыл 80 сағат
біліктілікті арттырудың   Қазақстандық өңіраралық орталығы.
Тақырыбы:"Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы  білім беру ортасының  мазмұны"
 
 2.Халықаралық "Өрлеу -өркендеу" ғылыми -ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналы .Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, дефектологтарға, логопедтерге,психологтарға және педагог-ассистенттерге арналған
Тақырыбы: "Инклюзивті білім беру: орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту"
Логопедтердің қалалақ секция жұмыстарына қатысу Педагогикалық шеберлігін жоғарлату семинарларға қатысу жоспар бойынша
Логопедтің кабинетіндегі ақпараттық бұрыштаманы безендіру .
 Пед.сағат семинарлардың жұмыстарына қатысу
1.Сөздікті байыту және жандандыру, нақтылау бойынша материалдарды (пәндік суреттер).  Логопед кабинетін жаңарту Лайықты атрибуттарды дайындап іріктеу .
2.Тіл айқастыруын дамыту бойынша материалдарды сәйкестендіру (сюжеттік суреттер) Кабинетке көрнекі-құрал жабдықтармен толықтырулар енгізу (барлық мерзім бойынша)
3 Дыбыстарды айту коррекциялары бойынша мәліметтерді жинауды жалғастыру (ойыншықтар, дидактикалық ойындар әр қашан) 
 4 Әдістемелік әдебиеттерді толықтыру (сондай-ақ баспа орындармен) Әр қашан
SWOTталдау
Мықты жақтарыӘлсіз тұстары
1. Инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық негіздерін басшылыққа алуым
2. Өзін-өзі дамытуды басты назарда ұстап, жүйелі стандартқа сай жұмыс жүгізуім. 
3.Балалармен түзету-дамыту сабақтары, дыбыстарды қою және машықтандыру, сөйлеу тілінің лексика –грамматикалық құрылымын және т.б. қалыптастыру бойынша оқушылармен  жұмыс жоспарға сәйкес жеке дамыту бағдарламасы бойынша сабақтар жүргізілуде.
3.Балалармен түзету жұмыстары жүргізіліп, жаттығулар, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерімен саусақ жаттығулары жасалынуда.
Сонымен қатар айта алмайтын дыбыстарына байланысты әр түрлі артикуляциялық жаттығулар жасалынып, айта алмайтын дыбыстар қойылуда.
Материалдық базамыздың жетіспеуі.
Ата –ананың логопед сабағына немқұрайлы қарауы. 
Логопедиялық пункт жұмысын бастағаныма аз уақыт болғандықтан нәтиже әлі байқалмады.
Оқу және жазу  бұзылысы бар оқушылармен жұмыстарды жандандыру келесі жарты жылдықта жалғасады.
МүмкіндіктерҚауіп жақтары
Сынып жетекші, ата –ана , оқушылар осы үштік одақ  тығыз байланыста. Сынып  жетекші,     ата-ана, пән мұғалімдерінің көмегімен     кейбір оқушылар жақсы нәтижеге жетті. Балалар мектеп ішілік іс-шараларға, сайыстарға қатысып өздерін басқа қырынан көрсетіп,белсенділік танытты.
 Ата-ана, оқушы арасындағы жұмысты жандандыру мақсатында логопед мамандығының пайдасы мен тимділігі жайлы мәліметтер беруге     мүмкіндіктеріміз бар.
 Желілік қоғамдастық жұмысын жандандыруға мүмкіндігіміз бар.
Логопедиялық сабаққа ата –ананың немқұрайлы қарауы. Сабаққа уақытылы жібермеуі. Үйге берген тапсырманы қадағаламауы.
1. Оқушылардың бос уақытын қалай өткізетіндігін толық бақылау жасай алмаймыз.
2.Кей кезде үйге берілген тапсырмалар ата-ананың қадағалауынсыз орындамай келуі.
Педагог-логопед Абдиманап Азамат Бақытұлы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив